10 млн қазақстандық үшін медициналық сақтандыру жарнасын мемлекет төлейді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 10 млн қазақстандық үшін медициналық сақтандыру қорына жарнаны мемлекет төлейтін болады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» агенттігі ШҚО-ның ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

«Медициналық сақтандыруға барлық 18 миллион қазақстандық ілігеді. Ол нәрестелерден бастап егде адамдарға дейін әр адамды қамтиды. Бұл ретте, мемлекет экономикалық жағдайы төмен халық үшін жарнаны өзі жүзеге асырады. Бұл 14 түрлі санаттағы 10 млн 30 мың адам. Оның ішіне 18 жасқа дейінгі балалар  да енді. Қалған  7 млн.-нан астам адам - сақтандыру жарнасын өздері төлей алатын жұмыс істеуге қабілетті халық.  Олардың дені жұмыс берушілер», - деп түсіндірді өңірдің диагностикалық орталығында семинарда  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі республикалық штабтың үйлестірушісі Зәуреш Балкенова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда  мемлекет, жұмыс беруші, әр адамның жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілуде.  МӘМС аясында сақтандырылған азаматтарға дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілумен амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық медициналық жәрдем, жоғары технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақмерзімді медбикелік күтім көрсетіледі. Медициналық көмек көлемі қорға аударылатын жарна сомасына тәуелді болмайды. Тек бұл аударымның тұрақты жүргізіліп тұрғаны маңызды.

 

Соңғы жаңалықтар