100 оқулықтың кейінгі ұрпаққа берері мол - Шолпан Қыдырниязова

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Құнды оқулықтың кейінгі ұрпаққа берері мол. Бұл туралы тіл жанашыры, айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Шолпан Қыдырниязова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, шабандоз уақыттың шабысы мен заман талабына сай болудың жолдарын көрсеткен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асырылуы қазіргі жас ұрпақ пен елдің ертеңгі келешегі үшін тындырылып жатқан үлкен игілікті іс болды.

«Көзін кітаппен ашқан ұрпақтың өкіліміз. Мақаланы бастапқыда оқып, танысқанда, «100 жаңа кітап» қандай кітаптар, қалай аударылады? деген ойдың жылт еткені рас. Айтыс өз алдына, мен өзім мәдениет пен тіл саласында ұзақ жыл қызмет еткен адаммын. Сондықтан аударманың қаншалықты қиын сала екендігін жақсы білемін. Кезінде «Абай жолының» түпнұсқасын да, аудармасын да оқыдым. Аударманың аты аударма. Әр жаңа істің бастауында сенім мен күдік қатар тұратыны анық. Дегенмен егемен елдің ер жүректі ұл-қыздарының тынымсыз ерен еңбегі арқасында аударылатын пәндер тізімі жасақталып, алғашқы 18 кітап жарық көріп те үлгерді. Енді жастар философия, әлеуметтану, психология, экономика мен менеджмент, дінтану, лингвистика және мәдениеттану саласы бойынша жаңа оқулықтарды қолданатын болады. Жақсы іс жалғасын тауып, сапалы да құнды оқулықтар ұрпағымызды ұлы істерге бастай берсін», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Шолпан Қыдырниязова.

Соңғы жаңалықтар