100 жаңа есім: Үржарлық қазақ ертегілерін ағылшын тіліне аударды

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың тұлғалық тұрғыдан дамуына септігін тигізіп, өскелеңге үлгі ретінде ұсынылған «100 жаңа есім» жобасы былтыр жүзеге асты. Әлбетте, жастар арасында үлгіге қоятын тұлғалар еліміздің әр түкпірінде «100 есіммен» ғана шектелмесі анық. Дегенмен, тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерімен көзге түскен замандастарымызды дәріптеу, оларды күллі Қазақстанға, қала берді шетелге де таныту қажетті іс. Өйткені, Елбасы айтпақшы «олардың әрқайсысы туралы фильм түсіріп, кітап жазуға болады, өйткені адамдар олардан шабыт алады». Шығыс Қазақстан облысының 11 тұрғыны «100 жаңа есімнің» жеңімпазы атанған болатын. Ел ішінде әр түрлі салада озық шығып, еңбегімен елге танылған азаматтар көпшіліктің дауысына ие болды. Олардың ішінде белгілі ғалымдардан бастап қарапайым шаруалар, қолөнер шеберлері мен ақындар да бар. Солардың бірі - Үржар ауданындағы ағайынды Ержан мен Қуаныш Жұмабеков.  

Ағайынды жігіттердің есімі әсіресе өнер, білім саласында жүргендерге етене таныс. Өзге замандастарынан ерекшелігі ағайынды Жұмабековтер жастықтарына қарамастан, бірі ақындығымен көзге түссе, екіншісі қазақ тіліндегі туындыларды өзге тілде сөйлетіп жұртшылықтың таңдайын қақтырады. Жұмабековтер тете өскен, Ержан 1987 жылы, Қуаныш 1988 жылу туған.

null

null

Қуаныш 4 тілді еркін меңгерген аудармашы, докторант. Оның 2015 жылы Анкарадағы «Bizim Büro» баспасынан ағылшын тілінде «Let's Learn to Speak English» атты кітабы жарық көрді. Үш бөлімнен тұратын кітаптың сенсациялық жаңалығы - ағылшын грамматикасын басқа тілдерге сүйенбей, тікелей қазақ тілінде түсіндіретін алғашқы оқу құралы және қазақ ертегілерінің ағылшын тілінде ұсынылуы болды. Сонымен қатар, кітапта британдық ағылшын тілінен бөлек американдық ағылшын тілінің сөздігі де берілген.  

Ал  Ержан мектеп қабырғасында жүргенде өлең жазуды бастаған екен. 2005 жылы Семейде өткен қалалық «Наурыз нақыштары» атты жас ақындар айтысында 3-орын, 2006 жылы 2-ші орынды иемденген. 2015 жылы «Мереке» баспасынан жарық көрген Қазақ поэзиясының 10 томдық «Жыр маржаны» атты антологиясына өлеңдері енген.

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Қазақстан чемпионаты», «Аламан» айтыстарының жүлдегері. 2012 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Шексіздік шұғыласы» атты жыр жинағы жарық шыққан. 2015 жылы Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығына ие болған.

Өткен жылы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Түркия Республикасындағы Medeniyetin Burçları ұйымының қолдауымен Ыстанбұл қаласы Ezgi баспасынан «Sonsuzluk Şûlesi» атты кітабы түрік тілінде басылып шықты. Кітап Түркия Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Ыстанбұл қаласында жарық көрген.

 - Барлық адамдар секілді Президентпен кездесіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы болғанымызға қуаныштымыз. Еңбегіңнің еленіп, мемлекеттік деңгейде осындай құрметке бөленгенің мерейіңді өсіреді, әрине. Бұл біздің шабытымызға шабыт қосып, одан сайын қарымды қызмет етуімізге, жаңа идеяларымызды іске асыруымызға мұрындық болары сөзсіз. Бізге дауыс беріп, демеу көрсеткен барлық жерлестерімізге алғыс айтамыз. Бұл жеңісіміз әрі қарай талмай еңбек етуімізге жетелейді, - дейді ағайынды Ержан мен Қуаныш Жұмабековтер.
null 

Айта кетейік, Ержан 2004 жылы Абай атындағы орта мектеп-лицейін, 2008 жылы Семей қаласы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті филология факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік бітіріп, 2010 жылы осы  білім ордасының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ғылым магистрі атанған. 2016 жылдан бастап Түркия Республикасындағы Өмер Халисдемир университетінің докторанты.

Ал Қуаныш 2006 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепті бітірген соң Мұхтар Әуезов атындағы Семей университетінің грантын жеңіп, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алған. Оның грантқа ие болуы да өзгеше. Қуаныш облыстық «М.Әуезов және әлемдік мәдениет» шығармашылық сайысында 100 үміткер ішінен М.Әуезовтың 20 томын жатқа айтқаны үшін жоғары оқу орнына грантты ұтты. Университеттен соң білімін шыңдау мақсатында 2010-2011жылдар аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы UCTİ университетінде ағылшын тілін тереңдете оқыған.
null 

2012 жылы Қайнар университетін Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын-түрік) мамандығы бойынша аяқтап, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде ғылым магистрі дәрежесін алған. 2015 жылдан Түркия Республикасы, Өмер Халисдемир университетінің докторанты.

Соңғы жаңалықтар