11 адамға Қарағандыдағы құбырдан мұнай ұрлады деген күдік келтіріліп отыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының 11 тұрғынына «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» ЖШС мен «ҚазТрансОйл» АҚ халықаралық компанияларына тиесілі мұнай құбырларынан ұрлық жасады деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі.

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, 11 күдікті аталған компаниялардың магистральды құбырларын тескен. Олар осы тесік арқылы мұнайды сорғытатын құрал орнатып, оны мұнай тасымалдаушы көліктерге құйып алып, «қара базарда» саудаға салып жүрген.

Мұнай ұрлығы туралы жағдайды құбырларды аралап көру кезінде компаниялардың инспекторлары анықтаған. Олар заңсыз бұрғыланған жерлер туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған. Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері 11 адамды қолға түсірді. Олардың 6-уы Қарағандыдағы АК 159/1 тергеу абақтысында жатыр, 2-уі мүлкі кепілдікке қойылып, босатылса, тағы үшеуінен ешқайда шықпау туралы қолхат алып жіберілді.

Соңғы жаңалықтар