1 қыркүйектен бастап Қытайда мобильдік роуминг тегін болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қыркүйектен бастап Қытай аумағында қалааралық қоңырауларға қосымша төлем және мобильдік байланыс роумингіне төлем жойылады, деп хабарлады Синьхуа.

Бұл туралы бейсенбіде ҚХР үш басты телекоммуникациялық операторлары - China Mobile, China Telecom және China Unicom хабарлады. Соңғы жылдары China Telecom желілік қызметтерге тарифтерді қосу және төмендету жылдамдығын арттыру бойынша жұмыс үдерісін жеделдетуде. Соңғы екі жыл ішінде кең жолақты қолжетімділік желісіне қосылу жылдамдығы 4,65 есеге артты, бұл ретте қосылуға орташа бағалар 81 пайызға азайды, бұдан басқа, мобильдік байланыс трафигіне орташа баға 57,4 процентке төмендеді.

1 қыркүйектен бастап China Telecom күллі ел бойынша қалааралық қоңырауларға қосымша төлемді және ел шегіндегі мобильдік байланыс роумингіне төлемді жояды, бұл 80 млн абонентке қатысты, деп атап өтті бейсенбіде Гуанчжоуда ашылған бейінді жәрмеңкеде China Telecom компаниясы бастығының төрағасы Ян Цзе.

Сол күні China Mobile мен China Unicom қалааралық қоңырауларға қосымша төлемді және Қытай шегінде мобильдік байланыс роумингіне төлемді жоятынын хабаралады.

Соңғы жаңалықтар