1,134 млн теңгеге бағаланатын екі елікті атқан ШҚО тұрғыны ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында заңсыз елік атқан браконьер қолға түсті. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«2017 жылдың 4 қарашасында ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Көкпекті ауданының Мариновка ауылына жақын маңда рейд жүргізген. Оның барысында заңсыз ұстап жүрген аңшы қаруымен 2 елік атып алған азаматты қолға түсірді. Мемлекетке келтірілген шығын 1 134 500 теңгені құрайды», - деп хабарлады Сәкен Ділдахмет.  

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстанда 88 364 елік бар. Заңсыз елік атқандарға ҚР ҚК 337-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған және олар 300 АЕК-ке дейінгі айыппұлмен жазаланады.

Соңғы жаңалықтар