100 оқулық: Әлемдік стандартты еліміздің білім беру саласына енгіземіз - Князь Мирзоев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Филология ғылымдарының докторы, ҚР Қоғамдық ғылымдар академиясы мен Халықаралық ғылымдар академиясы жоғарғы мектебінің академигі, профессор Князь Мирзоев «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының маңыздылығы жайлы әңгімелеп берді, - деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.

Князь Мирзоевтің айтуынша, Қазақстанның білім беру саласы жыл өткен сайын дамудың жаңа белесін бағындырып келеді.

«Президенттің әлемдегі үздік оқулықтарды мемлекеттік тілге тәржімалау туралы идеясы қазақ тілінде құнды мағлұмат алу мүмкіндігін береді. Мемлекеттік тілдегі әлемнің үздік оқулықтарын пайдалана отырып, лекция өту біздің ғалымдарымыз бен ұстаздарымыз үшін үлкен мәртебе. Енді оларға өзге тілден мәлімет аударудың қажеті жоқ. Осылай, бағдарламаның арқасында, әлемдік стандартты еліміздің білім беру саласына енгіземіз»,- дейді Князь Мирзоев.

Академиктің айтуынша, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы оқушылар мен студенттерге әлемнің үздік оқулықтарының көмегімен білім алып қана қоймай, әртүрлі ғылым салаларында жан-жақты білімін нығайтуға септігін тигізеді.

«Ғалымдар оқулықты басылымға дайындау кезінде ерен еңбек етті. «100 жаңа оқулық» жобасы аудармашылар мектебін тіктеп, саланың дамуына жаңа импульс береріне сенемін. Ал жобаның өзі қоғамдық ғылымды дамыту аясында жұмыс істейді. Бағдарлама қазақстандықтардың жаңа рухани құндылықтарының жаңғыруына бағытталып, кез келген талап мен қатерге дайын болуға дайындайды», - дейді Князь Мирзоев.

Сондай-ақ, ол осы сынды жобалардың заманауи мультимедиалық қолдаумен жүзеге асырылуы төл мәліметке қазақ тілінде шексіз қол жеткізіп, дамыған елдердің деңгейіне жетуге мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.

Авторы: Альберт Ахметов 

Соңғы жаңалықтар