10 жыл бұрын Вашингтонда Қазақстанның Тәуелсіздік монументі ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігіне арналған мәдени-архитектуралық ескерткіштер Астанада, Алматыда, облыс орталықтары мен басқа да елді мекендерімізде орнатылған. Ал қастерлі тәуелсіздігімізге арналған сондай сәулет өнері туындысы шетелде де ашылғанын көпшілік біле бермес, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі Фейсбуктегі парақшасында.

«Осыдан тура он жыл бұрын, 2006 жылғы 28 қыркүйекте, Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапары аясында Вашингтон қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік монументінің ресми ашылу рәсіміне қатысты», делінген жазбада.

Сонда Елбасы: «Қазақстан мен АҚШ тарихында бүгін ерекше бір көңіл толқытатын күн. Тұңғыш рет біз Қазақстанның Тәуелсіздік монументін шет елде ашып отырмыз. Егемен Қазақстанның символына айналған осы ескерткіштің АҚШ астанасында бой көтергенін мақтан тұтамыз. Халқымыздың еркіндік пен тәуелсіздікке ұмтылысын сипаттайтын осы тамаша ескерткіш Қазақстан мен АҚШ-ты берік достық, ортақ құндылықтарға негізделген стратегиялық әріптестік біріктіретінін білдіріп тұратын болады», - деген еді.

Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Президентінің Вашингтонда Тәуелсіздік монументін ашқан сол сәтінен түсірілген фотосуретті оқиғаның онжылдығына орай Фейсбук пайдаланушыларының назарына ұсынды.

 

Соңғы жаңалықтар