«100 жаңа есім» жобасына Берлиндегі қазақтардан да ұсыныс келіп түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының ізімен басталған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына бүгінгі таңда әртүрлі жастағы түрлі мамандық иелерінен 1000-нан астам ұсыныс түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «SarapTime» сарапшылар клубы «Қазақстандағы 100 жаңа есім - жетістіктер тарихы» тақырыбында пікірталастық отырыс өткізді. Іс-шараға «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы Евгений Кочетов, «Бюро 100» бастамашыл тобының мүшесі Махаббат Есен, «Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметінің басшысы Қымбат Досжан, Қазақстан КВН Одағының төрағасы Есен Елеукен, сондай-ақ, сарапшылар мен журналистік қауымдастықтар, үкіметтік емес ұйымдар, ғалымдар, қоғамдық пікір мен азаматтық қоғам көшбасшылары, танымал блогерлер қатысты.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ОКҚ директоры Артур Нығметовтің отырысты аша отырып, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы  Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен әртүрлі өңірлердегі, түрлі жастағы және ұлты әртүрлі 100 нақты адамның тарихы екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол 100esim.el.kz сайтының іске қосылғандығын хабарлады. Енді тілек білдірушілердің әрқайсысы жобаға енгізуге қарау үшін өзі немесе өзінің таныстары туралы ақпаратты жолдауына болады. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына бүгінгі таңда әртүрлі жастағы түрлі мамандық иелерінен 1000-нан астам ұсыныс түсіп қойған.

Ал Евгений Кочетов жиналғандарға өтінімдерді беру тәртібін түсіндірді. Оның айтуынша, жобаға енген адам айналасындағыларды рухтандыра білуі керек. Өтінімді іріктеудің негізгі өлшемдері - Тәуелсіз Қазақстанның дамуына тұлғаның нақты қосқан үлесі болып табылады.

«100 жаңа есім» жобасы арқылы өзіміз танымайтын адамдарды біліп жатырмыз. Жалғыз Қазақстаннан емес шетелден де өтініштер келіп түсіп жатыр. Мәселен, жақында Берлиндегі қазақтардан ұсыныс келіп түсті. Көпшілік маңызды жобаға назарын бұрса деген тілек білдіргіміз келеді», - дейді Евгений Кочетов.

Соңғы жаңалықтар