11 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі11 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

АСТАНА

Сағат 9.00-де «Гранд Парк Есіл» қонақ үйінде «Қоршаған ортаға сынап пен ластаушы заттардың таралуы: ластаушы заттардың шығарылуын анықтау тәсілдері, инвентаризация және мемлекеттік тіркелімге енгізу» семинары басталады.

9.00-де «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары елордадағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады. Алғашқы нысан - «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы болмақ. Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев 2-15 жас аралығындағы мүгедек балалар тегін оңалту курсынан өте алатын «Қасиетті Жол» оңалту орталығына барады.

9.30-да «Rixos President Astana Hotel» қонақ үйінде министр Қайрат Әбдірахманов қатысатын «Қазақстан Республикасындағы бизнес ахуал: Инвестициялық омбудсмен институты мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл механизмдері» атты халықаралық форум өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де «Көрме» орталығында гүл өсіру мен көгалдандыруға арналған «AstanaFloraExpo-2018» IХ халықаралық көрмесі ашылады.

11.00-де Ақордада шетел елшілері Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырады.

11.00-де Бас прокуратурада жолаушылар тасымалдау саласындағы прокуратура органдарының тексеру нәтижелеріне қатысты баспасөз мәслихаты өткізіледі.

11-00-де Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жариялануының бір жылдығына арналған ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ журналдары «Казахстан - Спектр», «Қоғам және Дәуір» арнайы басылымдарының таныстырылымы өткізіледі.

15.30-да Қазақ гуманитарлық заң университетінде (Астана қ., Қорғалжын тас жолы 8, 6-қабат, 611-кабинет) ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы көшбасшыларының студенттермен кездесуі өтеді.

16.20-да Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Халық Барысы» жобасының басталуына байланысты баспасөз мәслихаты өтеді.

19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Астана қаласының 20 жылдығына орай «Бейбітшілік және Келісім сарайы» сахнасында «Отелло» трагедиясының премьерасын ұсынады.

АЛМАТЫ

09.30-да Алматыдағы Николь соборында Астаналық және Қазақстандық митрополит Александр Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыйлығын қабылдайды және шіркеулердің біріне тапсырады.

10.00-де Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын жүзеге асыруға және насихаттауға арналған жас ғалымдар мен студенттерге арналған «Заманауи жаһандық әлем: Рухани жандану және ұлттық бірегейлікті сақтап қалу мәселесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

11.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Шет мемлекетте білім алу мүмкіндіктері және «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат тапсыру тәртібіндегі өзгерістер туралы» брифинг өтеді.

11.00-де Ботаникалық бақта «Қос астана марафоны» атты қайырымдылық акциясы өтеді.

12.00-де Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК балалар академиясында «Достық үшін футбол» халықаралық балалар әлеуметтік бағдарламасының алтыншы маусымына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

ҚОСТАНАЙ

11.00-де облыс басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен Қостанай қаласын дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтеді. Жиында Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов баяндама жасайды.

11.00-де «Мирас» мәдениет сарайында фашистік концлагерь тұтқындарын азат етудің халықаралық күніне байланысты концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл шараға бұрын фашистік концлагерьдің кәмелеттік жасқа толмаған тұтқыны болғандар мен тыл ардагерлері қатысады.

КӨКШЕТАУ

Сағат 10:30-12:30 аралығында ҚР Тұңғыш Президенті қоры және Ақмола облысы әкімдігі арасындағы серіктестік туралы меморандум шеңберінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты бағыттарын түсіндіру бойынша кездесу өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар