11 қыркүйектегі терактке байланысты Сауд Арабиясына қарсы алғашқы талап арыз берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 қыркүйек күнгі АҚШ-тағы терактіге байланысты Сауд Арабиясына алғашқы талап арыз берілді, деп хабарлады newsru.com.

Террорист-жанкештілердің Пентагонға шабуылы кезінде қаза тапқан АҚШ әскери-теңіз күштерінің офицері Патрик Данның жесірі Сауд Арабиясына талап арыз жазып, күйеуінің өліміне және жүйке жүйесінің бұзылуына әкеп соққаны үшін Корольдіктен ақшалай өтемақы талап етті. 

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Конгресі президент Барак Обаманың 2001 жылы 11 қыркүйекте болған терактіні ұйымдастыруға қатысы болуы мүмкін ел ретінде Сауд Арабиясына шағым жазуға тыйым салатын ветосын теріске шығарды. Сенаттан кейін (Жоғары палата) ветоны өкілдер палатасының заң шығарушылары да жоққа шығарды.

" 9-11 Заңы" Нью-Йорк пен Вашингтондағы террористік шабуылда қаза тапқандардың отбасына кінәлі тұлғаларды, тіпті тұтас елді сотқа беруге мүмкіндік береді. Алғашқы кезекте Сауд Арабиясы аталып отыр, себебі 11 қыркүйек күні төрт америкалық ұшақты басып алған азаматтардың басым көпшілігінің отаны осы ел болған.

Соңғы жаңалықтар