«100 оқулық» ел игілігі жолындағы бірегей жоба - саяси ғылымдар кандидаты Насымов

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бүгінгі буынның ойтанымын кеңейтіп, іргелі істердің ілгері басуына өз септігін тигізеді. Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университеті жанындағы ғылыми-зерттеу институтының директоры, саяси ғылымдар кандидаты Мұрат Насымов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Оның айтуынша, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жастар үшін кемел келешекке негіз қалаған оң бастама деп санауға толық негіз бар.

«Әлемнің бүгінгі деміне үңіліп көрсек, білімді мыңды жығатын кезеңнің келгенін айқын аңғартып отыр. Қай саланы алып қарасаңыз да, осындай тыныс-тіршілік талабын түсінуге болады. Біздің Қазақстан мемлекеті тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап дүниежүзіндегі озық елдердің қатарына қосылуға барынша күш салып келеді. Бүгінгі таңда бұл бағытта қол жеткен табыстарымыз көп. Бұл орайда ғылым саласының алатын орны айрықша», - дейді Мұрат Насымов.

Оның айтуынша, жүйелі білім алуға негіз болатын жаңа оқулықтар - «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы бүгінгі буын өкілдерінің болашағы үшін қолға алынған бірегей жоба.

«Алқалы жиын барысында Елбасы мұндай кешенді бағдарламаның жүзеге асуы әлем елдерінде сирек кездесетініне назар аударды. Болашағының баянды болуын мақсат тұтқан Қазақстан осы бағытта орайлы істі қолға алып отыр. Айта кетерлігі, бүгінде халық тарапынан қызу қолдау тапқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы - бүгінгі буын өкілдерінің болашағы үшін қолға алынған бірегей жоба. Ұлан-ғайыр атырапта орын тепкен Ұлы Дала елінде ұрпағымыз ұлық тұтар қастерлі орындар, тарихи мекендер, еңселі ескерткіштер бар. Қаншама дәуірлердің ізі қалған байтақ даламыздың ұлы қасиеттерін сезініп өскен бүгінгі ұрпақ енді сол туған елдің туын биікте ұстау жолында тынымсыз тер төгуі тиіс»,  - дейді Мұрат Насымов.

Әділет ҚАҢТАРБАЕВ

Соңғы жаңалықтар