«1000 орын - көше саудасы»: Еліміздің барлық қалаларына енгізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада қала әкімі Әсет Исекешев пен «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен кәсіпкерлердің дәстүрлі конференциясы өтті, деп хабарлайды астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Кезекті «1000 орын - көше саудасы» бағдарламасын жүзеге асыру блокчейн жүйесі бойынша мамыр айында өтеді. Бұл өз кезегінде адами факторды барынша қысқартып, орындарды ашық түрде бөлуге септігін тигізеді. Бұл туралы конференция барысында қала әкімі Ә. Исекешев айтты.

«1000 орын - көше саудасы» бағдарламасы бойынша 640 орын кәсіпкерлерге берілді. Осы жылы біз қосымша тағы 150 ірі сауда алаңын дайындадық. Мамыр айында бәссауда өтеді. Біз оны блокчейн бойынша өткіземіз, ол орындарды ашық түрде бөлуге септігін тигізеді. Қаламыздың аудандары да осы бағытта жұмыстарды бастады. Мысалы, «Сарыарқа» ауданы форум өткізеді, шағын дүкендер, дәріхана, ЖҮЗ қалыптастыру үшін ашық негізде 100-ге жуық шағын учаскелер ұсынылады», - деді әкім.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Астана қаласында бизнесті дамытуға оң өзгерістер болып жатқанын атап өтті. Ол қазіргі күнде «1000 орын - көше саудасы» бағдарламасы ел бойынша қолға алынып жатқанын айтты.

«Астанада бастау алған бастамалар барлық ел бойынша қолға алынуда. Мысалы, «1000 орын - көше саудасы» бағдарламасы тиімді жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде 650 сауда орны жаңа иесіне берілді. Бұл бағдарламаны біз ел бойынша енгізуді жоспарлап отырмыз, мұны қолдады. Үкімет арқылы сала бойынша барлық әкімдіктермен жұмыс жасаудамыз», - деді Тимур Құлыбаев.

«1000 орын - көше саудасы» бағдарламасы Астанада 2016 жылы жүзеге асырылды. Ол бірден екі мәселені шешуге көмектеседі: шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, сонымен қатар көше саудасын қазіргі заманғы стилде дамытуға сеп.

Соңғы жаңалықтар