11 жасар балаға көлігін жүргізуге берген азамат айыппұл төлейді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Ішкі істер басқармасы 11 жастағы баласына көлікті басқаруға берген азаматты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, жақында «Алматы-Қапшағай» тасжолы бойында жасөспірім баланың автокөлікті жүргізіп бара жатқан видеосы әлеуметтік желіге таралған болатын.

«Осыған орай жүргізілген арнайы шаралар барысында «Лада гранта» автокөлігінің иесі анықталды. Ол Іле ауданының 41 жастағы тұрғыны болып шықты. 22 сәуірде жарияланған видеода «Алматы-Қапшағай» тас жолында аталған автокөліктің рулінде 11 жастағы баланың отырғаны түсірілген. Автокөлік иесі рульде отырған баланың әрекеті өзінің бақылауында болғанын, бала жүргізушінің алдында отырғанын айтады. Дегенмен, автокөлік иесіне үлкен сомада айыппұл салынды», - делінген баспасөз баянында.   

Айта кетерлігі, полиция ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 5-бөлігі бойынша (көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға беру) хаттама толтырған. Ол бойынша 50 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар