11 қаңтарда ел аумағының басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 қаңтарда атмосфералық ағындарға байланысты ел аумағының басым бөлігінде қар жауады, тұман, көктайғақ, желмен бірге бұрқасын болады, солтүстікте қатты бұрқасын болуы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар  облыстарында жел 15-20, екпіні 25, кей жерлерде 30 м/с асды, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.

Қарағанды облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с, түнде кей жерлерде 30 м/с асады, бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с аса күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын.

 Жамбыл облысында жел 15-20, екпіні 23-28, оңтүстік-батысында  желдің жылдамдығы  30 м/с асады, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.

 Оңтүстік Қазақстан облысында  жел 15-20, түнде және таңертең кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз бұрқасын күтіледі.

 Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады, жел 18-23, Жалаңашкөл ауданында 27 м/с күшейеді. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде  тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с  жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетедіі.

 Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар