11 жастағы бала кішкентай қызды педофилден құтқарып қалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Кішкентай қызды педофилден құтқарып қалған 11 жастағы Ақжол Сансызбай «Батыс» өңірлік қолбасшылығының офицері, запастағы подполковник Нұрмахан Нұрмановтың ұлы болып шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқиға 27 тамызда шамамен сағат 15.30-да болған. Серуендеп жүрген бала үлкен ер азаматтың кішкентай қызды құрылыс алаңына сүйреп бара жатқанын көрген. Ақжол шошып қалғанына қарамастан, оқиғаға басқа үлкендердің назарын аударып үлгерді.

Қаскүнем 15 минуттан кейін ұстады. Ол 1995 жылғы Ақтөбе қаласының тумасы болып шықты. Қазір ол уақытша тергеу оқшаулағышына қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 124-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақжол Сансызбай 29 тамыз күні Маңғыстау облысының ішкі істер департаментіне шақыртылып, оған салтанатты жағдайда құрмет грамотасы, ноутбук және ерлігі үшін ерекшелеу белгісі табысталды.

«Ақжол кішкентай кезінен белсенді, қайырымды әрі зерек болып өсті. Алайда, мұндай ерлікті мен өз ұлымнан күткен жоқпын», - деді Ақжолдың әкесі Нұрмахан Нұрманов.

Офицердің ұлы, педофилдің құрбаны бола жаздаған қыздың орнында жақындары немесе таныс адамдарының бірі болуы мүмкін екендігін айтты.

«Мен еліміздің  үлкен-кіші азаматтарының барлығын өзінің азаматтық борышын ұмытпауға шақырамын», - дейді Ақжол. 

Соңғы жаңалықтар