11 жасар Өркенді өлтірген өгей шешесі мен оның балалары сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Баланы асқан қатыгездікпен өлтіруге бұйрық берген Шәрипа Ақбердиева 25 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі сот залынан. 

Шәрипаның баласы Темір Ақбердиевті судья 23 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Айдана Ақбердиева 16 жылға, Кадыржан Гулямов 12 жылға, Руслан Муталиев 17 жылға сотталды.

Естеріңізге сала кетсек, Өркен Азаматұлының жоғалып кеткендігі туралы оның әжесі полицияға 19 қаңтарда шағым түсірген. Кейін баланың денесі Наурызбай ауданындағы саяжайлардың бірінен табылды. Жедел іздестіру шарасынан кейін қылмысқа қатысы бар деген 5 адам 21 қаңтарда қолға түсті.

Ресми өкілдің мәлімдеуінше, бұл істі марқұмның өгей анасы сыбайластарымен бірге жоспарлапты.

Соңғы жаңалықтар