10 күн хабарсыз кеткен қарағандылық бойжеткен зорлау жөнінде жалған сылтау айтып ақталған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 21 жастағы қарағандылық бойжеткен он күн хабарсыз жоғалып кеткен. Үйіне келген соң ол ата-анасынан сөз естімеу үшін белгісіз біреудің зорлағаны туралы ойдан шығарған оқиғаны айтып ақталған,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бойжеткен құрбысына хабарласып, қонақ үйде екендігін айтқан. Ол белгісіз біреудің қонақ үйге алдап алып барып, зорлағанын айтып берген. Құрбысы оны полицияға алып барған. Ол тергеушіге зардап шегуші ретінде қылмыс туралы баяндаған. Тергеу-жедел топ оны 10 күннің ішінде көрген барлық таныстарын Михайловский полиция бөліміне жеткізген. Алайда, олардың барлығы қылмысқа қатысы жоқтарын мәлімдеген. 

Зардап шегуші қосымша тергеу барысында зорлағаны туралы оқиғаны өзі ойлап тапқанын мойындаған. Тергеушінің кабинетінде жылаған ол он күнге жоғалып кеткені үшін  ата-анасынан сөз естуге қорыққанын жеткізген.

Қазіргі таңда зорлық жасау туралы қылмыстық іс тоқтатылды. 21 жастағы зардап шегуші қазір күдікті болып отыр. Оған адвокат бекітіліп, үстінен ҚР ҚК 419-бабы 2-тармағы «Көрiнеу жалған сөз жеткiзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Соңғы жаңалықтар