10 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев жазасын қайда өтейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Азамат Базылбеков 10 жылға сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын қай түзеу мекемесінде өтейтіні туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Астанадағы максималды қауіпсіздіктегі бірден-бір колония - 166/10 түзеу колониясы», - деді Астанада қылмыстық-атқару жүйесі бойынша өткен қоғамдық тыңдауда журналистер сұрағына жауап берген Базылбеков.

Оның айтуынша, сотталған бұрынғы министрге ешқандай артықшылықтар берілмейді.

«Біз бұған дейінгі сабақ болғандықтан, сотталушыларға қандай да бір артықшылықтардың берілмеуін қатаң түрде бақылайтын боламыз. Рұқсат етілетін норма бойынша - оның өмір сүруіне 3,5 шаршы метрден кем емес орын, маусымдық киім, үш уақыт тамақ, медициналық көмек беріледі. Мекеме барақ типтес. Ол 50-60 орынға арналған», - деді ол.

Еске сала кетсек, 14 наурыз күні Астана қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен осы іске қатысты өзге де сотталушыларға сот үкімі шыққан болатын. Үкім бойынша Бишімбаев 10 жылға сотталды.

 

Соңғы жаңалықтар