10 миллион тұрғыны бар қаланың көлік жүйесі және бензинсіз болашақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Жыл сайын түрлі әлемдік компаниялар қалалық көлік жүйесінің түйткілді проблемаларын шешу үшін көптеген технологияларды әзірлеп жатады. Осы ретте ҚазАқпарат  тілшісі 10 миллион тұрғыны бар қалада көлік бейберекетсіздігіне қалай жол бермеу болатындығын және болашақ мегаполистің автомобилі қандай болуы тиістігін білуге тырысқан еді.



Мәдениет, спорт және туризм министрлігі жанындағы Корей мәдени-ақпараттық қызметі ұйымдастырған медиатур аясында Ресей, Өзбекстан және Моңғолия журналистерімен бірге ҚазқАқпарат  тілшісі де Сеул әкімдігі жанындағы Көлік жүйесін басқару жөніндегі ақпараттық орталықта (TOPIS) болып қайтқан болатын.

Орталық өкілі Янг  Ёнгу (YounGye Yang) бізді құрышпен қапталған бірнеше есіктен өткізіп, бункерге алып келді. «Бұл есіктер іс жүзінде құпия саналады және бұл жерде суретке түсіруге тыйым салынған. Егер де бұл есіктен сыртқа суреттер тарап кететін болса, онда менің жауап беруіме тура келеді. Қазір біз бункерге кіреміз. Химиялық шабуыл жасалған жағдайда бұл жертөледе 120 адам 40 күн бойы үздіксіз жұмыс істей алады», - деп ескертті ол қонақтарына.







Сеул көлік жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі қала билігінің негізгі басымдығы саналады. Сондықтан да жыл сайын бұл салаға бюджеттен өте көп ақша бөлінеді. Мәселен, 2016 жылы орталық 2,8 млрд доллар алды. Орын-жай құқық қорғау органдарының жедел басқару орталықтарын есе салады. Бұл жерде экранға қала көлігін, атмосфера ауасының жай-күйіне, жолдардағы кептелістерге, жекелеген көшелердегі қозғалыс жылдамдығы, сумен жабдықтау сапасына және басқа да мәселелерге қатысты ақпараттар автоматты режімде шығып тұрады. Бұл жүйенің негізі - виедобақылаудың «ақылды» камералары. Қазіргі уақытта Сеулде дәл сондай 30 мың видекамера орнатылған, оның 817-сі жолдарды бақылайды және олар барлық тұрғынға қолжетімді. Қалған камералар жеке өмірге қол сұғылмауы үшін жабық.  Дегенмен, олар полиция қызметкерлеріне үлкен көмек көрсетеді.Сеул видеокамералары адамның жүріс-тұрысына бірден әрекет жасайды. Мәселен, адам жол жиегінде құлап қалса, видеобақылау бірден дабыл қағып, ол таяу жердегі шолғыншы полиция машинасына беріледі. Олар оқиға орнына екі минуттың ішінде жетеді.

Янг Ёнгу айтуынша, барлық видеокамералар ақпаратты 30 күн бойы сақтайды. Ал камералар орнатылмаған жерлерде дрондар мен тікұшақтар қызмет көрсетеді.

«Мынау біздің TOPIS орталығымыздың басты сайты. Шынайы уақыт режімде біз жолдарда құрылыс қалай жүріп жатқанын немесе қайда және қандай жол-көлік апаты орын алғанын бақылай аламыз. Айтпақшы, апат жайындағы ақпаратты әлеуметтік желіде бөлісіп, оқиға орнының суреттерін жариялап отырамыз», - деді ол.

Жүйе көптеген көрсеткіштерді есептеп отырады. Мәселен, Сеулдің қоғамдық көліктерін қанша жолаушы пайдаланатындығын білуге болады. «Қаланың қай жерінде адамдардың көп шоғырланғанын және барынша жиі қоланылатын метро стансасын көру арқылы біз орын алып отырған проблеманы шешу үшін қажетті шараларды қабылдаймыз. Мәселен, қазіргі уақытта Сеул көшесінде 8 мың автобус жүр. Тіпті, біз аталған автобустардың жолаушылар санын да санай аламыз - 110 мың адам. Ал дәл қазіргі уақытта такси қызметін 27 мың адам пайдалуда. Бұл цифрлар минут сайын жаңарып отырады», - деді орталық өкілі.

Сеулде заңсыз көлік тұрақтарымен де «ақылды» видеокамералардың көмегімен күрес жүргізіледі. Егер көлік жол жиегіне заңсыз тұрса, онда камера 5 минут санайды да одан кейін заң бұзушылықты тіркейді. 

Бензинсіз болашақ және сымсыз зарядталатын автомобильдер

Бүгінде Сеулде үш миллионнан астам автомобиль тіркелсе, оның 27 мыңы электр энергиясымен жүреді. Бұл көліктер болашақтың ажырамас бөлігі саналады.  Оңтүстік Кореяның  KEPKO энергетикалық компаниясына барғанымызда бізге бүкіл елдің аумағында 2,3 мыңнан астам авмтомобильдерге арналған зарядтау стансасының бар екендігін, оның 300-і Сеулде орнатылғанын айтты.  Стансаларды мобильді қосымша арқылы бірден тауып алуға болады. Олардың көлігі 3,4 сағаттың ішінде, енді бірі 30 минуттың ішінде қуаттандырылады. Көлікті толықтай қуаттандыру құны шамамен мың теңгені құрайды.

«Өздеріңіз де көріп отырғандай, Кореяда электромобильдер кеңінен қолданылуда. Бұл экология мәселесімен байланысты. Қараңыздаршы, автомобиль мәселен атом электр стансасы өндірген электр энергиясымен қуатталады. Бұл дұрыс емес сияқты. Сондықтан да қазіргі уақытта электр энергиясын өндіретін арнайы автомобиль жолдарын салу жобасы жан-жақты ілгерілетілуде. Әзірше мұндай жолдар Кореяда жоқ. Бірақ, Франция мен Қытайда мұндай жоба жүзеге асырылып жатыр», - дейді Hundai Green Energy компанияы «ақылды энергетика» жобасының ғылыми қызметкері Ким Хюн Ил (Hyunil Kim).











Қорыта айтқанда мамандар, «ақылды көлік» - бұл әлемнің көптеген елдері үшін қиял-ғажап емес. Инфрақұрылымды ниет болған кезде әлемнің кез келген
түпкірінде жүзеге асыруға болады.

Соңғы жаңалықтар