100 оқулық: Кітапты екінші тілден аударсақ, оның артықшылығы жоғалады - Бөлекбаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» маңыздылығы жайлы жоба қатысушыларының бірі айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ғылыми жұмыстар бойынша проректоры, философия ғылымдарының докторы Сағади Бөлекбаев «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асырған топтың бірінде еңбек етіп келеді.

Бүгін Реми Хесстің «Философия бойынша 25 негізгі кітап: Талдау мен пікірлер» оқулығының қазақ тіліндегі нұсқасы шығарылды. Оқулықты француз тілінен Айымжан Рыскиева мен Әсет Құрамбек аударған. Ал басылымның ғылыми редакторы философия мен тілдің беделді маманы, философия ғылымдарының докторы Дәулетбек Раев болса, Сағади Бөлекбаев жауапты редакторы қызметін атқарған.

«Кітап адам мен қоғам ойының қалыптасу барысын ашады. Философия тарихын адам ойлауының даму тарихы деуге болады. Бұл контексте көптеген философтар еңбек еткен және арқайсысы өз еңбегінің нәтижесін қалдырған. Платон махаббат туралы айтса, Аристотель - саясат пен этика, ал Кант бақыт нұрына бөленген Августин мен дінді тануға өз септігін тигізсе, Карл Маркс идеологияны зерттеген. Адамның ойы мен философияның дамуына бұл саланың әрбір көрнекті азаматы өз үлесін қалдырып кеткен», - дейді Сағади Бөлекбаев.

«Көне философиядан алып мұра қалған. Олардың басым бөлігі орыс не өзге тілдерде сақталған. Сол себепті студенттердің оны толық оқып, үйренуіне мүмкіндік жоқтың қасы. Аударылған кітаптың көмегімен студенттер адам ойының эфолюциясына және философиялық ойлардың дамуына қысқа да нұсқа шолу жасауға мүмкіндік алады», - дейді ол.

Оның айтуынша, ЖОО студенттері философия, сана, руханият салаларындағы қызық әрі маңызды жаңалық ашу үшін өзге тілден аударуға еш уақыт жұмсамай, қол жеткізе алады. Оған қоса, философия бойынша қазақ тіліндегі оқулықтар бүгінде тапшы.

«Әрине, оқулықтардың орыс тіліндегі нұсқалары бар. Бірақ оны екінші тілден аударсақ, кітаптың мағынасы, ерекшелігі мен артықшылығы жоғалады», - дейді философия ғылымдарының докторы.

Оның айтуынша, оқулық философия сабақтарында қолданылмақ. Сонымен қатар, аймақтану және саясаттану сынды гуманитарлық салаларды қамтиды.

Оқулық таралымы - 10 мың. Сондай-ақ, оның электронды нұсқасы да қолданылуға берілмек. Ал ЖОО-да оқулық 1 қыркүйектен қолданылуға беріледі.

Авторы: Альберт АХМЕТОВ

Соңғы жаңалықтар