Агенттік туралы
«Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы - бұл акциялар топтамасы 100% мемлекетке тиесілі ашық акционерлік қоғам.
«ҚазАқпарат» бұл - ең сенімді әрі нақты ақпараттық компас, ол Сіздің бизнестегі, қоғамдағы, саясаттағы, социумдағы жетістіктеріңіздің полюсына және жаһандық ақпараттық ой-санаңызға бағдарланған.
Тарих беттерінен:
«ҚазАқпарат» ұлттық компаниясы» АҚ-ы 1920 жылы РОСТА-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі негізінде құрылды.
1925 жылы - агенттік аты ҚазРОСТ болып өзгертілді.
1937 жылы - ҚазТАГ деген атпен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қарауына берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылы 10 қыркүйектегі №3629 Жарлығымен «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазААГ)» республикалық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылы 8 қарашадағы №1186 қаулысына сәйкес, ҚазААГ негізінде «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы («ҚазАқпарат» ҰК) құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылы 3 шілдедегі №668 қаулысына сәйкес, «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамының құрамына кірді.
Әр жылдары агенттіктің басшылары болғандар:
Вятич-Кириллов Аркадий Иванович - ҚазТАГ-тың бірінші басшыларының бірі, журналист
Шәріпов Қасым - жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері
Қазыбаев Кәкімжан - жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері
Ысмағұлов Жұмағали - филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
Амангелді Ахметәлімов - қоғам қайраткері; Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері
Әренов Мұрат - Парламенттің ақпараттық-сараптамалық орталығының бастамашысы және авторы
Шалахметов Ғаділбек - «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының негізін қалаушы, Халықаралық журналистика академиясының академигі
Омаров Жанай Сейітжанұлы - мемлекет және қоғам қайраткері
ҚазАқпарат - АТААҰ (Азия және Тынық мұхит елдерінің ақпарат агенттіктері ұйымы), ТААҰ (Түркі елдері ақпарат агенттіктері ұйымы) сияқты халықаралық қауымдастықтардың мүшесі.
ҚазАқпарат - РАТА-ТАСС, «Жаңалықтар» РАА, Синьхуа, Би-Би-Си, Кабар, БелТА, УкрИнформ,«НОВОСТИ - МОЛДОВА сияқты ақпарат агенттіктердің серіктесі.
Бүгінде агенттік ТМД аумағында жұмыс істейтін 527 жаңалықтар веб-сайты рейтингінде алдыңғы қатарларға шығып отыр.
«ҚазАқпарат» жаңалықтары агенттіктің - www.inform.kz, www.nkkazinform.kz, www.kazinform.kz - веб-сайттары арқылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таратылады. Сонымен қатар қазақ тіліндегі жаңалықтар латын қаріптерімен де және төте жазумен (араб қарпімен) де де беріледі. Осының арқасында шет елдерде тұратын және кирил әрпін білмейтін қандастарымыз өздерінің тарихи отандарында болып жатқан оқиғалардан хабардар болу мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар ағылшын тіліндегі сайтты пайдаланушы елдердің қатарында Венгрия, Бельгия, Франция, Түркия, Польша, Нидерланд, Украина, Қырғызстан, Жапония, Сингапур, Израиль, Австрия және тағы да басқа мемлекеттер бар.
Қазіргі уақытта ҚазАқпараттың www.foto.inform.kz, фотосайты жұмыс істейді. www.foto.inform.kz қызметінің негізгі бағыты - фотоөнімдерді дистанциялық сату.
ҚазАқпарат бүгінде On-line режимінде қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі қазақстандық және әлемдік жаңалықтардың шұғыл, обьективті және эксклюзивті таспасы.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Үкімет, Мәжіліс, аумақтық мемлекеттік органдар, ұлттық қаржылық және өнеркәсіптік құрылымдар сияқты - мемлекеттік құрылымдардың қызметі туралы толық және нақты ақпарат беріп отырады.
Қазақстанның барлық аймақтарының, Орталық Азияның және әлемдік қоғамдастықтың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің барлық салалары бойынша анық та сарапталған нақты ақпараттар береді.
«ҚазАқпарат агенттігі» жоғары билік буындарындағы тағайындаулар мен өзгертулер, Президент жарлықтары мен Үкімет қаулылары жөнінде мейлінше дәл ресми ақпарат беріп, республиканың барлық облыстарының экономикалық, мәдени ең соңғы жаңалықтарын ұсынады.
Агенттіктің орталық кеңсесі Астана қаласында орналасқан.
«ҚазАқпараттың» Алматыдағы филиалы ірі мегаполистің, еліміздің қаржы және мәдени орталығының тіршілігінен жедел ақпарат беретін тәжірибелі журналистермен қамтылған.
Қазақстан, Орталық Азия, ЕурАзЭҚ, ТМД және Балтық жағалауы елдері жаңалықтары қазақ, орыс тілдерінде, Қазақстан мен Орталық Азия жаңалықтары ағылшын тілінде жедел таратылып тұрады.
«ҚазАқпарат» Қазақстандағы ең ірі және таралымы жоғары ақпарат агенттігі болып табылады. Елдің барлық облыстарында, Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Байқоңыр, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Тараз, Талдықорған, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында меншікті тілшілері бар. Республикамызға стратегиялық маңызы бар таяу және алыс шетелдердің астаналары мен қалаларында, атап айтқанда Нью-Йорк, Мәскеу, Бейжің, Брюссель, Ташкент, Бішкек және Санкт-Петербор мен Түменде арнайы тілшілері жұмыс істейді. Агенттік шет елдердегі тілшілер желісін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.
«ҚазАқпарат» ҰК» АҚ-ның негізгі ақпараттық өнімдері, жаңалықтар таспасы, сатып алушыларға жіберілетін негізгі ақпараттық топтамалар: «Таңғы жаршы», «Ресми жаршы», «ҚазАқпарат», «Қазақстан-бизнес», «ҚазАқпарат-анонс», «ҚазАқпарат-фото» фотожаңалықтар таспасы, «Атаулы күндер. Оқиғалар, Есімдер» ақпараттық күнтізбесі.
Біздің арамызда жұмыс істейтіндер:
ӘБУОВА Қаламқас Әскерқызы - Басқарма төрағасының Ақпарат және шығармашылық жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрліктері мен ведомстволарының Құрмет грамоталарының иегері.
ІЛИЯСОВА Бағдат Әубәкірқызы -«ҚазАқпарат» ҰК» АҚ Орыс редакциясының Шеф-редакторы, КСРО, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының, аймақтық байқаулардың лауреаты, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және келісім министрлігінің Құрмет грамоталары мен алғыстарының иегері.
МҰСТАФИНА Сара Ғұбайдоллақызы - Алматы қаласындағы тілшілер қосынының жетекшісі, , ТАСС жүйесіндегі «Алтын қалам» журналистер байқауының, республикалықаралық байқаулардың лауреаты, БҰҰ Тұрғылықты халықтар қорының БАҚ арасында «Дені сау отбасы» тақырыбында өткізген халықаралық байқауының жеңімпазы.
ЖАҚСЫБЕКОВ Амангелді - аға редактор, тележурналистік байқаулардың лауреаты, республикалық «Спорт» газетінің бас редакторы қызметін атқарған, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
ҚОЖАКЕЛДИЕВ Ерлан - аға редактор, белгілі телерадиожурналист, республикалық байқаулардың лауреаты.
АБЫЛАЕВ Сайлау - аға редактор, белгілі журналист, аудармашы, баспагер, бірнеше кітаптардың авторы. Батыс Қазақстан телевидение және радио тарату комитетінде бас редактор болып қызмет атқарған, СЕЙТАҚ Ғайсағали - Орал қаласындағы меншікті тілші, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі ақын, бірнеше жыр жинақтарының авторы.
ЛИВИНЦОВА Вера - Павлодар қаласындағы меншікті тілші, халықаралық байқаулардың лауреаты.
ПАВСКИЙ Александр - Аға фототілші, Бельгия, Испания, Венгрия, Польша, Әзірбайжан елдерінде өткен халықаралық фотобайқаулардың дипломанты.
«ҚазАқпараттың» шығармашылық дәстүрін бүгінгі таңда Агенттік мақтан тұтатын төмендегі пікірлес адамдар жалғастыруда:
ТОҚАБАЕВ Қанат (Астана)
ОСПАНАЛИЕВ Айдар (Астана)
ҒАББАСОВ Руслан (Астана)
ӘЛИАКПАРОВА Гүлмира (Астана)
ЖИЕМБАЙ Марлан (Астана)
АСҚАРОВ Арман (Астана)
ЖОЛДЫБАЕВ Жасұлан (Астана)
КЕБЕКБАЙ Ерлік (Алматы)
ЖҰМАҚҰЛОВА Нәзира (Алматы)
ТОҚТАМҰРАТ Кенжекей (Астана)
СӘДУОВА Күләш (Астана)
ӘБДУОВ Тұрсынбек (Астана)
СҰЛТАНОВА Жаңагүл (Қызылорда)
СЕЙТАҚ Ғайсағали (Орал)
ТӨЛЕГЕНОВА Анаргүл (Ақтау)
НҮСІПБЕК Ризабек (Астана)
КӘКЕШ Бақытжол (Астана)
МАҚҰЛБЕКОВ Мұратбек (Астана)
ҚҰЛШЫМАНОВ Қанат (Астана)
БАЙМАНОВ Дамир (Астана)
САБЕКОВ Серік (Астана)
БИМЕНДИН Асқар (Астана)
ЖАКЕЕВ Мұрат (Астана)
ТҰРЫСБЕКОВА Айгүл (Алматы)
ХОЛДОРБЕКОВ Мұхтар (Астана)
ФЕДЮНИН Виктор (Астана)
ЫСМАҒҰЛОВ Нарымбек (Мәскеу)
СҮЛЕЙМЕНОВ Руслан (Бейжің)
РАХЫМБЕКОВ Арнұр (Бішкек)
САМАРХАН Құрмат (Ташкент)
СЫЗДЫҚОВ Димаш (Брюссель)
Берик Хамидов (Баку)
МАМЛИН Айтуар (Киев, Минск ,Кишинев)
ДЫННИКОВА Ирина (Ыстамбұл)
БЕКТҰРҒАНОВ Тимур (Вена)
ЕЛИЗАРОВА Валентина (Қарағанды)
ЕНДІБАЕВА Самал (Ақтөбе)
МАЛЬКО Людмила (Өскемен)
СКРИПНИК Галина (Тараз)
СУТЯГИН Виктор (Атырау)
НҰРҒАЛИЕВА Сара (Байқоңыр)
КИСЕЛЕВ Станислав (Қостанай)
ЛИВИНЦОВА Вера (Павлодар)
КУЗНЕЦОВ Сергей (Петропавл)
НАПОЛЬСКАЯ Татьяна (Шымкент)
ДҮЙСЕНОВА Сандуғаш (Талдықорган)
МҰХАМЕДИЯРОВА Жанар (Астана)
ИБРАГИМОВА Зылиха (Астана)
МҰСАЛАЕВА Оксана (Астана)
БУЖУМОВА Жанар (Астана)
ШАТОХИНА Елена (Астана)
ЗАРЛЫҚАНОВА Назым (Астана)
ПЕШКОВА Мария (Астана)
ИБРАГИМОВА Гүлнара (Астана)