1 маусымда Астанада балалар автобуста тегін жүреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың қоғамдық көліктері балалар мерекесіне ашық есік күнін ұйымдастыруда, деп хабарлайды Elorda.info .

«1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар үшін қоғамдық көліктерде тегін жол жүру ұйымдастырылады», - делінген Astra Bus қосымшасының хабарламасында.

Халықаралық балаларды қорғау күні Қазақстанда жыл сайын кеңінен аталып өтіледі. Бұл мереке демалыс күні болып жарияланбаған, алайда елде түрлі іс-шаралар мен халықтық серуен өткізіледі. 

Соңғы жаңалықтар