Мерекелер және атаулы күндер I. ҚАЗАҚСТАН МЕРЕКЕЛЕРІ
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕСМИ МЕРЕКЕЛЕРІ
|
Қаңтардың 1-2-сі
|
Жаңа жыл
Мемлекеттік мейрам
Қоян жылы 2011 жылдың ақпан айының 3-нен басталып 2012 жылдың қаңтар айының 22-іне дейін созылады. 2011 жылдың ғарыштық элементі - металл, түсі - ақ. Келер жылдың басқаратын стихиясы металл болмақ.
Қоян - отбасылық жануар, ол тыныштылықтың, жемістіліктің және ұрпақтың символы. Қоян - дарынды өнер адамдарының, зиялы қауымның жылы. Қоян жылы туылған адамдар қоршағандардың сеніміне тез кіреді, және олардан жиі ақыл-кеңес сұрайды.
Қоян - ашық белгі. Осы жылы көптеген достық отырыстарды күтіңіз. Бірлескен сапарлар мен уақыт өткізулер жемісті болмақ. Қоян жылы көптеген тұрақты қарым-қатынас, келіссөздер, мәмілелер және кездесулер өтпек. Сонымен Қоян дипломат болғандықтан ол барлығымен еш қиындықсыз мәмілеге келеді, сондықтан бұл жылы барлық келеңсіз жәйттар азаяды.
|
|
Наурыздың 8-і
|
Халықаралық әйелдер күні
Мемлекеттік мейрам
Алғашқыда бұл мерекенің саяси маңызы болды. 1910 жылы Копенгагендегі әйел социалистердің халықаралық конференциясында герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша 8 наурызды Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды. Әсіресе ТМД елдерінде (бұрынғы Кеңес одағы) атап өтіледі. Барлық елдерде әйелдер бұл күнді бейбітшілік үшін күрестегі ынтымақтастық күні ретінде өткізеді.
Қазақстанда 8 наурыз - күнтізбедегі қызыл күн.
|
|
Наурыздың 22-сі
|
Наурыз мейрамы
Мемлекеттік мейрам
«Наурыз» сөзі парсының «ноу» - жаңа, «руз» - күн деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Қазақстан Наурызды мемлекеттік мереке ретінде 1999 жылдан бастап атап өтіп келді. 2008 жылдың 25 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, 2009 жылдан бастап 3 күн бойы атап өтіледі.
Қазіргі кездегі Наурыз көне дәуірдегі дәстүрлер сабақтастығын сақтап қалған - ұлттық мәдениетті қалпына келтіруде бұл «уақыт байланысының», Қазақстан тарихы мен қазіргі кезеңінің аса маңызды жалғастырушы буыны.
|
|
Мамырдың 1-і
|
Қазақстан халқының бірлігі күні
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1996 жылдан бастап атап өтіледі. 140-ден астам ұлт өкілдері тұратын Қазақстан үшін бұл мереке дәстүрлі мейрамдардың біріне айналды.
|
|
Мамырдың 9-ы
|
Жеңіс күні
Кеңестер Одағы халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні.
Ұлы Отан соғысы жеңісінің 65 жылдық мерейтойы Қазақстан мен ТМД-да ғана емес, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де кеңінен атап өтілді.
Бұл жыл сайынғы аталып өтетін мейрамның ерекше және құрметтi орыны бар.
Біздің болашағымыз үшін құрбан болған миллиондаған адамдарды еске түсіру үшін, әрбір қазақстандық бұл мерекені Отанға деген сүйіспеншілігінің нышаны ретінде атап өтеді.
|
|
Шілденің 6-сы
|
Қазақстанның Елордасы - Астана күні
1994 жылы ҚР Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға (бұрынғы Целиноград) көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы қазанның 20-ында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойылды. 1998 жылы мамырдың 6-ында Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті, бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді.
«Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заңға толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды. Заңға толықтыру енгізу жаңа мемлекеттік мерекені - «Астана күнін» орнықтыру мақсатында жасалды. Бұл мемлекеттік мереке мемлекет тәуелсіздігі мен жаңа астананың еліміздің жағрафиялық орталығына көшірілуіне байланысты Қазақстанның жаңа тарихындағы халқымыздың жасампаз жетістіктерін бейнелейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы маусымның 2-сіндегі Жарлығымен Қазақстанның жаңа астанасының таныстырылымы құрметіне «Астана» медалі бекітілді.
|
|
Тамыздың 30-ы
|
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
1995 жылғы мамырдың 30-ында бүкілреспубликалық референдумда қабылданған Конституция - еліміздің Негізгі Заңы ретінде бүкіл халықтың ерік-жігерінің айғағы, «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары».
2011 жылы Қазақстан Ресбубликасының Негізгі заңымыздың қабылдануына 16 жыл толады.
|
|
Желтоқсанның 16-17-сі
|
Қазақстан Республикасында Ұлттық мейрам - Тәуелсіздік күні 16-17 желтоқсанда аталып өтеді.
Тәуелсіздік күні
2011 жыл Қазақстанда тәуелсіздіктің 20-жылдығы шеңберінде өтеді. Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясының XVI сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
1991 жылғы желтоқсанның 16-сында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» және 25.06.2008 ж. және 22.04.2009 жылғы Заңдарымен өзгертулер енгізілген 2001 жылғы желтоқсанның 13-де «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес атап өтіледі. Республика өз бетінше ішкі-сыртқы саясатты жүргізетін, өз аумағында билікті толық иеленген тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды. Демократиялану жолындағы бағыт Қазақстанды егемен, тәуелсіз мемлекет ретінде, бүркеусіз интернационализммен ерекшеленген қазақ халқы ұлттық тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтап, өз бастамалары мен ерекшеліктерін жаңғырта алатындығын жария етуге мүмкіндік берді.
17-желтоқсан Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні
1991-інші жылы желтоқсанның 12-де Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлығымен Қазақстандағы 1986-ншы жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған адамдар ақталды. Сонымен қатар аталған Жарлықтың 4-тармағы бойынша желтоқсанның 17-і - Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні деп жарияланды.
|
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ БАСҚА ДА МЕЙРАМДАРЫ
|
Мамырдың 7-сі
|
Отан қорғаушы күні
1992 жылғы мамырдың 7-інде Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Нақ осы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштері бас штабтары бекітіліп, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қайта құрылды. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 әскери - Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округке бөлінді.
Дәстүр бойынша Отан қорғаушы күні Қазақстан Президенті (Жоғарғы Бас қолбасшы) кезекті әскери атақтар тағайындап, көзге түскен әскери қызметшілерге наградалар тапсырады.
|
|
Мамырдың 31-і
|
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Тарих өрісіне орай, біздің республикамыз миллиондаған кеңестік азаматтардың жер аударылған мекеніне айналған.
«Халық жауларын» анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген. Сол кездердегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да жапа шекті.
Осы кезең аралығында Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.
Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі - 1993 жылғы сәуірдің 14-індегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы.
|
|
Маусымның 4-і
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
1992 жылғы маусымның 4-інде тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді - бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі.
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.
Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет бейнесін паш етті. 1992-нші жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді. Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі болып табылады. 1992-нші жылы республикамыз әнұранның әні мен мәтініне конкурс жарияланды. Тұңғыш Қазақстан әнұран әнінің авторлары - Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди. 2006-ншы жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.
Бақытты тағдыры өткен ғасырдың елуінші жылдарының екінші жартысынан басталған халық арасында кең танымал патриоттық ән «Менің Қазақстаным» жаңа Әнұран негізіне айналды. Қазақстан Республикасы жаңа Мемлекеттік әнұранның авторлары - Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекеттік рәміздер күні - Қазақстандағы мүлде жаңа мейрам, әйтсе де оны қазақстандықтар асқан патриоттық сезіммен мерекелейді.
|
|
Маусымның 3-ші жексенбісі, 2011 жылғы маусымның 19-ы
|
Медицина қызметкері күні
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
|
|
Маусымның 23-і
|
Қазақстан полициясы күні
1992 жылғы маусымның 23-інде ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылы маусымның 5-інде Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен маусымның 23-ін - Полиция күні деп бекітті.
Қазақстан полициясы күні - осы жауапты қызмтетті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Сонымен қатар бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып та саналады.
|
|
Маусымның соңғы жексенбісі, 2011 жылғы маусымның 26-сі
|
Баспасөз, теледидар және радио күні - журналистика күні
2004-інші жылдан бастап маусым айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Оған дейін аталмыш күн 1990 жылдардың басында қазақстандық парламент қабылдаған алғашқы БАҚ туралы заңның құрметіне орай маусымның 28-інде атап өтілетін.
|
|
Шілденің 2-сі
|
Дипломатиялық қызмет күні
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009-ыншы жылғы шілденің 1-індегі «1998 жылғы қаңтардың 20-сындағы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына сәйкес атап өтіледі.
|
|
Шілденің 3-ші жексенбісі, 2011 жылғы шілденің 17-і
|
Металлург күні
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003-інші жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын шілденің үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
|
|
Тамыздың 1-ші жексенбісі, 2011 жылғы тамыздың 7-і
|
Көлік және байланыс қызметкерлері күні
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003-інші жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын тамыздың бірінші жексенбісінде атап өтіледі.
|
|
Тамыздың 2-ші жексенбісі, 2011 жылғы тамыздың 14-і
|
Құрылысшы күні
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003-інші жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын тамыздың екінші жексенбісінде атап өтіледі.
|
|
Тамыздың 3-ші жексенбісі, 2011 жылғы тамыздың 21-і
|
Спорт және туризм күні
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003-інші жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
|
|
Тамыздың соңғы жексенбісі, 2011 жылғы тамыздың 28-ы
|
Шахтер күні
Тамыз айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1947-інші жылғы қыркүйектің 10-ындағы Жарлығымен бекітілген.
Қазақстанның көмір өнеркәсібі еліміз экономикасының ең ірі салаларының бірі болып табылады. Көмір қоры бойынша Қазақстан әлемде 8 орынға ие, республикамыздың кенді қойнауында бүкіләлемдік қор көлемінің 4 пайызы жинақталған. Көмір өнеркәсібі ел электр энергиясының 80 пайызға жуығын қамтамасыз етіп отыр.
|
|
Қыркүйектің 1-і
|
Білім күні
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998-інші жылғы қаңтардың 20-сындағы Жарлығына сәйкес атап өтіледі.
Бұл - мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттаған балғындар үшін асыға күткен күн.
|
|
Қыркүйектің 1-ші жексенбісі, 2011 жылғы қыркүйектің 4-і
|
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998-інші жылғы қаңтардың 20-сындағы Жарлығына сәйкес қыркүйектің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003-інші жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелердің тізімі бекітілді. Осы Жарлыққа сай Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні - қыркүйек айының бірінші жексенбісі.
|
|
Қыркүйектің 3-ші жексенбісі, 2011 жылғы қыркүйектің 18-ы
|
Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003-інші жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Қазақстанда жүзден аса ұлт және ұлыс өкілдері тұрады. Әр тілдің өзіндік тарихы, басқа да тілдердің тағдырымен байланысты өз тағдыры бар. Тіл арқылы адамдар бір-бірін тауып, рухани мәдениетті, салт-дәстүрді түсінуге үйренеді.
|
|
Қыркүйектің 28-і
|
Атом саласы қызметкерлерінің күні
Қазақстан Республикасының 2001-інші жылғы желтоқсанның 13-індегі «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының 4-інші бабына сәйкес бекітілді.
Қыркүйектің 28-і - кездейсоқ күн емес. 1942-інші жылы нақ осы күні КСРО Мемлекеттік Қорғаныс комитеті «Уран бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы» жарлық шығарды және Ғылым академиясы жанында арнайы атом ядросы зертханасын құруды мақұлдады.
|
|
Қазанның 1-ші жексенбісі, 2011 жылғы қазанның 2-і
|
Мұғалім күні
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998-інші жылғы қаңтардың 20-сындағы Жарлығына сәйкес жыл сайын қазанның бірінші жексенбісінде атап өтіледі. 2003-інші жылғы қарашаның 15-інде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстанда кәсіби және басқа да мерекелердің жаңа тізімі бекітілді. Осы Жарлыққа сәйкес мұғалім күні - қазан айының бірінші жексенбісі.
Мұғалім - тек ғылымдарға үйретуші ғана емес, сондай-ақ рухани игіліктер мен адамгершілік ізгі ниеттерді оқушылар бойына сіңіруші де. Ұстаздар айрықша азаматтық парыз - жас ұрпақты тәрбиелеу міндетін атқарады. Олардың білімі мен тәжірибесі, дәстүрлер сабақтастығы мен жаңашылдығы әрбір мектептің негізі боп қаланған. 1994-інші жылы ЮНЕСКО қазанның 5-інде аталып өтетін - Дүниежүзілік Мұғалім күнін (World Teachers' Day) бекіткен.
|
|
Қарашаның 15-і
|
Ұлттық валюта күні (Қаржыгерлер күні)
Теңгенің айналымға енген күні. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997-інші жылғы қарашаның 13-дегі Жарлығымен Ұлттық валюта күні, еліміздегі қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жарияланды. Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған - Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов еді.
2006-ыншы жылы қарашаның 15-інде ұлттық валютамыздың жаңа дизайнмен әрленген 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттары айналымға шықты.
Дизайн мемлекеттік рәміздерді, еліміздің сәулет нысандары мен табиғи ландшафтарын бейнелей отырып, Қазақстанның осы заманғы бейнесін береді. Қолайлылық үшін номиналдарды сандық және жазбаша белгілеу ірі қаріптермен басылған. Нашар көретін адамдар үшін банкноттарда әр жеке номиналға тән жоғары бедерлі арнаулы элементтер пайдаланылған.
|
|
Қарашаның 3-ші жексенбісі, 2011 жылғы қарашаның 20-і
|
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003-інші жылғы қарашаның 20-дағы Жарлығына сәйкес жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
|
|
Желтоқсанның 3-ші жексенбісі, 2011 жылғы желтоқсанның 18-ы
|
Энергетик күні
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998-інші жылғы қаңтардың 20-сындағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер және атаулы күндер туралы» Жарлығына сәйкес жыл сайын желтоқсанның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. ҚР Президентінің 2003-інші жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасында жаңа кәсіби және басқа да мерекелер тізімі бекітілді. Бұл Жарлыққа сәйкес - Энергетик күні - желтоқсан айының үшінші жексенбісі.
«Энергетик күні» - бұл энергетикалық жүйелерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысы бар барлық мамандардың мерекесі. Бұл күн - сондай-ақ энергетика саласындағы жауапты орындарда бүгін де қалтқысыз қызметке жұмылған жандар мейрамы. Қорыта айтқанда, «Энергетик күні» - «жарық» пен «жылу» түсінігі жай ғана сөздер емес, олардың ғұмырының айтулы дәуіріне айналған барша білікті мамандар мерекесі...
|
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАСҚА ДА АТАУЛЫ КҮНДЕРІ
|
Наурыздың 16-ы
|
Республикалық ұланның құрылған күні (1992)
1992-інші жылғы наурыздың 16-сында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қарулы күштердің өз алдына бөлек әскери құрылымы және резерві болып құрылған Республикалық ұлан бүгінде шын мәніндегі армиямыздың таңдаулы бөлімі, үздік әрі мейлінше беделді жүйесі болып есептеледі. Республикалық ұланға Республиканың мемлекеттік билік және басқармалардың жоғарғы органдарын, Президенттің, Парламент пен Үкімет басшыларының көлік құралдарын Республика аумағында және сырт жерлерде күзету, ҚР Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету, шетел мемлекет басшыларын күтіп алу, шығарып салу кезінде, ҚР мейрамдары мен салтанаттарында жоралғылық рәсімдерді орындау, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікке әсер ететін құқық тәртібін бұзушыларды тоқтату, ҚР аумағындағы Конституцияға қарсы сипаттағы қарулы және басқа да әрекеттерді тоқтату, ҚР заңдарында көзделген тәртіпте төтенше жағдай режімі кезінде іс-шаралар жүзеге асыру міндеттелген.
|
|
Сәуірдің 2-сі
|
Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштері құрылған күн
1993-інші жылғы сәуірдің 2-сінде ҚР Президенті «Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды.
|
|
Сәуірдің бірінші жексенбісі - сәуірдің 3-і
|
Геолог күні
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылғы наурыздың 31-індегі Жарлығымен елдің минералды-шикізат қорын құруда кеңес геологтары сіңірген қызметі құрметіне орай бекітілді. Бұл Жарлықтың шығуына 1966 жылы алғашқы Батыс-Сібір мұнайлы аймағы кен орнының ашылуы түрткі болды. Геолог күні бұрынғы Кеңес одағының барлық геологиялық және өндіру мекемелерінде атап өтіледі. Геологтармен қатар бұл мерекені маркшейдерлер, қопарғыштар, шахта үңгушілері, сондай-ақ пайдалы қазбаларды іздеумен және өндірумен айналысатын басқа да адамдар өздерінің төл мерекесі деп есептейді.
Мейрамның өткізілу уақыты - сәуірдің бірінші жексенбісі - бекер таңдалмаған, өйткені қыстың аяқталғаны жазғы дала жұмыстары мен экспедицияларға даярлықтың басталуын білдіреді.
|
|
Сәуірдің 5-і
|
Көші-қон полициясы күні
1993 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасында болған өзгерістерге байланысты уақыт талабына сәйкес төлқұжаттық-визалық қызмет қайта құрылды. Соның негізінде көші-қон полициясы құрылды. Қызмет құрылымы, міндеттері өзгерді. Қазақстанға келетін шетел азаматтары санының өсуіне байланысты олардың болу тәртібін реттеу қажеттілігі туындады. Президент Жарлығы бойынша тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударушыларға айрықша көңіл бөлінді. Заңсыз көші-қонмен, Қазақстанға шетел азаматтарының келу фактілерінің бұзылуымен күресу үшін 2002 жылдың сәуір айында «Рубеж» бірыңғай бөгеу жүйесі взводы құрылды.
|
|
Сәуірдің 17-сі
|
Өртке қарсы қызмет күні
1918 жылғы сәуірдің 17-сінде Кеңес республикасы «Өртке қарсы күрес мемлекеттік шараларын ұйымдастыру туралы» Заңға қол қойды. Бұрынғы Кеңес одағының кейбір республикаларында өртке қарсы қызметті ұйымдастыру күні ретінде атап өту қабылданған. Бұл кәсіби мереке Қазақстанда да атап өтіледі.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамдар өмірі мен денсаулығын, меншігін, ұлттық байлығын сақтау мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік істің ажырамас бөлігі болып саналады.
|
|
Шілденің 13-і
|
Ұлттық қауіпсіздік комитеті күні
1992-нші жылы дәл осы күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды.
|
|
Тамыздың 18-і
|
Қазақстан Республикасы Шекара әскерінің құрылған күні
1992-інші жылғы тамыздың 18-індегі Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес Шығыс шекара округі негізінде ҚР Шекара әскері құрылды. Ауқымында елдің егемендігі мен тәуелсіздігін кең көлемді түрде жүзеге асыра алар аумағы мен шекарасы болуы мемлекеттің негізгі белгісі болып табылады. Бұл сол мемлекеттің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін Шекаралық қызметтің айрықша маңызын айқындайды.
Қазақстанның мемлекеттік шекарасы 14 мың шақырымнан астам қашықтықты алып жатыр.
|
|
Қазанның 2-сі
|
Тұңғыш ғарышкер-қазақ Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан тарихи күні
1991 жылғы қазанның 2-сінде жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 59 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан құрамында ресейлік Александр Волков, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров пен австриялық ғарышкер Франц Фибек бар «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен кеңес-австрия экипажы ұшып шықты. Қазақстан мен Австрия арасында ғарышқа жол салған бұл тарихи бастаманы Қазақ КСР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Австрия Республикасының канцлері Франц Враницкий бақылады.
|
|
Қазанның 18-і
|
Рухани келісім күні
1992-нші жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1-інші сессиясы өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады. 1992-інші жылдан бастап бұл күн Қазақстанда ұлттық мейрам ретінде атап өтіледі.
|
|
Қазанның 24-і
|
«Байқоңыр» ғарыш айлағында қаза тапқан сынақшыларды еске алу күні
1960-шы жылы осы күні М.Янгель құрастырған Р-16 жаңа континентаралық баллистикалық зымыран сынақ барысында апатқа ұшырады. Электрлік сынақ жүргізу сәтінде жанармай толтырылған зымыранның 2-інші сатыдағы қозғалтқышы жүйеге еріксіз қосылып кеткен. Соның салдарынан өршіген өрттен және жанармай газынан уланған 76 әскери қызметкер мен өнеркәсіп өкілдері опат болды. Олардың ішінде артиллерияның Бас маршалы М.Неделин, полигоннан сынақ жетекшілері полковниктер А.Носов пен Е.Осташев бар. Бүгінде олардың есімдері Байқоңыр қаласындағы көшелерге берілген. Қазанның 24-і жыл сайын «Байқоңыр» ғарыш айлағында қаза тапқан сынақшыларды еске алу күні ретінде атап өтіледі.
|
|
Қарашаның 23-і
|
Жол полициясы қызметкерлерінің күні
Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның жол тәртібін қамтамасыз ету қызметі 1992-нші жылғы қарашаның 23-інен өзінің жаңа қызметін бастады. Бұл күні ҚР Министрлер кабинеті Қазақстан Жол полициясын құру туралы Қаулыны бекітті. Бұл тек қарапайым атауын өзгерту ғана болып қойған жоқ, қызметтегі басым міндеттер де өзгерді. Қазіргі жол полицейлерінің міндеттері - қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес, жол қозғалысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар жолдарда кездесетін қылмыстық озбырлықтардан азаматтарды қорғау.
|
|
Желтоқсанның 12-сі
|
Қазақстан Республикасының Кедендік қызметі құрылған күн
1991-інші жылғы желтоқсанның 12-сінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Кеден қызметі құрылды. 1992-нші жылғы ақпанның 28-індегі №35-інші «Кедендік органдар құру туралы» бұйрықпен 12 кедендік қосынымен 6 кеден орталығы құрылды.
|
II. БҰҰ-НЫҢ АТАУЛЫ КҮНДЕРІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНДЕР, АПТАЛАР
|
Қаңтардың 27-сі
|
Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күні
2005-інші жылғы қарашаның 1-інде БҰҰ Бас Ассамблеясы 60/7 қарарын қабылдап, жыл сайын қаңтардың 27-сі Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күні болып атап өтуге қаулы қабылдады. Қарашаның 27-сі таңдап алынуының себебі, 1945-інші жылғы нақ осы күні Кеңес Армиясы ірі нацистік Освенцим-Биркенау (Польша) өлім лагерін азат еткен болатын. Бұл концлагерь жұмыс істеп тұрған уақытта мұнда 1,5 миллионнан 2,2 миллион адамға дейін қаза тапқан, дейді әртүрлі дерек көздері.
|
|
Ақпанның 4-і
|
Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні
«Халықаралық онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі одақ» (Қатерлі ісікке қарсы одақ - UICC) жариялаған. Бұл халықаралық күннің мақсаты - қатерлі ісіктің қазіргі өркениеттің ең қауіпті ауруының бірі екендігі туралы хабардарлықты арттыру, осы кеселдің алдын алуға, анықтауға және емдеуге назар аудару.
Қатерлі ісік - бүкіл әлемде өлімге әкеліп соғатын кесел саналады.
|
|
Ақпанның 20-сы
|
Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні
БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы қарарымен 2007-інші жылғы желтоқсанның 18-інде жарияланған.
Қарарда халықаралық қауымдастық кедейшілікті жою саласында, еңбекпен толық қамтамасыз етуде, лайықты жұмыс тауып беруде, ерлер мен әйелдер теңдігін сақтауда, барлық адамдар үшін әлеуметтік жайлы жағдай мен әділеттілікті іске асыруда күш-жігерді одан әрі арттыру қажеттілігі мақұлданады.
2009-ыншы жылы әлем бойынша тұңғыш рет тойланды. Дүниежүзілік әлеуметтілік әділеттілік күнін тойлауды алғаш рет Қырғыз Республикасының президенті Құрманбек Бакиев ұсынды.
|
|
Ақпанның 21-і
|
Халықаралық ана тілі күні
1999 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Бас Конференциясы 30-ыншы сессиясының шешімімен бекітілген және 2000-ыншы жылғы ақпанның 21-інен бастап тілдік және мәдени әр алуандықты қорғау мақсатында атап өтіледі.
Тіл - тек қатынас құралы ғана емес. Ол мәдениетке, табиғатқа, тарихқа, адам атаулының түп-тамыры мен оның шыққан тегін анықтауға мүмкіндік береді.
Барлық тілдерді танып-білу мен құрметтеу бейбітшілік сақтаудың кілті болып табылады. Әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі бар. Әр халықтың ерекшелігі мен салт-дәстүрлерін бейнелейтін өзіне ғана тән сөз тіркестері бар. Өз атымызды иеленгеніміз сияқты тілімізді де балалық шақтан өз бойымызға ана сүтімен сіңіреміз. Тіл сана-сезімімізді қалыптастырады, өз бойындағы мәдениетін бізге сіңіреді.
|
|
Наурыздың 8-і
|
Халықаралық әйелдер күні (Халықаралық әйелдер құқын қорғау және БҰҰ-ның халықаралық бейбітшілік күні)
1977-нші жылы Бас Ассамблея мемлекеттерге, өздерінің тарихи ұлттық салт-дәстүрлеріне сәйкес, осы жылдың кез-келген күнін Әйелдер құқын қорғау күні және Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық бейбітшілік күні деп жариялауды ұсынды. Мемлекеттер әйелдерге қатысты шеттетуді жоюға және оларды әлеуметтік даму үдерістеріне толықтай әрі тең дәрежеде қатыстыруға лайықты жағдайлар жасауға үлестерін қосуы мақұлданатыны атап көрсетілді. Бұл шешім Халықаралық әйелдер жылына (1975-інші жыл) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық әйелдер онжылдығына байланысты қабылданды.
Қазіргі кездегі Әйелдер күнінің тойлануы теңдікті бекіту мақсатын көздемейді, тек көктемнің мерейлі шағы және әйелдерге көңіл бөлу күні болып қана есептеледі.
|
|
Наурыздың 21-і
|
Дүниежүзілік Поэзия күні
ЮНЕСКО Бас конференциясының 1999 жылдың 30-ыншы сессиясында наурыздың 21-де Дүниежүзілік поэзия күнін атап өтуге шешім қабылданды. Дүниежүзілік Поэзия күні тұңғыш рет ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері орналасқан Парижде атап өтілді. «Поэзия, - делінген ЮНЕСКО шешімінде, - қазіргі заманғы адамның өткір де терең рухани мәселелеріне жауап бере алады - бірақ бұл үшін оған қоғам назарын мүмкіндігінше кеңірек аударту қажет. Сонымен қатар Дүниежүзілік Поэзия күні қазіргі ақындардың шығармалары оқырмандарына, негізінен солардың күшімен, жол тауып жатқан - шағын баспалардың, тебіреніске толы сырлы сөзбен мәңгілік дәстүрді қайта тірілтіп жүрген - әдеби клубтардың өздерін кеңінен танытуына мүмкіндік беруі тиіс».
Бұл күн поэзияның шын мәніндегі қазіргі заманғы, адамдар ашық қабылдай алар өнер ретіндегі жағымды кейпін бұқаралық ақпарат құралдарында қалыптастыруға қызмет етуі қажет.
|
|
Наурыздың 21-і
|
Халықаралық нәсілдік кемсітушілікті жою үшін күрес күні
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1966-ншы жылғы қазанның 26-сындағы XXI сессиясының шешімі бойынша атап өтіледі. 1960-ыншы жылғы осы күні Шарпевиле қаласында (Оңтүстік Африка) ОАР-да африкалықтарды міндетті түрде төлқұжаттандыру мақстаындағы апартеид режимінің заңдарына қарсы наразылық бейбіт шеруін өткізу барысында полицейлер тұрғындарға оқ атып, 69 адам қаза тапқан. 1966-ншы жылы осы күнді жария ете отырып, Бас Ассамблея халықаралық қоғамдастықты нәсілшілдік кемсітушіліктің барлық түрін жою мақсатында екі есе күш жұмылдыруға шақырды.
|
|
Наурыздың 21-і мен 27-сі аралығы
|
Нәсілшілдік пен нәсілдік кемсітушілікке қарсы күресуші халықтармен ынтымақтастық апталығы
БҰҰ Бас Ассамблеясы нәсілшілдікке және нәсілдік кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі іс-қимылдың бірінші онжылдығы бағдарламасы аясында 1979-ыншы жылғы наурыздың 21-інен (34/24 қарар) барлық мемлекеттерді нәсілшілдікке және нәсілдік кемсітушілікке қарсы күресуші халықтармен ынтымақтастық апталығын атап өтуге шақырды.
|
|
Наурыздың 22-сі
|
Дүниежүзілік су қорлары күні
1992-нші жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі конференциясында 22-ші наурыз - Дүниежүзілік су қорлары күні деп жарияланды.
Бас Ассамблеяның 1992-нші жылғы желтоқсанның 22-сіндегі 47/193 қарарымен жарияланған Дүниежүзілік су қорлары күні - таза ауыз сумен қамтамасыз етуде қолға алынып отырған нақты күш-жігер және кездесіп отырған қиыншылықтар мен олардан арылуға бастайтын шешімдер оңды нәтижелерге жетуге жәрдемін тигізетінін баршаның есіне салудың баға жетпес мүмкіндігі.
Бас Ассамблея 2003-інші жылғы желтоқсанның 23-індегі 58/217 қарарында 2005 - 2015 жылдарды - Халықаралық «Су - өмір үшін» іс-қимылдар онжылдығы деп жариялады.
|
|
Наурыздың 23-і
|
Дүниежүзілік метеорология күні
1950-інші жылы осы күні бұрынғы Халықаралық метеорология ұйымының (1873-інші жылы құрылған) ізбасары болып, Дүниежүзілік Метеорология Ұйымы (ДМҰ) құрылуына сәйкес конвенция күшіне енді. 1961-інші жылдан атап өтіледі.
Мейрам ұраны: «Ақпараттық дәуірдегі ауа райы, климат және су».
|
|
Наурыздың 24-і
|
Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) шешімі бойынша неміс микробиологы Роберт Кох туберкулез қоздырғышын ашқаны туралы жариялаған күн - Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні болып атап өтіледі. 1993-інші жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы туберкулезді ұлттық апат деп, ал наурыздың 24-ін «Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні» деп жариялады.
|
|
Наурыздың 25-сі
|
Халықаралық құлдық құрбандарын және трансатлантикалық
құл саудасын еске алу күні
Құлдықта және құлдықтан азат ету үшін күресте қаза болғандарды құрметпен еске алу мақсатында - БҰҰ Бас Ассамблеясы 2006-ншы жылғы қарашада 2007-нші жылғы наурыздың 25-інде трансатлантикалық құл саудасын жоюдың 200 жылдығын мерекелеудің Халықаралық күні ретінде атап өтуге қаулы қабылдады. 2007-нші жылдың соңында БҰҰ Бас Ассамблеясы қарар қабылдап, мемлекеттерді жыл сайын наурыздың 25-ін Халықаралық құлдық құрбандарын және трансатлантикалық құл саудасын еске алу күні тұрғысында атап өтуге шақырды.
|
|
Сәуірдің 2-сі
|
Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні
БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007-нші жылғы желтоқсанның 18-інде арнайы № A/RES/62/139 қарарымен бекіткен. 2008-інші жылдан бастап жыл сайын сәуірдің 2-сінде атап өтіледі. Бұл Бүкіләлемдік күн Катар мемлекетінің ұсынысы бойынша белгіленді, мұны БҰҰ-ның Бас Хатшысы 2008-інші жылғы жолдауында атап өтті. Бас Ассамблеяның қарарында, ең алдымен, балалардағы аутизм мәселесіне көңіл бөлінді, аутизмнен зардап шеккендер арасында балалар үлесінің жоғары болуы мазалайтыны айтылған, неғұрлым ерте диагноз қою және тиісті тексеру жүргізу атап көрсетілген.
Қарар қоғамды, оның ішінде отбасыларын, аутизмнен зардап шеккен балалар туралы хабардар ету үшін барлық шараларды қабылдауға ұсыныс береді.
|
|
Сәуірдің 4-і
|
Халықаралық мина қауіпсіздігі және минаны залалсыздандыруға қатысты іс-қимылға көмек көрсету мәселелері бойынша ағарту күні
БҰҰ бастамасымен 2006-ншы жылдан бастап атап өтіледі.
|
|
Сәуірдің 7-сі
|
Дүниежүзілік денсаулық күні
Дүниежүзілік денсаулық күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы - ДДҰ-ның 1948 жылы құрылған күнінде атап өтіледі. Сол кезден бері әлемнің екі жүзге жуық мемлекеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болған.
Денсаулық күнін жыл сайын өткізу 1950 жылдан бастап дәстүрге айналды. Бұл күн адамдардың өз өмірлерінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, бүкіл әлемде адамдар денсаулығын жақсара түсу мақсатында тиісті шешім қабылдаулары үшін өткізіледі. ДДҰ әр жылды медицинадағы аса көкейкесті мәселелердің біріне арнап отырады.
ДДҰ 2011 жылы Бүкіләлемдік денсаулық күні болашақ ұрпақтар үшін дәрілерді қорғау бойынша бүкіләлемдік науқанды өткізуге дайындалады.
2011 жылғы Бүкіләлемдік денсаулық күнінің тақырыбы - Микробтарға қарсы дәрілердің тұрақтылығы, - және ауру адамдарды емдеу үшін қолданылатын көптеген дәрілердің жаһандық таратылуы олардың сақталу тиімділігіне қауіп төндіреді, сонымен қатар, олар өлімге себепкер болған негізгі инфекцияларға қарсы күрескен түбегейлі жетістіктерді тәуекелге ұшыратады.
|
|
Сәуірдің 22-сі
|
Халықаралық Жер-Ана күні
БҰҰ Бас Ассамблеясы сәуірдің 22-інде Халықаралық Жер-Ана күні деп жариялау туралы қарарды бірауыздан мақұлдады.
Қарар Боливия ұсынысымен қабылданды. 50-ден астам БҰҰ-ға мүше-мемлекеттер оның тетеавторы болып дауыс берді. Соның ішінде Қазақстан да бар.
Бұл маңызды құжат мақсаты - қазіргі және болашақ ұрпақтардың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қажеттіліктері арасында әділетті тепе-теңдікке қол жеткізу.
Жер-Ана күнін жариялау планетамыздың және оның экологиялық жүйесінің бізді өмірмен қамтамасыз етіп отырғанын түсінгенімізді паш етіп, сондай-ақ 1992-нші жылғы Рио-де-Жанейрода өткен қоршаған орта және оны дамыту Конференциясында қабылданған міндеттерді бекіте түсті.
|
|
Сәуірдің 23-і
|
Дүниежүзілік кітаптар және автор құқығы күні
Дүниежүзілік кітаптар және автор құқығы күні 1995 жылы 15 қарашада ЮНЕСКО - ның 28 сессиясында жарияланды (Қарар №3.18).
Шешім халықтың сауатын ашу мақсатымен, мәдениетті дәстүрдің дамуын ұғындыру үшін қабылданды, және де кітап білім берудің ең үлкен құралы болып табылады, тағы да оны ең сенімді әдіспен сақтайды. Қарарда бұл күні кітап көрмелері мен жәрмеңкелердің өткізілуі әсерлі болады деп танылған..
Бұл күн 23 сәуір 1616 жылы өмірден қайтқан Мигель де Сервантес, Уильям Шекспир (Юлиан күнтізбесі бойынша), Инка Гарсиласо де ла Веганы еске алу мақсатында бекітілген. Кітаптың арқасында ең алдымен білімге, ойға рухани моральдық құндылықтарға, адамзаттың шығармашылық жетістіктерімен әсемділікті түсінуіне жол ашылады. Кітап - бұл сан алуан мәдениетті әлемнің терезесі және де әр түрлі уақыттағы өркениетпен кеңістікті жалғастырып тұратын көпір.
Дүниежүзілік кітап және автор құқығы күнін атап өте тұрып, біз кітаптың сақталуының маңыздылығына ерекше көңіл бөлуіміз керек және де әр мемлекет өз мәдениеттін арттыра түсіруі керек.
|
|
Сәуірдің 25-і
|
Бүкіләлемдік безгекке қарсы күрес күні (ДДҰ)
Безгек әлем халқының 40 пайызына қауіп төндіруде. Жыл сайын 500 миллионнан астам адам безгекпен ауырып, бір миллионнан астам адам осы кеселден көз жұмады. Ең ауыр салмақ Африканың Сахарадан әрі қарай оңтүстігіне түседі, бірақ бұл ауру адамдарды Азияда да, Латын Америкасында да, Таяу Шығыста да, тіпті Еуропаның кейбір бөлігінде де жалмайтын көрінеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы өзінің 2007-нші жылғы мамырдағы сессиясында бекіткен Бүкіләлемдік безгекке қарсы күрес күні - бұл безгекке қарсы тиімді күрес жүргізуді қамтамасыз ету бойынша жаһандық күш жұмылдыру қажеттігін мойындау күні. Бұл күні өз аумақтарында ауру тарап кеткен елдер - өз күш-жігерлерін бір-бірімен тәжірибе алмасып, бірін-бірі қолдауға жұмылдырады; жаңа донорлар - безгекке қарсы күрес жолында жаһандық әріптестікпен бірлесіп қимылдауға жұмылады.
|
|
Сәуірдің 26-сы
|
Халықаралық зияткерлік меншік күні
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Бас ассамблеясы 2000-ыншы жылғы қыркүйектегі мәжілісінде осы мерекені бекіту туралы шешім қабылдады. Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні адамның күнделікті өмірінде және қоғамды жетілдіруде инновациялардың маңызын атап өтуге мүмкіндік береді. Патенттердің, тауар белгілерінің, автор құқығы мен еншілес құқықтардың шығармашылық пен білім нәтижелері ретінде экономикалық және мәдени дамуға жәрдем жасайтын қуатты құралдар.
|
|
Сәуірдің 26-30-ы
|
Білім беру саласындағы әрекеттердің жаһандық аптасы (ЮНИСЕФ)
|
|
Сәуірдің 28-і
|
Бүкіләлемдік жұмыс орындарындағы қауіпсіздік пен денсаулық күні
Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынысымен өткізіледі. ХЕҰ мәліметтері бойынша әлемде әрбір 15 секундта жұмыстағы жазатайым оқиғалардан немесе кәсіби аурулардан 1 адам қайтыс болады, 160 адам әлдеқандай бақытсыз жағдайға душар болып жатады екен. Ал, Стандарттаудың Халықаралық Ұйымы (ИСО) стандарттарын енгізу арқылы осындай кездейсоқ жайттардың алдын алуға болады.
|
|
Сәуірдің 26-30-ы
|
ЮНИСЕФ Білім саласындағы әрекеттерінің жаһандық аптасы
|
|
Мамырдың 3-і
|
Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні
1992-інші жылдан бері БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ұйымының (ЮНЕСКО) қолдауымен Африка елдерінің тәуелсіз баспасөзі өкілдерінің ұсынысы бойынша атап өтіледі.
Мамырдың 3-і текке таңдап алынбаған, 1991-інші жылы нақ осы күні Намибияның астанасында қол қойылған, бүкіл әлем мемлекеттері үкіметтерін баспасөз бостандығы мен оның демократиялылығын қамтамасыз етуге шақырған «Виндхук декларациясының» құрметіне орай, 1993 жылғы желтоқсанның 21-індегі БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен атап өтіледі. Декларацияда кез-келген демократиялық қоғамның құрамдас бөлігін ерікті, жариялы және тәуелсіз баспасөз құрайтыны атап көрсетілген.
1986-ншы жылы қаза болған колумбиялық журналист Гильермо Кано атындағы баспасөз бостандығы ісіне қосқан үлесі үшін Бүкіләлемдік сыйлық тапсыру мерекелеудің басты шарасы болып табылады. Бұл сыйлық 1997-нші жылы тағайындалған, жеке адамдарға, ұйымдар мен мекемелерге тапсырылады. Баспасөз бостандығы күні кәсіби міндеттерін атқару үстінде қаза тапқан журналистерді еске түсіреді.
|
|
Мамырдың 8-і мен 9-ы
|
Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алуға арналған Зерде және бітістіру күндері
2004-інші жылғы қарашаның 22-інде Бас Ассамблея мамырдың 8-і мен 9-ын зерде және бітістіру күндері деп жариялап, мүше-мемлекеттердің әрқайсысы өз жеңіс күні, азат етілген күні және мереке күнін белгілей алатынын мойындай отырып, барлық мүше-мемлекеттерге, БҰҰ жүйесіндегі үкіметтік емес ұйымдарға және жеке тұлғаларға жыл сайын осы екі күннің біреуін немесе екеуін де Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандары құрметіне атап өтуге шақырды.
|
|
Мамырдың 9-ы мен 10-ы
|
Бүкіләлемдік жыл құстары күні
Құстар тіршілігі - бүкіл өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық әр алуан саласындағы жағдайлар мен үрдістер туралы пікір түюге мүмкіндік беретін үлгілі көрсеткіш. Қоршаған ортаның өзгерістерін саралау жұмыстарын жүргізгенде құстарды бақылау ерекше маңызды, өйткені оларды іс жүзінде планетамыздың барлық экологиялық жүйесінен кездестіре аламыз.
Өздерінің жылдық өрістері барысында қоныс аударушы құстар көптеген елдер мен құрлықтарды асып өтеді, кейбіреулері тундрадан тропикке ұшып өтеді, сөйтіп, түрлі экологиялық жүйелер арасында байланыстырушы буын міндетін атқарады. Жыл құстарын және олардың тіршілік ету орындарын сақтау арқылы біз биоалуандықты кеңірек көлемде сақтап қала аламыз.
Бүкіләлемдік жыл құстары күні алғашқы рет төрт жыл бұрын САЕВП және КМЖ хатшыларының бастауымен атап өткізілген, олардың есептеуі бойынша жоғары ақпарат беретін жаһандық кампанияны бастау керек, және де жыл құстарын қорғап сақтайтын міндетті адамдардың іс-қимылын шабыттандыру қажет.
|
|
Мамырдың 15-і
|
Халықаралық отбасы күні
1993-інші жылдан БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген.
Бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асып отыр.
Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрметтеудің, ынтымақтастық пен үйір болушылықтың ошағы, яғни, кез-келген зиялы қоғамның діңгегі, онсыз адам өмір сүре алмайтын құндылық негізі. Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.
|
|
Мамырдың 17-сі
|
Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні
Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам мақсаты қоғамдар мен елдердің интернет пен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалануы, сондай-ақ «сандық алшақтықтан» арылудың жолдары туралы мүмкіндіктері жайындағы хабардарлық деңгейін көтеруге жағдай жасауында.
Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні бұрын аталып өтіп келген Халықаралық телекоммуникациялар күнін және «Дүниежүзілік ақпараттық қоғам күнін» ауыстырды. 2006-ншы жылғы қарашада Халықаралық Электр байланысы Одағының (ХЭО) Анталиядағы (Түркия) Уәкілетті конференциясында бұл екі шара да 17-нші мамырда Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні ретінде аталып өтеді деген шешім қабылданды.
Бұл күн - барлық программистердің, жүйелік әкімшілердің, интернет-провайдерлердің, веб-дизайнерлердің, интернет-басылымдар редакторларының басқа да ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін адамдардың кәсіби мейрамы.
Информатика өркениеттің бейнесін түбірімен өзгертті. Ол әлемдік экономикада, өндірілетін өнімнің саны мен сапасын күрт көтеріп, нағыз жарылыс туғызды. Дегенмен, информатиканың маңызы әлдеқайда кеңірек. Бұл адамзатқа бұрын болып көрмеген мүмкіндіктер жасап отыр: білім басты байлыққа айналды, өз бетінше білім алудың керемет мүмкіндіктері ашылды.
|
|
Мамырдың 21-і
|
Дүниежүзілік қарым-қатынас пен даму мақсатындағы мәдени әралуандылық күні
2002-нші жылғы желтоқсанның 20-сында «Мәдениет және даму» қарарымен мамырдың 21-ін Дүниежүзілік қарым-қатынас пен даму мақсатында мәдени әралуандылық күні деп жариялауға қаулы қабылдады.
Қазақстан Бүкіләлемдік табиғи және мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияға 1994-інші жылғы сәуірдің 29-ында қосылды. Есте қалар күнің мақсаты-қоғам мәдениетінің әртүрлі құндылығы мен маңыздылығына ақпарат беруі және әртүрлі мерекелік шаралар өткізуіне көмектесу. Бұл күн мәдениет құндылығын терең тануға әлем халықтарының ынтымақтастығыныңдамуына мүмкіндік береді.
|
|
Мамырдың 22-сі
|
Халықаралық биологиялық әралуандық күні
БҰҰ Бас Ассамблеясы 2000-ыншы жылғы желтоқсанның 30-ында 22-ші мамырды Халықаралық биологиялық әралуандық күні деп жариялады, сондай-ақ осы күні Биологиялық әралуандық туралы конвенция қабылданды.
Қазақстанның биологиялық әралуандығын сақтау мақсатында 1994-інші жылы Биологиялық әралуандық жөніндегі конвенция бекітіліп, биологиялық әралуандықты сақтау және бірқалыпты пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-әрекеттер жоспары жасалынды. Бүгінгі таңда осы жұмыстар 2003-інші жылғы желтоқсанда Елбасы қол қойған Қазақстанның 2004-2015 жылдардағы экологиялық қауіпсіздігі конвенциясы шеңберінде атқарылуда.
|
|
Мамырдың 25-і мен 31-і аралығы
|
Өзін-өзі басқармайтын аумақтар халықтарымен ынтымақтастық апталығы
1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 1999-ыншы мамырдың 25-інен (желтоқсанның 6-сындағы 54/91 қарар) Деколонизация жөніндегі арнайы комитетке Өзін-өзі басқармайтын аумақтар халықтарымен ынтымақтастық апталығын атау өтуді ұсынды.
|
|
Мамырдың 29-ы
|
БҰҰ-ның Халықаралық бітімгершілер күні
2003-інші жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. 2002-інші жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының A/RES/57/129 қарарымен бекітілген. Қарарда БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге, үкіметтік емес ұйымдарға және жекелеген азаматтарға БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау мақсатындағы операцияларының құрамында қызмет істеген адамдарға құрмет, сонымен қатар қаза болғандарды есте сақтау күні ретінде атап өту ұсынылған.
|
|
Мамырдың 31-і
|
Дүниежүзілік темекісіз күн. Халықаралық темекі тартумен күрес күні
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1988-інші жылы мамырдың 31-ін Дүниежүзілік темекісіз күн деп жариялады. Әлемдік қауымдастық алдына - ХХІ ғасырда темекі тарту мәселесін жоюға қол жеткізу міндеті қойылды.
|
|
Маусымның 4-і
|
Халықаралық жазықсыз агрессия құрбаны болған балалар күні
БҰҰ Халықаралық жазықсыз агрессия құрбаны болған балалар күнін қоғамдастықтың соғыстар барысында тек солдаттар ғана емес, соғыс қимылдары аймағында балалар да қаза болатынын ұмытпау үшін бекітті. Әлемді шарпып өткен бұған дейін кездеспеген жантүршігерлік лаңкестік шабуылдар көптеген жазықсыз балалардың да өмірін қыршынынан қиды, бүкіл адамзат үшін халықаралық терроризмнен тарайтын қауіптің жаңа өлшемдерін айқындап берді.
1982 жылғы тамыздың 19-ында палестина мәселесі бойынша өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының төтенше арнайы сессиясының шешімімен, 1982 жылғы маусымның 4-дегі Израиль Қарулы Күштерінің Бейруттағы тұрғын үй аудандарын бомбалауының бір жылдығына орай, 1983 жылдан бастап атап өтіледі.
|
|
Маусымның 5-і
|
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні
Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған ортаны қорғау мәселесі бойынша Стокгольм конференциясы басталғандықтан осы күн таңдалды (1972жыл ), осыдан кейін БҰҰ қоршаған орта бойынша - ЮНЕП бағдарламасы құрылды. Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні - экологиялық күнтізбедегі маңызды оқиғалардың бірі, ол 5 маусым күні әлемінің жүзден астам елінде аталып өтіледі. Осы оқиғаны атап өту ЮНЕП-тің қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасына тапсырылған. Жыл сайын сайланатын ел осындай маңызды шараны өткізу үшін басты және жауапты болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассемблеясының 1972 жылғы (27) қарарында маусымның 5-і Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні деп жариялаған.
|
|
Маусымның 8-і
|
Дүниежүзілік мұхиттар күні
БҰҰ Бас Ассамблеясы 2009-ыншы жылғы ақпанның 12-сінде бекітті (№A/RES/63/111 қарар). Ресми түрде, жоғарғы мемлекетаралық деңгейде «Дүниежүзілік мұхиттар күнін» өткізу идеясы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 1992-нші жылы өткен саммитте айтылды. Сол кезден бері «Дүниежүзілік мұхиттар күні» Дүниежүзілік мұхитқа әлдебір қатысы бар елдердің барлығында дерлік кеңінен аталып өтеді. Бұл күні эколог-ғалымдар, ихтиологтар, көптеген аквариумдар, хайуанаттар бақтары, дельфинарийлер қызметшілері мұхиттың қайталанбас тіршілік иелері мен өсімдіктерін олар үшін зор қауіп - адам ашкөздігінен сақтап қалу үшін өз күштерін үйлестіреді.
|
|
Маусымның 12-сі
|
Бүкіләлемдік бала еңбегімен күрес күні
Халықаралық Еңбек ұйымы (ХЕҰ) 2002-інші жылы барлық елдерді қамтыған балалар еңбегіне және оның ең жайсыз түрлеріне тыйым салу үшін қозғалысқа көңіл аудару мақсатында маусымның 12-сін Бүкіләлемдік бала еңбегімен күрес күні деп жариялады.
Нәтижесі 1999 жылдың 17 маусымында ХЕҰ Бас конференциясының Женевадағы 87-ші сессиясымен қабылданған бала еңбегінің ең жайсыз түрлері туралы ХЕҰ-ның №182 және ең төменгі жас туралы № 138 Конвенциясын бекіткен елдердің саны арта түсуі болып табылған бұл қозғалысқа Бүкіләлемдік күн жаңа серпін бермек.
Қазақстан бұл Конвенцияны 2002 жылдың 26 желтоқсанында ратификациялады.
|
|
Маусымның 14-і
|
Бүкіләлемдік қан өткізуші күні
2005-інші жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының 58-інші сессиясы барысында Женевада (WHA58.13 қарарымен) бекітілді. Жыл сайын маусымның 14-інде өткізіледі. Донор латынша «donare» - «сыйлау» деген мағына білдіреді. Қан тапсырушы донорлар жағдайында оны қабылдаушы үшін сый - өмірдің өзі болып табылады.
1868-інші жылы осы күні австриялық дәрігер, иммунолог, 1930-ыншы жылы адам қаны топтарын ашқаны үшін Нобель сыйлығын алған Карл Ландштейнер туған. Маусымның 14-ін Бүкіләлемдік қан өткізуші күні ретінде атап өтуді ұсынушылар, ерікті және тегін қан өткізуге шақырған төрт халықаралық ұйымдар - ДДҰ, Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай федерациясы, Халықаралық қан өткізушілер ұйымдары федерациясы мен Халықаралық қан құю жөніндегі қоғам.
|
|
Маусымның 17-сі
|
Дүниежүзілік шөлейттену мен қуаңшылыққа қарсы күрес күні
1995-інші жылғы қаңтардың 30-ында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымының 1994-інші жылғы маусымның 17-сіндегі Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясының қабылдануына байланысты маусымның 17-сін Дүниежүзілік шөлейттену мен қуаңшылыққа қарсы күрес күні деп жариялады.
Шөлейттену - қоршаған ортаның әлем бойынша аса қауіпті күйреу үдерістерінің бірі. БҰҰ-ның Қоршаған орта бойынша бағдарламасы мәліметтеріне сай, планетамыздағы құрлықтың төрттен бірі шөл далаға айналу қаупінде екен.
Қуаңшылық шөлейттенуге ұрындыруы мүмкін, бірақ басты кінә, әдетте, адамның іс-әрекеті болып шығады - егістік жерлерді шектен тыс өңдеу, малды бей-берекет жая беру, ормандарды кесіп құрту мен нәтижесіз суландыру.
БҰҰ БА-ның қарары барлық мемлекеттерге Дүниежүзілік шөлейттену мен қуаңшылыққа қарсы күрес күнін шөлейттенумен және қуаңшылықтың зардаптарымен күрестегі халықаралық ынтымақтастыққа қатысты конференциялардың, «дөңгелек үстел» мәжілістерінің, семинарлар мен көрмелердің құжаттық материалдары мен ұйымдастыру мәселелерін жариялау және тарату арқылы қоғамның хабардарлығын арттыруға арнауды ұсынады.
|
|
Маусымның 20-сы
|
Дүниежүзілік босқындар күні
БҰҰ Бас Ассамблеясы Дүниежүзілік босқындар күнін 2000-ыншы жылы желтоқсанның 4-інде (№55/76 қарарымен) жариялаған. Маусымның 20-сында атап өтіледі.
Қарарда атап көрсетілгендей, бұл шешім Африка Бірлігі Ұйымымен (АБҰ) келісім бойынша қабылданған, өйткені осы күні, 1969-ыншы жылдан бастап, Халықаралық африкалық босқындар күні атап өтіліп келді (2002-нші жылдан АБҰ Африкалық одақпен алмастырылды).
Босқындар құқығы 1951-інші жылы қабылданған босқындар дәрежесі туралы конвенцияда айқындалған. Жыл сайын БҰҰ босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссарының Басқармасы Нансен Сыйлығының лауреатын анықтап, ол Дүниежүзілік босқындар күні табыс етіледі.
|
|
Маусымның 23-і
|
БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет күні
2002-нші жылғы желтоқсанның 20-дағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-нші сессиясы жыл сайын маусымның 23-інде аталып өтетін БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет күнін жариялап, қарар қабылдады. Мұнан басқа БҰҰ осы күні даму үдерісіне мемлекеттік қызмет үлесін жария етер арнайы шаралар ұйымдастыруға шақырды.
|
|
Маусымның 26-сы
|
Халықаралық есірткілік заттарды шектен тыс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күрес күні
1987-нші жылғы желтоқсанның 7-сінде БҰҰ Бас Ассамблеясы 42/112 қарар қабылдап, онда нашақорлықтан ерікті халықаралық қоғам құру мақсатына жету жолындағы іс-қимыл мен ынтымақтастықты күшейтуге табандылығын айғақтау белгісі ретінде маусымның 26-сын Халықаралық есірткілік заттарды шектен тыс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күрес күні тұрғысында атап өтуге қаулы қабылдады. Бұл шешім 1987-нші жылғы Халықаралық есірткілік заттарды шектен тыс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күрес конференциясының ұсынысы негізінде қабылданды.
|
|
Маусымның 26-сы
|
Халықаралық азаптау құрбандарына қолдау көрсету күні
БҰҰ Бас Ассамблеясы 1997-нші жылғы желтоқсанның 12-сіндегі арнайы қарарымен (№52/149) жариялаған. Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес ұсынысы бойынша бекітілді.
БҰҰ қарарында айтылғандай, бұл халықаралық күн 1984-інші жылы қабылданып, 1987-нші жылғы маусымның 26-сында күшіне енген «Азаптауға және адам абыройын кемсітетін өзге де қатігез, рақымсыз немесе солардың басқа да түрлері мен соған сәйкес жазалаулар конвенциясының» азаптауды толықтай жою және тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған күн.
|
|
Шілденің 1-ші сенбісі, 2011 жылғы шілденің 2-ы
|
Халықаралық кооперативтер күні
1992-нші жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 1995-інші жылғы шілденің бірінші сенбісін - 700 миллионнан астам адамды біріктіретін Халықаралық кооперативтік альянстың жүзжылдығын тойлау мақсатында - Халықаралық кооперативтер күні (желтоқсанның 16-сындағы №47/90 қарары) деп жариялады.
1994-інші жылы Бас Ассамблея кооперативтердің әлеуметтік-экономикалық дамудың қажетті құралына айналғанын ескере отырып, жыл сайын осы күні атап өтуді ұсынды (желтоқсанның 23-індегі №49/155 қарары).
Халықаралық кооперативтер күнінің мақсаты - әлем қоғамдастығының назарын кооперативтерге аудару және халықаралық кооперативтік қозғалыс пен басқа да, үкіметтер мен барлық деңгейдегі үкіметтік емес ұйымдарды қоса есептегендегі, субъектілер арасындағы әріптестік байланыстарды кеңейте түсу.
|
|
Шілденің 11-і
|
Дүниежүзілік халықтың өсіп-өнуі күні
1989-ыншы жылы «Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының (ПРООН) Басқарушылар кеңесі» шілденің 11-інде осы күнді атап өтуге ұсыныс жасады, өйткені 1987-нші жылғы шілденің 11-інде Жер тұрғындарының саны 5 миллиард адамнан асты, ал бұл 1990-ыншы жылдан атап өтіледі.
Бұл күннің мақсаты - халықтың өсіп-өнуі мәселелеріне, жалпы даму бағдарламаларына, жалпы мәселелердің шешімін іздеуге назар аударту.
2050-інші жылға қарай, БҰҰ мәліметтері бойынша, Жер халқының саны 9 миллиардтан астам тұрғындарды құрамақ, соның ішінде 7,8 миллиарды дамушы елдерде өмір сүреді (қазіргі кезде - 5,3 миллиард). Ал, еуропалық нәсілдер мөлшері қысқарады, бұл тууудың төмендеуімен ғана емес, этникаралық және нәсіларалық некелердің ұлғаюымен де түсіндіріледі.
|
|
Тамыздың 1-7-і
|
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Емшек сүтімен емізу бүкіләлемдік апталығы
|
|
Тамыздың 9-ы
|
Халықаралық әлемнің байырғы халықтары күні
БҰҰ Бас Ассамблеясы 1994-інші жылғы желтоқсанның 23-інде бекіткен. 1992-інші жылы осы күні Адам құқын көтермелеу және қорғау жөніндегі Шағын комиссиясының байырғы халықтар жөніндегі Жұмысшы комиссиясының бірінші мәжілісі өтіп, онда: «Осынау Халықаралық әлемнің байырғы халықтарының күні байырғы халықтардың мәдениеттері байлығына және олардың әлем халықтары отбасын өрістетуге қосып келе жатқан айрықша үлесін лайықты бағалаймыз.
Сонымен қатар біз көптеген байырғы халықтар ұшырап отырған - жол беру мүмкін емес көлемдегі кедейшілік пен ауруға шалдығудан бастап, мүліктерінен айырылып қалу, кемсітушілік пен адам құқықтарының негізі болып табылатын ұстанымдарға дейінгі ауыр қиыншылықтарды да жадымызда ұстаймыз» - деп атап көрсетілген.
2004-інші жылы Бас Ассамблея Халықаралық әлемнің байырғы халықтары екінші онжылдығын жариялады (59/174 қарар). Екінші онжылдық мақсаты байырғы халықтардың мәдениет, білім беру, адам құқықтары, қоршаған орта мен әлеуметтік және экономикалық даму тәрізді салаларда алдарында тұрған мәселелерді шешудегі халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздеді.
|
|
Тамыздың 12-сі
|
Жастардың халықаралық күні
Жастар істері жөніндегі министрлердің Бүкіләлемдік конференциясының (Лиссабон, 1998-інші жылғы тамыздың 8-і мен 12-сі аралығы) ұсынысымен мақұлданған БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес 1999-ыншы жылғы желтоқсанның 17-інен бастап атап өтіледі.
|
|
Тамыздың 19-ы
|
Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күні
БҰҰ Бас Ассамблеясы 2008-інші жылғы желтоқсанның 11-індегі арнайы қарарымен 63/139 жариялаған.
2009-ыншы жылғы наурыздың 5-інде БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы (A/RES/63/139 қарары) жариялады. Тамыздың 19-ынан атап өтіледі. 2003-інші жылы осы күні БҰҰ-ның Бағдаттағы штаб-пәтеріндегі жарылыстан 22 адам қаза болды. Соның ішінде БҰҰ-ның көрнекті қайраткері Сержиу Виейра ди Меллу де бар.
Бас Ассамблеяның қарарында айтылғандай, Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күні бүкіл әлемде гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға және осыған байланысты, сондай-ақ бүкіл гуманитарлық қызметшілерге, гуманитарлық мүдделерді өмірге енгізуге жәрдем жасаған Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметшілерін және олармен байланыстағы қызметшілерді де қоса есептегенде, және де, өз парыздарын атқару үстінде өмірлерін қиғандарға тиісінше оңды бағасын беруге көмектесуді көздейді...
2009-ыншы жылы атап өтілген Бірінші Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күні басқаларды құтқару кезінде қаза тапқандарды еске алуға арналды.
|
|
Тамыздың 23-і
|
Халықаралық құл саудасы мен оны жою туралы еске түсіру күні
Жыл сайынғы Халықаралық құл саудасы мен оны жою туралы еске түсіру күні ЮНЕСКО Бас конференциясының 29 С/40 қарарымен жарияланған. Мұндай шешім осы ұйымның Атқару комитетінің 150-інші сессиясының 8.2 қарарында жасалған ұсыныстар негізінде қабылданды.
Тамыздың 23-і Санто-Доминго аралында 1791-інші жылы тамыздың 22-сінен 23-іне қараған түні лап еткен даңқты құлдар көтерілісін есте қалдыру мақсатында таңдап алынған.
|
|
Тамыздың 29-ы
|
Ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні
Қазанның 30-ында БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші комитетіне Қазақстан 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынады. Қазақстан ұсынған қарардың бірлескен авторлары 26 мемлекет болды, оның ішінде Армения, Беларусия, Бразилия, Катар, Қырғызстан, Монғолия, Араб Әміршілігі, Тәжікстан, Түрікменстан және Жапония.
|
|
Қыркүйектің 8-і
|
Халықаралық сауаттандыру күні
1966-ншы жылы ЮНЕСКО Тегеранда 1965-інші жылдың қыркүйегінде өткен «Бүкіләлемдік сауатсыздықты жою бойынша білім министрлері конференциясының» ұсынысы бойынша жыл сайын Халықаралық сауаттандыру күнін өткізуді жариялады. Қыркүйектің 8-і - осы конференцияның салтанатты ашылған күні.
Бұл күн ЮНЕСКО іс-қимылының басты салаларының бірі болып табылатын сауаттандыруды тарату жөніндегі қоғам күш-жігерін жандандыруға шақырады.
2002-нші жылы БҰҰ БасАссамблеясы 2003-інші - 2012-інші жылдар аралығын Сауаттандырудың онжылдығы деп жария етті.
|
|
Қыркүйектің 10-ы
|
Өзін-өзі өлтірудің алдын алудың бүкіләлемдік күні (ДДҰ)
Бүкіләлемдік өзін-өзі өлтірудің алдын алу күні бүкіл әлемде өзін-өзі өлтірудің алдын алу бойынша іс-қимылды қолдауды нығайту мен көтермелеу мақсатында жыл сайын қыркүйектің 10-ында өткізіледі.
Осы мәселеге қолдау көрсетіп жүрген демеуші - Халықаралық өзін-өзі өлтірудің алдын алу жөніндегі ассоциациямен бірге ДДҰ мен басқа да әріптестер өзін-өзі өлтіруге тырысқан адамдарды тиісті деңгейде емдеуді және содан кейін күтімге алуды жақтайды, сондай-ақ БАҚ-тарда өзін-өзі өлтіруді мейлінше ұстамды жариялауға шақырады.
|
|
Қыркүйектің 15-і
|
Халықаралық демократия күні
БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007-нші жылғы желтоқсанның 13-індегі үкіметтердің демократияны дамыту мен нығайтудағы күш-жігерлерін қолдауға арналған қарарында (№A/RES/62/7) жарияланған. 2008-інші жылғы қыркүйектің 15-інен атап өтіледі. Халықаралық демократия күні Жаңа және қайта жаңғырған демократия елдерінің халықаралық конференциясының ұсынысы бойынша 1997-нші жылғы Демократия туралы ортақ декларация қабылдануына байланысты бекітілген.
Қарарда БҰҰ-ға мүше елдерге, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға, жеке тұлғаларға бұл күнді қоғамның хабардарлығын арттыру мақсатында атап өту ұсынылады. Қарар БҰҰ Бас хатшысын БҰҰ-ның Халықаралық демократия күнін атап өту үшін шаралар қабылдауға шақырады.
Пан Ги Мун өзінің 2009-ыншы жылғы қыркүйектің 15-індегі жолдауында: «Демократия өз-өзінен маңызды болып қоймайды - бұл әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуге ынталандырушы қуатты күш, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, сондай-ақ негізгі құқықтар мен бостандықтарды сыйлау да», - деп атап көрсетті.
|
|
Қыркүйектің 16-сы
|
Халықаралық озон қабатын қорғау күні
Жыл сайынғы Халықаралық озон қабатын қорғау күнін БҰҰ Бас ассамблеясы 1994-інші жылғы №A/RES/49/114 арнайы қарарымен жариялаған.
Бұл күн Озон қабатын бұзушы заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына қол қойылуын есте қалдыру үшін белгіленген.
Планетамызды күн радиациясының жойғыш әсерлерінен қорғайтын Жер атмосферасындағы стратосфералық қабаттың төмендей түскеніне тұңғыш рет ғалымдар ХХ ғасырдың 60-ыншы жылдарының соңында көңіл аударды.
80-інші жылдары ғалымдар жаңалық ашты: Антарктида аумағында озонның жалпы көлемі 2 есе азайып кеткен. Нақ сол кезде «озон жырығы» атауы пайда болды.
Озонның жұқаруына хлор тотығы әсер етеді. Ал бұл - заводтардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың ауаға жайылатын қоқыстары. Озон жырықтарының алдын алуға біздің күшіміз жетпейді. Алайда, озонды ең болмаса тұрмыстық деңгейде сақтауға адам күші жетеді-ақ.
|
|
Қыркүйектің 3-ші сейсенбісі, 2011 жылғы қыркүйектің 20-і
|
Халықаралық бейбітшілік күні
Жыл сайын қыркүйектің 21-інде атап өтілетін Халықаралық бейбітшілік күні соғыс отын тоқтату мен зорлық-зомбылықтан бас тартуға жаппай шақыруымен ерекшеленеді.
Халықаралық бейбітшілік күнін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981-інші жылы бекіткен. 2002-нші жылғы қыркүйектің 21-інен атап өтіледі. Халықаралық бейбітшілік күнін қыркүйектің 21-інде мерекелеу туралы шешім БҰҰ Бас Ассамблеясының 55-інші сессиясында (2001-інші жылғы қыркүйектің 28-індегі №A/RES/55/282 арнайы қарары) қабылданды.
Бас Ассамблея бұл күн бүкіл әлемде зорлық-зомбылықтан бас тарту және соғыс отын тоқтату күні болсын деп жариялады. Барлық елдерге осы күні әскери әрекеттер өткізуден тартыну ұсынылды.
Жыл сайын қыркүйектің 21-інде БҰҰ-да, дәстүрге сай Бейбітшілік қоңырауы жанындағы салтанатпен басталатын, түрлі шаралар өткізіледі. Салтанат рәсімі БҰҰ Бас хатшысының арнау сөзімен басталып, сосын ол қоңырауды ұрады. Сонан соң бір минут үнсіздік жайлап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы сөз арнайды.
|
|
Қыркүйектің 27-сі
|
Бүкіләлемдік туризм күні
1979-ыншы жылы Испанияның Торремолино қаласында Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас ассамблеясы бекіткен. Мереке мақсаты - туризмді насихаттау, оның әлемдік қауымдастық экономикасына үлесін жариялау, түрлі елдердің халықтары арасындағы байланысты дамыту.
Бұл мейрам әлем елдерінің көпшілігінде тойланады, туристер басқосуы ұйымдастырылып, мерекелік шаралар мен фестивальдер өткізіледі.
|
|
Қыркүйектің 28-і
|
Құтыру ауруына қарсы күрестің бүкіләлемдік күні
Құтыру аурумен күрес жөніндегі (ARC) қайырымдылық ұйымы мен Аурулармен күрес және аурулардың алдын алу орталықтары /CDC/ (Атланта, АҚШ) ұсынысымен өткізіледі.
Құтыру ауруына қарсы күрес бүкіләлемдік күні адамдар мен жануарлар құтыруының зардаптары туралы, сондай-ақ оның алдын алуға және оны қоздырушылармен шектеу орындарындағы жануарлар арасында күресе отырып, тамырына балта шабуға болатыны тиісті жұмыс жүргізсе қаншалықты жеңіл екені жайлы хабардарлықты арттыруға арналған.
|
|
Қыркүйектің 28-і
|
Бүкіләлемдік жүрек күні
Бұл күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы мен Дүниежүзілік жүрек федерациясы денсаулық тексеру, ұйымдасқан түрдегі серуендеулер, жүгіру және фитнеспен айналысу, бұқаралық лекциялар, қойылымдар, ғылыми форумдар, көрмелер, концерттер, фестивальдер мен спорт жарыстарын қоса есептегенде - 100-ден астам елдерде шаралар ұйымдастырады.
|
|
Қыркүйектің соңғы жұмасы, 2011 жылғы қыркүйектің 30-ы
|
Бүкіләлемдік теңіз күні
1978-інші жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 10-ыншы сессиясының шешімімен қабылданған.
Бүкіләлемдік теңіз күнінің мақсаты - теңіздер мен мұхиттарда балықты шектен тыс аулаудың, суаттарды ластау мен жаһандық жылынудың қаншалықты орны толмас зиян шектіретініне халықаралық қоғамдастық назарын аудару. Мейлінше маңызды екі міндет - теңіздегі қауіпсіздікті арттыру және теңіз аумағын, соның ішінде мұнаймен, ластаудың алдын алу.
|
|
Қазанның 1-і
|
Халықаралық қарттар күні
Халықаралық қарттар күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 1991-ыншы жылғы 1 қазанда негізінде жыл сайын атап өтіледі. (қарар 45/106 1990 жылғы 14 желтоқсанда)
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990-ыншы жылғы желтоқсанның 15-індегі № 45/106 қарары негізінде жыл сайын атап өтіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясында қарт адамдардың жалпы азаматтық және арнайы құқықтары мен мүдделері, оның ішінде жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру кепілдіктері бекітілген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес қарт адамдарға 60 пен 74 жас, кәрілерге 75-89 жас аралығындағылар, ал ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар кіреді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 65 жастан асқандар халықтың 7,5 пайызын құраса, ал 2030 жылы 11,5 пайызын құрайтын болады. БҰҰ-ның бұл болжамы осы аумақтағы туудың төмендеуі мен ер адамдардың өлімінің жоғарылығына негізделген.
|
|
Қазанның 2-сі
|
Халықаралық жәбірлемеушілік күні
БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007-інші жылғы маусымның 27-сінде (БҰҰ-ның №A/RES/61/271 қарары) бекіткен. 2007-нші жылдан бастап жыл сайын, қазанның 2-сінде, жәбірлемеу философиясының негізін қалаушы Махатма Гандидің туған күнінде атап өтіледі.
Бас Ассамблея қарарында айтылғандай, бұл Халықаралық күннің мақсаты - бейбітшілік, шыдамдылық, түсіністік пен жәбірлемеушілік мәдениетін бекітуге талпыныс. Қарар барлық адамдарға осы дата туралы жария етіп, осы күнді атап өтуге және мерекелеуге шақырады.
|
|
Қазанның 4-і мен 10-ы аралығы
|
Адамзаттың ғарыш дәуірі басталған күн. 4-10 қазан - Дүниежүзілік ғарыш апталығы
Ғарыш дәуірі басталған күнді 1967-нші жылғы қыркүйекте Халықаралық астронавтика федерациясы жариялаған. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1999-ыншы жылғы желтоқсанның 6-сында адам әл-ауқатын жақсартуға ғарыш ғылымы мен техникасы қосатын қомақты үлесті атап көрсету мақсатымен қазанның 4-і мен 10-ы аралығындағы аптаны Дүниежүзілік ғарыш апталығы (World Space Week) деп жарияланды.
Адамзат ғарыш дәуірінің басталуы күні - Қазақстан үшін айрықша мереке. 1957-нші жылы қазанның 4-інде нақ Қазақстан топырағынан планета тарихында тұңғыш рет Жердің жасанды серігі ғарышқа шықты және Жердің тұңғыш ғарышкері Юрий Гагарин осы жерден ғарышқа көтерілді. Нақ Байқоңыр ғарышқа ұшқан кеңестік, сосын ресейлік және шетелдік ғарыш кемелері үшін де басты ғарыш айлағына айналды.
Қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Гиннесс рекордтар кітабына енгізілген: бір ұшу мерзімінде оған дейін ешкім ашық ғарышта бір тәуліктен артық болып көрмеген.
|
|
Қазанның 1-ші дүйсенбісі, 2011 жылғы қазанның 3-і
|
Бүкіләлемдік елді мекендер күні (Хабитат)
Халықаралық тұрғын үй күні
«Елді мекендер жөніндегі комиссия» ұсынысына сәйкес БҰҰ Бас Ассамблеясы 40-ыншы сессиясында (1985-інші жылғы желтоқсанның 17-сіндегі №A/RES/40/202 қарар) бекітілген. Бүкіләлемдік Хабитат күні қазанның бірінші дүйсенбісінде, 1986-ншы жылдан атап өтіледі. Оның басқа атауы - Халықаралық тұрғын үй күні.
Жыл сайын осы күні БҰҰ мен «БҰҰ-ның Елді мекендер жөніндегі бағдарламасы» әлем қалаларының бірінде ресми шаралар өткізеді.
БҰҰ-Хабитат міндеттеріне сондай-ақ халықаралық қоғамдастыққа Мыңжылдық декларациясында алға қойылған - жатаған жер-кепелердегі 100 миллион тұрғындардың өмір жағдайларын жақсартудың мақсаткерлік көрсеткіштері бойынша - даму саласындағы мақсатқа жету де кіреді.
БҰҰ-Хабитат екі негізгі бүкіләлемдік науқанды жүзеге асырады - Қалалық шаруашылықты басқару саласындағы жахандық науқан және Тұрғын үйге ие болу кепілдіктері жөніндегі жахандық науқан.
|
|
Қазанның 5-і
|
Бүкіләлемдік мұғалім күні
1994-інші жылы ЮНЕСКО бекіткен. Қазанның 5-інде атап өтіледі. 1966-ншы жылы осы күні ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымы шақырған конференция «Мұғалімдер жағдайы туралы» Ұсынысты - мұғалімдер еңбегі жағдайларын айқындайтын тұңғыш халықаралық құжат қабылдады.
Бұл күн қоғамдағы мұғалімдер жайына, олардың білім беру мен дамудағы рөліне көңіл бөлуді көздейді. Бүкіләлемдік мұғалімдер күнін әлемнің 100-ден астам мемлекеттері атап өтеді.
|
|
Қазанның 9-ы
|
Бүкіләлемдік пошта күні
1969-ыншы жылы Токиода өткен Дүниежүзілік пошта одағының XVI конгресінің шешімі бойынша өткізіледі.
Қазір қызмет көрсететін байланыс түрлерінің арасында бәрінен бұрын пошта пайда болған. Бүгінде ол, тіпті телефон желісі мен электр қуаты жетпейтін елді мекендерге де, яғни, бүкіл әлемге дерлік жайылған.
Бәлкім, уақыт өте келе пошта байланысы қарым-қатынас жасаудың басқа да шапшаңырақ түрлеріне орын берер, бірақ хаттар мен түрлі-түсті ашық хаттар ғана өткен оқиғаларды еске түсіріп қала бермек. Жақын адамдарыңызға хат жазыңыз, олардың жүректерінде өзіңіз туралы естелік қалдырыңыз!
|
|
Қазанның 10-ы
|
Дүниежүзілік жүйке саулығы күні
Дүниежүзілік жүйке саулығы күні (World Mental Health Day) әлемде 1992-інші жылдан Дүниежүзілік денсаулық ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік жүйке саулығы федерациясының ұсынысы бойынша атап өтіледі.
Дүниежүзілік жүйке саулығы күнінің мақсаты депрессивтік ауытқушылық, шизофрения, Альцгеймер ауруы, нашақорлыққа тәуелділік, эпилепсия, ақыл-есі кемістігі тарауын қысқарту болып табылады.
|
|
Қазанның 2-ші сәрсенбісі, 2011 жылғы қазанның 12-і
|
Халықаралық табиғи апаттар қаупін азайту күні
БҰҰ Бас Ассамблеясы, 1989 жылы № 44/236 Қарарында «Халықаралық табиғи апаттар қаупін азайту жөніндегі онжылдық» жариялап, қазанның екінші сәрсенбісін Халықаралық табиғи апаттар қаупін азайту күні деп белгіледі және оны 1990-1999 жылдары жыл сайын атап өтуге қаулы етті.
2001-інші жылы Бас Ассамблея өзінің 56/195 қарарында табиғи апаттардың алдын алуды, оның зардаптарын жеңілдету мен оған дайын болуды қамтамасыз етуді қоса ескергенде - табиғи апаттар қаупін азайту мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесетін құралдардың бірі деп есептей отыра - осы күнді жыл сайын атап өтуге қаулы шығарды.
|
|
Қазанның 2-ші бейсенбісі, 2011 жылғы қазанның 13-і
|
Бүкіләлемдік көз көруі күні
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының ұсынысы бойынша жыл сайын қазанның екінші бейсенбісінде атап өтіледі. Бұл күн қоғамдастық назарын соқырлық мәселесіне аударуды, көре алу қабілетінің құндылығы туралы ойлануға және мүмкіндігінше барлық мұқтаж адамдардың окулист-дәрігерлер қызметіне қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздейді.
Бүкіләлемдік көз көруі күнін өткізуге көздің көруі бұзылуының алдын алу және көз көруін қайта қалпына келтіру саласындағы барлық әріптестер қатысады. Сондай-ақ бұл күн соқыр болып қалудың алдын алу және ДДҰ мен Соқырлықтың алдын алу халықаралық агенттігі құрған «Көру 2020: Көз көру құқығы» соқырлықтың алдын алу жөніндегі жахандық ұсыныстың негізгі ақпараттық-насихаттық мәнісі болып табылады.
|
|
Қазанның 15-і
|
Халықаралық ауыл әйелдері күні
2008-інші жылдан бастап жыл сайын қазанның 15-інде атап өтіледі. БҰҰ Бас Ассамблеясының «Ауылдық жерлердегі әйелдердің жағдайларын жақсарту» қарарында (2008-інші жылғы ақпанның 12-сіндегі № A/RES/62/136 қарар) жарияланды.
Бас Ассамблеяның бұл шешімі ауылдық жерлердегі әйелдердің жағдайларын жақсартуға тікелей арналған және 2001-інші жылдан бастап екі жыл сайын қабылданып отырған (№№ 56/129, 58/146, 60/138) бұдан бұрынғы қарарларды қарастыру аясында қабылданды.
|
|
Қазанның 15-і
|
Бүкіләлемдік қол жуу күні
Біріккен Ұлттар Ұйымы, соның ішінде БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), қазанның 15-ін Бүкіләлемдік қол жуу күні деп жариялады.
Қолды сабынмен жуу - жыл сайын 3,5 миллион балалар өмірін қиятын түрлі аурулардың алдын алудағы неғұрлым тиімді және үнемді дауалардың бірі.
Бүкіләлемдік қол жуу күні санитарлық тазалық пен гигиеналық дағдыларға шақырады.
|
|
Қазанның 16-сы
|
Дүниежүзілік азық-түлік күні
1979-ыншы жылы Ұлттар Ұйымының жыл сайынғы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымдары конференциясы (FAO) қоғам назарын бүкіләлемдік азық-түлік мәселесіне аудару және әлемдік қоғамдастықты аштықпен, қайыршылықпен және кедейшілікпен күресте ынтамақтастығын нығайту мақсатында жарияланған.
|
|
Қазанның 17-сі
|
Халықаралық қайыршылықты жою үшін күрес күні
Халықаралық қайыршылықты жою үшін күрес күнінің тарихы 1987-нші жылғы қазанның 17-сімен тығыз байланысты. Сол - 1948-інші жылы Жалпыға ортақ адам құқы декларациясына қол қойылған - күні асқан қайыршылық, күш көрсету және аштық құрбандарын еске алу мақсатымен Париждегі Трокадеро алаңына жүз мыңнан астам адам жиналды. Жиналғандар қайыршылық адам құқын бұзу болып табылады деп мәлімдеді және осы құқықтарды сақтауға бірлескен қимыл таныту қажеттігін атап көрсетті. Осы мазмұндағы тиісті мәлімдеме сол күні ашылған Естелік тасына қашап жазылды.
1992-нші жылғы желтоқсанның 22-сінде қабылданған қарарында Бас Ассамблея қазанның 17-сін Халықаралық қайыршылықты жою үшін күрес күні деп жариялады және барлық мемлекеттерді, әр елдің өз өзгешіліктеріне қарай, осы күні қайыршылық пен кедейшілікті жоюға байланысты нақты шаралар өткізуге және насихат жұмыстарын жүргізуге арнауға шақырды.
|
|
Қазанның 24-і
|
Біріккен Ұлттар Ұйымы күні
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы күшіне енген күн - 1945-інші жылғы қазанның 24-і - 1948-інші жылдан Біріккен Ұлттар Ұйымы күні ретінде мерекеленеді. Дәстүр бойынша ол бүкіл әлемде Ұйымның жетістіктері мен мақсаттарына арналған мәжілістер, пікірталастар мен көрмелер өткізу жолымен жүзеге асады.
1971-інші жылы Бас Ассамблея барлық ұйымға мүше мемлекеттер бұл күнді мемлекеттік мейрам ретінде атап өтуге ұсыныс жасады (2782-нші қарар (XXVI)).
|
|
Қазанның 24-і
|
Бүкіләлемдік ақпараттың даму күні
БҰҰ Бас Ассамблеясының 27 - інші сессиясының шешімімен (қарар А/RES/3038) 1973 жылғы қазанның 24-інде жыл сайын атап өтіледі. Қарарда айтылғандай, 24 қазан Дүниежүзілік күн Біріккен Ұлттар Ұйымы күнімен сәйкес келуі керек.
Бұл күннің мақсаты әлемдік және қоғамдық пікірдің назарын даму мәселелеріне аудару және оны шешуде халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажеттілігі.
|
|
Қазанның 24-і мен 30-ы аралығы
|
Қарусыздану апталығы
Бүкіләлемдік бейбітшілік кеңесі мен Қарусыздану жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясының шешімімен1978 жылғы қазанның 24-і мен 31-і аралығында жыл сайын атап өтіледі.
|
|
Қазанның 27-сі
|
Бүкіләлемдік аудиовизуалдық мұра күні.
Бас конференциясының 33 сессиясында ЮНЕСКО-ға мүше-мемлекетер қазанның 27-ін «экономикалық, саяси, әлеуметтік даму, ғылым мен білімнің эволюциясы, әр түрлі ұлттың мәдениетін біріктіріп, және де табиғат пен әлемнің эволюциясын» куәландыратынын белгілеп Бүкіләлемдік аудиовизуальдық мұра күні деп жариялады. Бұл қарардың авторлары бұл мұрағаттың өте сынғыш екенін, оның сақталуы өте қымбатқа түсетінін және де оны сақтау үшін көптеген мемлекеттердің қалтасы көтермейтінін толығымен мойындайды.
Аудиовизуальді мұраны сақтау - бір қатар құқықтық, ұйымдастырушылық, техникалық, қаржылық шешімді талап ететін қиын әрекет. Шаралар қабылданбаса, бұл мұра өзінің он жылдық басты құндылықтарын жоғалтылуы мүмкін, адамзаттың мәдениеттілігі мен ойлау қабілеттілігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.
|
|
Қарашаның 6-сы
|
Соғыс және қарулы қақтығыстар кезінде қоршаған ортаны пайдаланудан сақтаудың халықаралық күні
БҰҰ Бас Ассамблеяның 56-шы сессиясының шешімі бойынша 2001 жылғы қарашаның 6-ында (№A/RES/56/4 қарары) жыл сайын атап өтіледі. Бұл шешімді қабылдауда БҰҰ қарулы қақтығыстардың қоршаған ортаға тигізетін кері әсері ұзақ уақытқа дейін экожүйе мен табиғи ресурстарға зиянын тигізетінін негізге алды. БҰҰ Бас Ассамблеясы және де БҰҰ Мыңжылдық декларациясында жазылғандай қоршаған ортаны қорғау үшін шара қолдану қажеттігіне сүйенді.
|
|
Қарашаның 10-ы
|
Бейбітшілік пен даму үшін дүниежүзілік ғылым күні
Бейбітшілік пен даму үшін дүниежүзілік ғылым күні 2001 жылғы қарашаның 10-ында ЮНЕСКО-да құрылған және жыл сайын атап өтіледі. Мерекелі шараны өткізу идеясы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік ғылыми конференциясында және 1999жылғы Будапештегі (Венгрия) Бүкіләлемдік ғылым кеңесінде туды.
Бейбітшілік пен даму үшін дүниежүзілік ғылым күні ғылым мен технология кедейліктің көлемін қысқартуға және де қоршаған ортаны қорғауға, барлық елдің өмір сүру сапасын көтеруге көмек көрсете алады деген сұрақтарғаа назар салдыруға мүмкіндік береді..
|
|
Қарашаның 14-і
|
Қант диабетіне қарсы күрестің дүниежүзілік күні
БҰҰ Бас Ассамблеяның 2006 жылғы желтоқсанның 20-дағы арнайы қарарында №А/RES/61/225 жарияланған. 2007 жылдан бастап, 14 қарашада жыл сайын аталып өтеді.
Алғашқы рет Дүниежүзілік диабет күні 1991 жылы IDF пен ДДҰ өткізілген. Оның мақсаты дүниежүзін диабетке қарсы келтіру болды. Бұл жаһандық диабетикалық қоғамдарының бірігуінің бастауы болды. Дүниежүзілік диабет күнін жыл сайын инсулин гормонын бірлесе ашқан канадалық физиолог Фредерик Грант Бантингпен және профессор Джон Маклеодтың дүниеге келген күнге орай атап өтіледі. Бүгін дүниежүзілік диабет күні IDF мүшелері мен оның серіктестерінің қызметінің арқасында 145-тен аса әлем елдері миллиондаған адамдарды диабетикалық бірлестікте қамтып отыр. Бұл күн адамдарға диабет меселесі бар екенін естеріне түсіре отырып мемлекет пен қоғам ұйымдарын, фармацевтикалық компанияны, дәрігерлер мен емделушінің жағдайларын жақсарту керек.
|
|
Қарашаның 16-сы
|
Төзімділіктің (толеранттықтың) халықаралық күні
Бұл халықаралық күн «Төзімділік принциптер Декларациясы» ЮНЕСКО салтанатты түрде жарияланған. 1995 жылғы ЮНЕСКО 28-ші Бас конференциясында Декларация бекітілген (№5.61 қарар). Төзімділікпен (толеранттық) Декларацияда былай түсіндірілген « біз әлемнің бай сан түрлі мәдениетіне құрмет көрсете отырып, дұрыс түсініп, қабылдау керек, біздің жекеленген өзін-өзі айту тәсілін көрсететін форманы келтіру» Декларацияда жарияланған «адамдар қоғамда өзінің түрімен, әл-ауқатымен, тілімен, мінез-құлқымен, өз құндылықтарымен, өзін-өзі сақтап осы қоғамда өмір сүруге құқылы» Декларация адамзаттқа қауіп төнгенін анықтап бақылайды,оның төзімсіз болуына және төзімсіздіке қарсы әдіс пен программаларды ұсыныс жасайды.
1997 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы (№А/RES/51/95 қарары) тағы да БҰҰ мүше-мемлекеттерге бұл Халықаралық күнді тойлауына ұсыныс берді Бас Ассамблея бұл қарарда өзінің шешімін сілтей отырып Бірікен Ұлттар Ұйымының жылдығын өткізілуі, төзімділікке арнайды, БҰҰ жарғысына сілтенеді, онда белгіленген, қақтығастардың алдын алу үшін төзімділік принциптерін қолдану керек, төзімділік принциптер Декларациясының бекітілуінің шешімі ЮНЕСКО назарын аударады.
|
|
Қарашаның 3-ші бейсенбісі, 2011 жылғы қарашаның 17-і
|
Бүкіләлемдік философия күні
2005 жылғы қарашада өткен ЮНЕСКО-ның 33- сессиясында қарашаның 3-ші бейсенбісі Бүкіләлемдік философия күні деп жарияланды.
|
|
Қарашаның 18-і
|
Бүкіләлемдік өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына қарсы күні.
Дүниежүзіндегі осы аурумен ауыратын адамдарға мәлімет беру керек және де жасалатын көмектің көлемін кеңейту мақсатымен өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына қарсы күрес Жаһандық бастамамен ұйымдастырылған Бүкіләлемдік өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына қарсы күні жыл сайын атап өтілетін оқиға болып табылады.
ДДҰ өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына дүниежүзілік қоғамның назарын аударатын осы бастаманы қолдайды. Өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы бүкіл әлемде адам өліміне әкелетін маңызы бойынша төртінші себеп болып табылады.
|
|
Қарашаның 20-сы
|
Африканың индустрияландыру күні
1990 жылғы қарашаның 20-ында жыл сайын атап өтіледі. Африканың индустрияландыру ісіне халықаралық бірлестіктердің демеу болуына уәдесін алу мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған (№А/RES/44/237 қарары).
|
|
Қарашаның 20-сы
|
Бүкіләлемдік балалар күні
1954 жылғы (836 қарарда (IX) Бас Ассамблея барлық мемлекеттерге Бүкіләлемдік балалар күнінбар әлемдегі балалардың амандығын қамтамасыз етуге бағытталған балалар туыстығы мен өзара түсіністігінің әлемдік күні ретінде атап өтуді өздерінің тәжірибесіне енгізу туралы ұсыныс жасады.
1959 жылғы қарашаның 20-ында Ассамблея Балалар құқығы декларациясын қабылдады, ал 1989 жылы- Балалар құқығы Конвенциясын қабылдады.
|
|
Қарашаның 3-ші жексенбісі, 2011 жылғы қарашаның 20-і
|
Жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың бүкіләлемдік күні
БҰҰ Бас ассамблеясының 2005 жылғы қазанның 26-дағы ұсынысы бойынша жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Бұл күнің мақсаты жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алып және оның отбасына көңіл айту, тағы да жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мемлекеттің есіне түсіру болып табылады.
|
|
Қарашаның 21-і
|
Телеарналардың бүкіләлемдік күні
БҰҰ Бас Ассамблея (А/RES/51/205 қарарының) ұсынысымен жыл сайын қарашаның 21-інде атап өтіледі.
1997 жылғы ақпанның 28-інде Бас Ассамблея өзінің қарарында Бүкіләлемдік телеарна күнін телебағдарламалардың алмасуына қолдау көрсету, ең алдымен бейбітшілік, қауіпсіздік және мәдениет алмасуының дамуы мен кеңейтілу мәселелеріне арналған мақсатта атап өтуді ұсынды.
Қарашаның 21-і күні 1996 жылғы БҰҰ-да алғаш рет өткен бүкілдүниежүзілік телефорумның құрметіне сәйкес таңдалған.
|
|
Қарашаның 25-і
|
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні
БҰҰ Бас Ассамблеясы қарашаның 25-сін 1999 жылғы желтоқсанның 17-індегі 54/134 қарарымен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні деп жариялады және мемлекеттерге, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік емес ұйымдарға бұл күні қоғам назарын осы мәселеге аударуға арналған шаралар өткізуді ұсынды.
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық дүниежүзінің барлық жерінде таралған және барлық қоғамда кездесетін жағдай. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасау мәселесі тек нәсілдігін, әлеуметтік ортасын, шығу-тегін ғана қозғап қоймай, сонымен қатар басқа жағдайлардан туындайды. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесін дамыған мемлекеттердің өзі жеңе алған жоқ. Бұл құбылысты тоқтату жолдарын қоғам шешуге тырысады. Бұл мәселе туралы тек қарашаның 25-інде ғана емес, барлық жерде көп айтылу керек.
|
|
Қарашаның 29-ы
|
Палестина халқымен ынтымақтастықтың халықаралық күні
1978 жылдан бері жыл сайын атап өтіледі. Бас Ассамблея 1977 жылы қарашаның 29-ын Палестина халқымен ынтымақтастықтың халықаралық күнін (№А/RES/32/40 қарарында) жыл сайын атап өту тарулы қаулы шығарды. 1947 жылы дәл осы күні Ассамблея Палестинаны бөлу туралы қарар қабылдады (181 (ІІ) қарар).
|
|
Желтоқсанның 1-і
|
Жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісіне (ЖҚТБ) қарсы халықаралық күрес күні
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) жарияланған. 1988 жылы барлық елдердің Денсаулық сақтау министрлері тарихи кездесу өткізді. Тарихи болатын себебі, онда алғаш рет көпшілікті терең толғандырып жүрген ЖҚТБ ауруы туралы сөз болды. Дәл сол кезден бастап, желтоқсанның 1-і ЖҚТБ-ға қарсы күрес күні деп белгіленді.
Алғашқы рет вирус туралы Лос-Анджелестің жас иммунологы дәрігер Майкл Готтлиб хабарлаған. Ауруларды бақылау орталығының күнделікті бюллетенінде Готтлиб өз хабарларын жазып отырды, бұл жазба аурудың бірінші медициналық жазбасы болды. Бірақ та бұл ауруды 1986 жылы Сан-Францисконың дәрігері Роберт Галооның дәлелі негізінде Халықаралық вирустардың таксономия комитеті жаңа вирусқа АҚТҚ, ал ауруға - «жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі» - ЖҚТБ атын берді.
|
|
Желтоқсанның 2-сі
|
Құлдықты жою үшін күрестің халықаралық күні
БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен атап өтіледі. 1949 жылғы желтоқсанның 2-інде БҰҰ Бас Ассамблеясының 4-ші сессиясы адам сату және үшінші тұлғаны жезөкшелікке пайдаланумен күрес туралы конвенциясы қабылданды.
|
|
Желтоқсанның 3-і
|
Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні
Бұл күн адамгершілігі, құқықтары мен амандағы сенімді қорғалуы қажет тумысынан өмірдің азабын тартқан мүгедек жандарға қоғамның назарын аудару мақсатында 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген.
Мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамның экономикалық әлуметтік саласының дамуына қатысуын толығымен нәтижелі түрде қамтамасыз етілуі БҰҰ жарғысында, Жалпы адам құқығын қорғайтын декларацияда терең тамырландырылған. Ол және де Мыңжылдық декларацияда және соңғы онжылдықтың бүкіл басты дүниежүзілік конференцияларының қорытындыларында көрсетілген. Және де, міндетті түрде мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты Дүниежүзілік қызмет бағдарламасының, мүгедектерге бірдей мүмкіндік беретін Стандартты ережелердің өзегін құрайды.
|
|
Желтоқсанның 5-і
|
Экономикалық және әлеуметтік дамуға көмек көрсетуші
еріктілердің халықаралық күні.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 1985 жылы үкіметтерге жыл сайын 5-ші желтоқсанды - Экономикалық және әлеуметтік дамуға көмек көрсетуші еріктілердің халықаралық күні деп атап өтуді ұсынды.
|
|
Желтоқсанның 7-сі
|
Азаматтық авиацияның халықаралық күні
1996 жылғы желтоқсанның 6-ында Бас Ассамблея желтоқсанның 7-ін «Азаматтық авиацияның халықаралық күні» деп жариялап, үкімет пен басқа да ұлттық, аймақтық, халықаралық, үкіметаралық ұйымдарды осы күнді тойлауға сәйкес мерекелік шаралар өткізуін ұсынды (51/33 қарар).
|
|
Желтоқсанның 9-ы
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күні
2004 жылдан бастап жыл сайын аталып өтеді. БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған (№А/RES/58/4 2003 жылғы қарашаның 21-індегі қарар).
|
|
Желтоқсанның 10-ы
|
Адам құқықтарының халықаралық күні
1950 жылдан бастап атап өтіледі.
1948 жылғы желтоқсанның 10-ында БҰҰ Бас Ассамблеясы Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын қабылдады.
Онда адам дүниеге келгенінен бастап нәсілінен, терісінің түсінен, жынысының, тілінің, дінінің, саяси, басқа да көзқарастырынан, ұлттық және әлеуметтік шығу тегінен, мүлігінен, сословиелігінің және басқа да жағдайларынан тәуелсіз қандай құқықтар тән екендігі көрсетілген.
Барлық адамдар нәсіліне, терісінің түсіне, жынысына қарамастан дүниеге ерікті және тең болып туылады.
|
|
Желтоқсанның 11-і
|
Халықаралық тау күні
Халықаралық таулар күні 2003 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші шешімі бойынша желтоқсанның 11-інде тойланады (№A/RES/57/245 қарары). 2004 жылдан бері БҰҰ шешімі бойынша «Бейбітшілік - таулардың тұрақты дамуына кілт» атты ұранмен өткізіледі. Бас Ассамблеяның қарарында ерекше өзекті мәселелер белгіленген, таулы аймақтардың тұрақты дамуына бағытталған. Бұл күні Бас Ассамблея халықаралық бірлестіктерге жоғары деңгейдегі мерекелік шаралар ұйымдастыруына шақырды, оның мақсаты таулы аймақтардың тұрақты дамуын насихаттау.
Жер шарының шамамен төрттен бірін алып жатқан таулар 10 пайызға жуық тұрғындардың үйі. Бұл - өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін көптеген түрлері үшін қорық, жердегі негізгі өзендердің қайнар көзі.
|
|
Желтоқсанның 18-і
|
Халықаралық көші-қон күні
ЭКОСОС-тың ұсынысы бойынша (2000 жылғы шілденің 28-дегі 2000/288 шешімі) БҰҰ Бас Ассамблеясы желтоқсанның 18-ін «Халықаралық көші-қон күні» деп бекіткен (55/93 қарары). 1990 жылы осы күні Барлық еңбек етіп жүрген оралмандарды және олардың отбасын қорғау туралы халықаралық конвенция қабылданды.
|
|
Желтоқсанның 19-ы
|
БҰҰ-ның «Оңтүстік-Оңтүстік» ынтымақтастық күні
БҰҰ Бас Ассамблеяның (№A/RES/58/220 қарары) қаулы шығаруымен 2004 жылдан бастап желтоқсанның 19-ында жыл сайын тойланады. Бұл күні Бас Ассамблея дамушы елдер арасындағы техникалық ынтымақтастықты дамыту мен жүзеге асыру жөніндегі Буэнос-Айрес іс-әрекет жоспарын мақұлдады.
«Оңтүстік-Оңтүстік» ынтымақтастықта дамушы елдер арасында ынтымақтастық бар екенін түсіну керек. Бас Ассамблеяның қарарында айтылғандай, дамушы елдер «Оңтүстік-Оңтүстік» ынтымақтастықтың басты жауаптылығын алып жүруі керек, біруақытта дамушы елдерге ынтымақтастықтың кеңейтуіне көмек көрсетуіміз керек. «Оңтүстік-Оңтүстік» ынтымақтастығы «Солтүстік-Оңтүстік» ынтымақтастығын қандай жағдай болмасын ауыстырмауы қажет.
|
|
Желтоқсанның 20-сы
|
Адамдар ынтымақтастығының халықаралық күні
Кедейшілікті жоюмен күрес жөніндегі БҰҰ-ның бірінші онжылдығы шеңберінде Бас Ассамблея жыл сайын желтоқсанның 20-ында Адамдар ынтымақтастығының халықаралық күні деп шешім шығарды (№A/RES/58/220 қарар). Бұл шешімді қабылдау кезінде Бас Ассамблея Мыңжылдық декларацияда ынтымақтастық XXI ғасырдағы халықаралық қатынастар негізі болып табылатын түпкілікті және салалы құндылық деп танылғанын еске салды.
|
III. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЖЫЛДЫҚТАР МЕН ЖЫЛДАР
|
2011
|
Халықаралық орман жылы
|
|
2011
|
Халықаралық африкадан шыққан халықтар жылы
|
|
2011
|
Халықаралық жастар жылы: сұхбат және өзара түсіністік (2010 жылдың тамыз айының 12-нен 2011 жылдың тамыз айының 12-не дейін)
|
|
2011
|
Халықаралық химия жылы
|
|
2011-2020
|
Жол қозғалысы қауіпсіздігінің онжылдығы
|
|
2003-2012
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының сауаттылық онжылдығы: баршаға білім беру
|
|
2005-2014
|
Әлемнің тұрғылықты халықтарының екінші халықаралық онжылдығы
|
|
2005-2014
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму мүддесіне білім берудің онжылдығы
|
|
2005-2015
|
«Тіршілік үшін су» іс-әрекетінің халықаралық онжылдығы
|
|
2006-2016
|
Зардап шеккен өңірлерді оңалту және тұрақты дамыту онжылдығы (Чернобыльдан кейінгі үшінші онжылдық)
|
|
2008-2017
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының кедейшілікті жою үшін күрес бойынша екінші онжылдығы
|
|
2010-2020
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының шөл және шөлейттенумен күреске арналған онжылдығы
|
|
2012
|
Халықаралық кооперативтер жылы
|
IV. БАСҚА ДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙРАМДАР
|
Қаңтардың 1-і
|
Жаңа жыл
Бұл жарық және қуанышты мейрам әр түрлі елдерде әр түрлі тойланады, бірақ бұл мейрамды барлық жақта асыға күтеді. Жаңа жыл мейрамын тойлау дәстүрі алғашқы рет Месопотамида пайда болды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша бірінші Жаңа жыл мейрамы біздің эрамызға дейін үшінші мыңжылдықта мерекеленген. 12 күнге созылған салтанатты шерумен, карнавалмен, маскарадтармен бұл оқиға белгіленген. Мейрам кезінде жұмыс жасауға және сотта үкім шығаруға тиым салынған.
|
|
Қаңтардың 1-і
|
Бейбітшілік күні. Бүкіләлемдік бейбітшілікке ғибадат ету күні.
1967 жылғы желтоқсанның 8-інде Рим Папасы Павел VI жаңа - «Дүниежүзілік бейбітшілік күні» мейрамын жариялады.
1969 жылы жетоқсанның 17-інде БҰҰ Бас Ассамблеясы аталмыш мерекені ресми түрде жариялады.
|
|
Қаңтардың 11-і
|
Бүкіләлемдік «Рахмет» күні
Қаңтардың 11-і жылдың ең «әдепті» күні болып саналады - бұл күні Бүкіләлемдік «рахмет» күні тойланады. Біз жақсы үлгінің мағынасын жақсы ұғынамыз, және оны күнделікті өмірде пайдаланамыз, бірақ біз алғыстың көптен бір бөлігін жүре айтамыз...
БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның бастамасымен пайда болған бұл мейрамның өзіндік мағынасы мол, өйткені бұл мейрамды азаматтығына, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан бүкіләлем болып тойлайды.
|
|
Қаңтардың үшінші жексенбісі, 2011 жылғы қаңтардың 16-і
|
Діндердің Бүкіләлемдік күні
БҰҰ-ның бастамасымен 1950 жылдан бастап, қаңтардың үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
|
|
Қаңтардың 21-і
|
Достық құшақтың халықаралық күні
Бұл жаңа мерекенің дәстүрі бойынша танымайтын адамды да достық құшағына алуға болады. Мереке батыс еуропалық студент жастардан бастау алады. Бірақ неге нақ осы күні тойланатыны белгісіз. Бұл күні қыздар мен жігіттер сырластық қитұрқысыз құшақ алмастырады. Достық құшақтасу кезінде адамдар бір-бірімен жан жылуын алмастырады деп есептейді. Батыста әр мемлекетте құшақтасу бейімділігін анықтау үшін өздерінше зерттеулер өткізді. Зерттеудің қорытындысы бойынша еуропалықтар орта есеппен есептегенде сағатына жүз рет бір-біріне қол тигізеді, ал американдықтар сағатына екі үш рет қана.
|
|
Қаңтардың 26-ы
|
Кеденшілердің халықаралық күні
1952 жылғы қарашада кедендік ынтымақтастық кеңесін құру туралы конвенциясы күшіне енді. 1953 жылғы қаңтардың 26-ында Брюсселльде кедендік ынтымақтастық кеңесінің бірінші сессиясы өтті, аяғында (1994жылы) қазіргі - дүниежүзілік кедендік ұйым өзінің атын алған.
30 жылдан кейін, 1983 жылы нақ осы күн Кеденшілердің халықаралық күні жыл сайын атап өтілетін мейрам болып таңдалды.
Кеденшілердің халықаралық күні ғаламшардағы кеден қызметінің халықаралық ынтымақтастығына себепші болып қана қоймай, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік, экономикалық дамуына кеден қызметтінің маңыздылығын қоғам назарын аудару болып табылады.
|
|
Қаңтардың 28-і
|
Ядролық қаруға қарсы жұмылудың халықаралық күні
1985 жылы Үндістан, Аргентина, Грекия, Мексика, Танзания және Швецияның мемлекет және үкімет басшыларының Делиде өткен кездесуінде Дели декларациясы қабылданды. Онда ядролық қаруы бар ірі мемлекеттерді, басқа да елдердің парламенттері мен үкіметтерін ядролық қаруды көбейту ісіне қарсылық білдіруге шақырды.
|
|
Ақпанның 2-і
|
Бүкіләлемдік сулы-сазды жерлер күні.
Ақпанның 2-інде Бүкіләлемдік сулы-сазды жерлер күні атап өтіледі.
1971 жылғы ақпанның 2-інде Рамсар қаласында (Иран) Сулы-сазды жерлер конвенциясына қол қойылды. 1997 жылы дәл осы күні Бүкіләлемдік сулы-сазды жерлер күні жарияланды.
Бұл оқиға әр түрлі елдердегі қоғам мен үкіметтерінің назарын жер шарының тұрақты дамуын қолдауға пайдалы сулы-сазды жерлердің құндылығына аударуға шақырады.
|
|
Ақпанның 6-і
|
Халықаралық саамдар күні
Солтүстік Еуропаның байырғы халықтарының мейрамы - төрт елдің саамдары (Ресей, Норвегия, Швеция және Финляндия).
|
|
Ақпанның 6-і
|
Халықаралық бармен күні ( Қасиетті Аманда күні)
Көптеген мемлекеттерде бармен мен рестораторлардың кәсіби мейрамы қасиетті Аманда күні атап өтіледі.
Шарап ашытушы мен бармендердің қорғаушысы қасиетті Аманда, Маастрихит епископбы (584-679) Францияның, Германия мен Фландрияның шарап ашытатын аймақтарында шарап ашытушылардың, шарап сатушылардың, сырашының, бар мен мейрамхана иелерін, және де бар жұмысшыларының (барменнен ыдыс жуушыға дейін) ресми қорғаушысы болып табылады.
|
|
Ақпанның 9-ы
|
Тіс дәрігерлерінің халықаралық күні
Александрияда III ғасырда өмір сүрген Әулие Аполлонияны еске алу құрметіне бекітілген. Аполлония - Христосқа сенген көрнекті александрлық шенеуніктің қызы. Аполлонияны христиандықтан бас тартуын талап етіп, қатаң жазаға тартады. Аполлония өлім алдында шімірікпеген. Қиналуы мен өжеттігі сол кездегі замандастарын қатты толқытқан, кейін Аполлония есімі естілсе не оған сыйынса - тіс ауруы қоя салады деген аңыз шыққан. 300 жылы Аполлония қасиетті азап шегуші ретінде заңдастырылған. Оның күні - ақпанның 9-ы.
|
|
Ақпанның 11-і
|
Дүниежүзілік аурулар күні
1992 жылы мамырдың 13-інде Рим папасы Иоанн Павел II бекіткен. Католиктермен Лурдскалық Ана құдай күні тойланады.
|
|
Ақпанның 14-і
|
Компьютершілер күні
1946 жылы бірінші шын мәнінде жұмыс істейтін электронды ENIAC компьютері шығарылды. ENIAC компьютері практикалық мақсатта жұмыс істейді. Осы ENIAC-тан қазіргі компьютерлер есептеудің екілік жүйесін мұраланған. ENIAC-ты сол кездегі маңызды қажетті шешімін шығару үшін өндірген: әскердің кем есептейтін баллистикалық кестесі үшін. Әскерде артиллерия мен авиацияға қажеті баллистикалық кестені кем есептейтін бөлім бар. Бұл бөлімде адамдар Әскери Калькулятор лауазымында жұмыс істеді. Әрине бұл «есептеуіш қордың» қуаттылығы мен өнімділігі әскерде жеткіліксіз. Сондықтан 1943 жылдың басында кибернетиктер ENIAC компьютерінің жаңа есептеуіш құрылғысының концепциясын өңдеуге кірісті.
|
|
Ақпанның 17-і
|
Мейірімнің риясыз көріну күні
Бұл мейрамның жалпы дүниелік мағынасы бар, бұл мейрамды дүниежүзі азаматтығына, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан тойлайды. Бұл күні ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, барлығына мейірімді болуға тырысу керек, жәй ғана мейірімді емес, шексіз және пайдакүнемсіз мейірімді болу керек.
|
|
Ақпанның 19-ы
|
Бүкіләлемдік киттер күні
Бүкіләлемдік киттер күні - 1986 жылы Халықаралық кит аулау (International Whaling Commission - IWC) комиссиясында бекітілген. Сол жылы ақпанның 19-ында Халықаралық кит аулау комиссиясы дүниежүзінде кит аулау өнеркәсібі мен кит етін сатуға тиым салған. Бірақ, ақпанның 19-ы киттерді қорғау күні ғана емес, сонымен бірге барлық мұхит пен теңіз сүт қоректілерін қорғау күні. Кейде әр мемлекеттің экологиялық ұйымдары жиналып, осы күнді толығымен жоғалып кету үстіндегі бірегей бір сүт қоректіні қорғауға арнайды.
|
|
Ақпанның 22-і
|
Қылмыс құрбандарына қолдау көрсету туралы халықаралық күні
1990 жылғы ақпанның 22-інде Англияның үкіметі «Қылмыс құрбандарының хартиясын» жариялады.
1985 жылы қыркүйекте БҰҰ-ның жетінші конгресі қылмыс құрбандары мен билікті пайдаланғандар үшін Әділеттіліктің маңызды қағидалары декларациясын бекітті. Осы жылдың 29-шы қарашасында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бұл Декларацияны қабылдады. Жыл сайын аталып өтеді.
|
|
Наурыздың 1-і
|
Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні
1990 жылы Бас Ассамблеяның Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) 9-шы сессиясында Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін жыл сайын наурыздың 1-інде атап өту туралы шешім шығарылды. 1972 жылы дәл осы күні ХАҚҰ-ы үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болған.
Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні азаматтық қорғау мен қорғаныс ұлттық қызметтері атқаратын маңызды мақсаттарына қоғам назарын аудару үшін аталып өтеді.
|
|
Наурыздың 3-і
|
Жазушылардың дүниежүзілік күні
1986 жылғы қаңтардың 12-і мен 18-і аралығында өткен Халықаралық Пен-клубтың 48-ші конгресінің шешімімен атап өтіледі.
ПЕН-клубтың негізі 1921 жылы қаланды. Ұйымның атауы - ағылшын сөзінің бірінші әрпінен құралған poets - поэттер, essayists - очеркистер, novelists - романистер аббревиатурасы. Бұл жағдайдың аббревиатурасы ағылшын тілінен аударғанда pen - қалам сөзінің сәйкес келуін ескерте кету керек.
|
|
Наурыздың 9-ы
|
Халықаралық ди-джей күні
Халықаралық ди-джей күні - бұл тек ресми мейрам ғана емес, сонымен қатар маңызды қайырымдылық оқиға, ол 2002 жылдан бастап халықаралық клубты өнеркәсіптің атынан өткізіледі. Жыл сайын наурыздың 9-ында Ди-джей күнінің қарсаңында дүниежүзі бойынша балалар үйіне көмек атты қайырымдылық акциясы өтеді.
|
|
Наурыздың 11-і
|
Халықаралық бүйрек күні
Бүкіләлемдік Бүйрек Күні ISN (International Society of Nephrology, Халықаралық нефрологиялық қоғам) және IFKF (International Federation of Kidney Foundations, Бүйрек қорлары халықаралық федерациясы) бастамасымен жыл сайын, наурыздың екінші бейсенбісінде аталып өтеді.
|
|
Наурыздың 14-і
|
Халықаралық өзен, су және өмір үшін бөгеттерге қарсы күрес күні
Халықаралық өзен, су және өмір үшін бөгеттерге қарсы күрес күні «Өзен,Су және Өмірді қорғау» атты ұранмен «Халықаралық өзендер желісі» американдық қоғамдық ұйымының бастауымен дүниежүзінде наурыздың 14-інде аталып өтеді. 20 ғасырда бөгеттер техникалық прогресстің бірден-бір символына айналды, бірақта олардың пайда болу уақытты одан да алыс: ол көне Мысырда және Месопотамиида, және де адамдар мекен еткен аймақтарда жер мен тастан салынған. 1853 жылы ғана бөгеттердің салу құрылысының конструктивті негіздерін француз инженері Де Сазилли теориялық түрде дәлелдеген. 1997 жылы наурызда Бразилияның Куритиба қаласында ірі бөгет құрылыстарын салуға қарсы бағытталған Бірінші халықаралық конференция өтті. Конференцияның шешімімен наурыздың 14-тін Өзен, Су және Өмірді қорғау үшін бөгеттермен күрес күні деп бекітіп, жыл сайын атап өтілетін болды.
|
|
Наурыздың 14-і
|
Халықаралық П санының мейрамы.
П саны - шеңбер ұзындығынның байланысын диаметр ұзындығына білдіретін математикалық константа. П-ның сандық мағынасы 3,141592 деп басталады және шексіз математикалық жалғасы бар.
|
|
Наурыздың 15-і
|
Бүкіләлемдік тұтынушы құқы күні
1961 жылғы АҚШ Конгресінде Джон Ф.Кеннеди сөз сөйлеуі жылдық мерекесінде атап өтіледі. Өз сөзінде ол тұтынушының негізгі төрт құқын атап өтті: қауіпсіздігін сақтау құқығы, ақпарат алу құқығы, таңдау құқығы және сөзін тыңдату құқығы.
Кейінірек бұған тағы да төрт құқық қосылды: келтірілген зиянды өтеу құқығы, тұтынушы біліміне құқығы, негізді қажеттілігін қанағаттандыру құқығы, таза қоршаған ортада өмір сүру құқығы.
1983 жылы наурыздың 15-і халықаралық мейрамдар күнтізбесінде Бүкіләлемдік тұтынушы құқы күн бекітілді.
|
|
Наурыздың 18-і
|
Париж коммунасы күні
1871 жылы тұңғыш пролетарлық революция жүзеге асып - Париж коммунасы құрылды. 1872 жылғы 20 ақпаннан бері Париж коммунасының күні ретінде аталып келеді.
|
|
Наурыздың 20-ы
|
Халықаралық франкофония күні
Бұл - француз тілінде сөйлейтін елдердің мейрамы. Бүгінгі таңда бірнеше күнге созылатын франкофония мерекесі, күнделікті француз тілінде сөйлесетін әлемнің 47 елін біріктіреді. Ал осы франкофония терминін тұңғыш рет француздық ғалым-географ Элизе Реклю қолданған болатын. 1970 жылғы наурыздың 20-ы күні Нигер астанасы Ниамей қаласында бүкіләлемдік франкофония ұйымы құрылды. Ұйымның негізгі мақсаты барлық француз тілін сүюшілердің басын біріктіру, француз және франкотілдес елдердің мәдениетін тарату және танымал болуына жәрдем беру еді. Әдетте осы мереке күндері ғылыми конференциялар, филологиялық семинарлар, концерттер, таныстырылымдар, пікірсайыстар өтеді.
|
|
Наурыздың 20-ы
|
Бүкіләлемдік астрология күні
Астрология (грек тілінде astron - «жұлдыз» және logos - «сөз, ілім») - жер шарына және адамға жұлдыздардың әрекет етуі туралы ілім. Астрология ежелде қалыптасқан, жұлдызды ғибадатпен және жұлдызды аңызбен тығыз байланысты. XX ғасыр аяғында батыс жұлдызшылары астрология күнін наурыздың 20-ында, астрономиялық және астрологиялық жыл басталған уақытта атап өтуді ұсынды. Күн бұл кезде тоқты белгісіне енеді (көктемгі күн мен түннің теңесу күні 20-21 наурызға сәйкес келеді).
|
|
Наурыздың 21-і
|
Көктемгі күн мен түннің теңесу күні. Жер күні (тағы да сәуірдің 22-інде қараңыздар)
1971 жылғы наурыздың 21-інде БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімінде жарияланған. Қазір ол дүниежүзінің 167 мемлекеттінде атап өтіледі. Дүниежүзілік Жер күні тағы да сәуірдің 22-інде атап өтіледі. 1990 жылы алғашқы рет халықаралық мейрам ретінде атап өтілді. Қоршаған ортаны қорғау туралы жаһандық мәселелердің ұзақ мерзімді шешімінің бастамасы. АҚШ-тың бастамасымен өтеді, онда ол 1970 жылдан бастап дәстүрлі түрде атап өтіледі.і
|
|
Наурыздың 21-і
|
Бүкіләлемдік ұйқы күні
Бұл атаулы күн 2002 жылдан бастап, Еуропада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйымдастыруымен ұйқы және денсаулық проблемалары жөніндегі бүкіләлемдік жоба шеңберінде өтеді.
|
|
Наурыздың 21-і
|
Халықаралық қуыршақшы күні
2003 жылғы наурыздың 21-нен бастап Халықаралық қуыршақшы күні дәстүрлі түрде аталып өтеді. Халықаралық қуыршақшы күнін дүниежүзінде тойлау идеясы қуыршақшы театрының танымал қайраткері Дживада Золфагариходаға (Иран) тиесілі. 2000 жылы Магдебургтағы УНИМА-ның XVIII-ші Конгрессінде осы ұсынысты талқылауға берді.
|
|
Көктемгі күн мен түннің теңесу күніне таяу жексенбі күні - 2010 жылғы наурыздың 21-і
|
Планетарийлер күні
Ең алғашқы рет 1990 жылы Италияда өткізілген. Халықаралық мәртебеге 1994 жылы француздық «астрономия шіркеуі» қолдағаннан кейін ие болған. Бір жылдан соң бұл мейрамды Еуропаның басқа елдерінің планитарийлері қолдады. Көктемгі күн мен түннің теңесу күніне таяу жексенбіде тойланады.
Бұл мейрамды өткізу мақсаты - қоғамды планетарийлер қызыметімен таныстыру және астрономиялық білімді насихаттау.
|
|
Наурыздың 21-22-і
|
Көктем мейрамы, Бірқатар елдер бұл күнді, яғни «Наурыз», «Навруз», «Новруз», «Науруз» мейрамын жаңа жыл ретінде атап өтеді
«Ноуруз» сөзі парсының «ноу» - жаңа, «руз» - күн деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Кейбір мемлекеттерде Әзірбайджан, Ауғаныстан, Иран, Қырғызстан, Түрікменстан және т.б. жыл басын наурыздың 21-інде Көктемгі күн мен түннің теңесу күні тойлайды.
|
|
Наурыздың 22-і
|
Балтық теңізі күні
Жыл сайын Балтық теңізі күнін атап өту туралы 1986 жылы өткен Хельсинки конвенциясының (ХЕЛКОМ) 17-ші отырысында шешілген.
|
|
Наурыздың 27-і
|
Халықаралық театр күні
Венада өткен ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық театр институтының (ХТИ) ХІ-ші конгресінде бекітілген. 1962 жылдан бастап аталып өтеді.
|
|
Сәуірдің 1-і
|
Күлкі күні
Бұл күнді тойлау Францияда бастау алған деседі. Ежелгі римдіктер де ақпанның он жетісінде «ақымақтар мерекесін» атап өткен. Шығыс Үндістанда наурыздың отыз бірінде «қалжыңдау салты» ежелден етек алған екен. Әзілкештердің бұл әрекеті сәуірдің біріне тап келді. Сол кезден бастап, бұл ойын халық қолдауына ие болды. Әзіл қалжыңға бір иығын беріп тұратын қазақта да бұл күнге байланысты неше түрлі қызық әңгімелер бар. Ерте көктемнің ала құйын мінезін қалжыңмен жуып-шайғысы келген халық бұл күні жақындарын алдауға барын салады.
|
|
Сәуірдің 1-і
|
Халықаралық құстар күні
1906 жылы құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық конвенцияға қол қойылды. Құстардың барлық түрін жұмыртқа салу және жылы жаққа қайту мезгілдерінде қамқорлыққа алу, жоғалып кету қаупі бар құс түрлерін қорғау, құстарды аулаудың кейбір түрлеріне тыйым салу, құс өсіру және адамдарды табиғатты сақтауға сауаттандыру үшін қорықтар ашу осы конвенцияның негізгі қағидаларына жатады.
|
|
Сәуірдің 2-і
|
Халықаралық балаларға арналған кітап күні
1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің (1805-1875) туған күніне орай атап өтіледі.
|
|
Сәуірдің 4-і
|
Веб бағдарламашы күні
Сәуірдің 4-і - 4.04, 404 ұқсас қате («бұл бет табылмады») Веб - бағдарламашылар күні болып есептеледі. Бұл мереке тұтасымен виртуалды болғандықтан, біздердің атақты бағдарламашыларымыздың еңбектері нақты бола бермек. Бағдарламашы мамандығының маңызын күнделікті өмірде бағаламау өте қиын. Бұл қызмет түрі бұқаралыққа айналып келеді, сондай-ақ қазіргі қоғамның жаңалығын білдіреді.
|
|
Сәуірдің 8-і
|
Халықаралық сығандар күні
1971 жылдың 8-ші сәуірінде бірінші Бүкілдүниежүзілік сығандар конгресі өткізілді. Осы конгресте Бүкілдүниежүзілік сығандар одағы құрылып, әнұраны мен туы қабылданды.
Сыған туралы алғашқы естеліктер 1501 жылы сыған таборының көсемі Васильдің Литва князі Александр Казимировичтен күзет грамотасын алған кезден бастау алады. Бүгінгі таңда аталмыш мереке ірі сыған ұйымдары бар 60-қа жуық елде жыл сайын атап өтіледі.
|
|
Сәуірдің 8-і
|
Халықаралық тайцзи және цигун күні (имунитетті күшейтуге арналған көне қытайлық жаттығулар жүйесі).
Тайцзи и цигун - дем алу мен иммунитетті реттеуге арналған ежелгеқытайлық жаттығулар жүйесі.
Бұл күні дәстүр бойынша көпшілікке көрінетін жаттығулар өткізіледі.
|
|
Сәуірдің 11-і
|
Халықаралық фашистік концлагерлер тұтқындарын босату күні
1945 жылғы сәуірдің 11-інде Бухенвальда концлагерінің астыртын комитеті қарулы көтеріліс ұйымдастырып, тұтқындар азаттық алды. Сол кезден бастап барлық елде Халықаралық фашистік концлагерлердегі тұтқындарды босату күні атап өтіледі.
|
|
Сәуірдің 12-і
|
Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні
Сәуірдің 12-інде Дүниежүзілік авиация және космонавтика күнін тойлайды. 1968 жылдың қарашасынан бастап Халықаралық авиация федерациясының шешімімен бекітілген.
Бұл ерекше күн - қазіргі күні ғарыш пен ғылым саласында қызмет ететіндердің салтанатты күні болды. Тұңғыш ғарышкер - Юрий Алексеевич Гагарин бұл сапарға қазақ жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан аттанды. Байқоңыр басты ғарыш айлағына айналды, ол жерден совет кемелері, сосын ресей мен шетел кемелері ғарышқа аттанды.
Қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Гиннесс рекордтар кітабына енгізілген: оған дейін ешкім ашық космоста бірінші ұшу кезінде бір тәуліктен аса уақыт болған емес.
|
|
Сәуірдің 17-і
|
Бүкіләлемдік гемофиллия күні
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы мен Дүниежүзілік Гемофиллия Федерациясы бастамасымен 1989 жылдан бастап Дүниежүзілік гемофиллия күні жыл сайын аталып өтеді.
Сәуірдің 17-де Дүниежүзілік Гемофиллия Федерациясының негізін қалаушы Френк Шнайбель дүниеге келді.
Бұл күнді атап өту мақсаты қалың қоғамның назарын қан ұйығышынның бұзылуынан азап шегіп жүргендерге қарай бұру.
|
|
Сәуірдің 18-і
|
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні
Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. 2003 жылы осы тізімге еліміздегі «Әзірет Сұлтан» тарихи-архитектуралық кешені, Алматыға таяу Тамғалы тас шатқалындағы жартастарға салынған суреттер топтамасы кірді. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.
|
|
Сәуірдің соңғы толық аптасының сәрсенбісі, 2011 жылғы сәуірдің 20-ы
|
Халықаралық хатшылар күні
АҚШ-та 1952 жылдан бастап Халықаралық хатшылар күні аталып өтеді. Бұл күн АҚШ-та дәстүрге айналған Әкімшілік кәсіпқой қызметкерлерінің аптасы аясында өтеді. Мейрам сәуірдің соңғы толық аптасының сейсенбісінде тойланады. Қазір бұл мейрамды тек қана хатшылар ғана емес, сонымен қатар директор көмекшісі, офис-менеджерлері мен ассистенттер де, жалпы кеңсе жұмыстарымен байланысты қызметкерлер тойлайды.
|
|
Сәуірдің 24-і
|
Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні
Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні Дүниежүзілік демократиялық жастар федерациясының шешімімен жыл сайын 1957 жылдан бастап аталып өтеді. Бұл атаулы күн бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдардың жастар мәселелеріне назарын аударуға бағытталған. 1955 жылы Азия мен Африка елдерінің Бандунг конференциясында шешім қабылданған күннен бастап, отаршылдыққа қарсылық білдіріп, бейбітшілікті қолдайтын жастардың халықаралық ынтымақтастығы күні ретінде атап өтіледі.
|
|
Сәуірдің соңғы жексенбісі, 2011 жылғы сәуірдің 24-і
|
Дүниежүзілік бауырлас қалалар күні
Дүниежүзілік бауырлас қалалар федерациясының шешімімен, жыл сайын сәуірдің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. 1943 жылы Сталинград қаласына Англияның Ковентри қаласынан хат келді. Ковентри тұрғындары 1940-1941 жылдары жау қолында қалған батыр қаланың қаһармандығына таң қалып, Сталинградпен достастық комитетін құрған екен.
1992 жылы Халықаралық «Бауырлас қалалар» қауымдастығы құрылды. Бұл ұйым ТМД ауқымындағы қалалардың байланысын дамытып қана қоймай, серіктестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік жасайды.
2000 жылы бауырлас қалалар қауымдастығы 160-тан астам мемлекеттің 3500-ден аса қаласын біріктірді.
Қазақстан Елордасы - Астанамен әлемнің 12 қаласы бауырласқан, олардың арасында - Берлин, Мәскеу, Киев, Қазан, Тбилиси, Сеул, Пенсильвания штатындағы Питсбург, Италияның Мантуя сияқты қалалар бар.
|
|
Сәуірдің 26-ы
|
Радиациялық апат құрбандарын еске алу күні
1986 жылғы сәуірдің 26-ында Чернобыль атом электр стансасында апат болды. Ресей Федерациясы Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1993 жылғы сәуірдің 22-індегі қаулысына сәйкес атап өтіледі.
2005 жылғы тамыздың 26-ында Қазан қаласында өткен ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының кеңесінде Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың 20 жылдығына байланысты және халықаралық қоғамдастықтың назарын радиациялық қауіпсіздік мәселесіне аудару мақсатында «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің халықтары мен әлемдік қауымдастыққа үндеу» қабылданды.
2011 жылы Чернобыль атом электр стансасындағы апатқа 25 жыл толады.
|
|
Сәуірдің 28-і
|
Еңбекті қорғаудың дүниежүзілік күні
Әлемнің 100-ден астам елінде атап өтіледі. Аталмыш күнді атап өту идеясы 1989 жылы американдық және канадалық жұмысшылардың қаза тапқан жұмысшыларды еске алу мақсатында өткізген күннен (the Workers Memorial Day) бастау алады. 2001 жылы жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі.
|
|
Сәуірдің 29-ы
|
Халықаралық би күні
Бұл мереке ЮНЕСКО-ның шешімімен 1982 жылдан бастап, француздық балетмейстер, би өнерінің реформаторы әрі теоретигі Жан Жорж Новердің (1727-1810) туған күніне орай атап өтіледі. Халықаралық би күні - «барлық биді» бірге біріктіруіне қызмет етеді, өнердің осы түрінде мейрам жасау керек және оның саяси,мәдениетті және этникалық шекараны қиып өтетін мүмкіндігі бар, адамдарды достық пен бейбітшілік үшін қосу, би тілінде - сөйлесуге мүмкіндік беру.
|
|
Мамырдың 1-і
|
Еңбек мерекесі
Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні. Әлемнің 66 мемлекетінде атап өтіледі. 1886 жылы американдық жұмысшылар 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, ереуіл ұйымдастырды. Аяғы полицейлермен қақтығысқа ұласып, үлкен қантөгіс болды. 1889 жылғы маусымда ІІ Интернационалдың Париж конгресі Чикагодағы жұмысшылар ереуілін мәңгі есте қалдыру мақсатында жыл сайын бірінші мамырда шеру өткізу туралы шешім қабылдады.
|
|
Мамырдың 2-і
|
Халықаралық астрономия күні
Бұл мереке 1973 жылы Америкада дүниеге келіп, астрономия жанкүйерлерін «Астрономияны адамзатқа таныстырушылар» деген бір ұранның астына жинады. Бүгінде бұл қозғалысты Астрономия лигасы, Тынық мұхит Астрономиялық қоғамы, Халықаралық Планетарийлер одағы басқарады. Астрономия күнін әдетте сенбі күні, ай орталанып, сәуір аяқталып, мамыр бастау алар кезде тойлайды. Бұл күні көптеген елдерде мыңдаған астрономиялық клубтар, ғылыми мұражайлар мен расытханалар, планетарийлер әртүрлі қызықты шаралар ұйымдастырып, көпшілікке дәрістер оқып, телеконференция, біріккен жобалар жасап, жұлдызды аспанды телескоптармен тамашалатады. Сонымен, 2011 жылы григориан күнтізбесі бойынша мамырдың 2-інде атап өтіледі.
|
|
Мамырдың 3-і
|
Күн күні
1994 жылдан бастап Күн энергиясы халықаралық қоғамынының Еуропалық бөлімі жаңартылған энергия көзін пайдалану мүмкіндігіне назар аудару үшін еркінділік негізінде жыл сайын Күн күнін ұйымдастырады. Энтузиасттар мен кәсіпқой мамандар, қоғамдық ұйымдар мен бүкіл еуропаның фирмалары әр түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырды, және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігі туралы демонстрация өткізеді.
|
|
Мамырдың 5-і
|
Халықаралық мүгедектер құқын қорғау күні
1992 жылы Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектердің онжылдығы соңында (1983-1992 жылдары) Халықаралық мүгедектер күнін жариялады. Халықаралық мүгедектер күнін атап өту олардың мәселелеріне көңіл бөлуге, қадір-қасиетін, құқығы мен аман-саулығын қорғауға, мүгедектердің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірге қатысуынан қоғамға келетін басымдылыққа назар аударуға бағытталған.
|
|
Мамырдың 8-і
|
Дүниежүзілік Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест күні
1953 жылдан бастап, «Қызыл Крест» халықаралық қоғамының негізін қалаушы, швейцар гуманисі, қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының иегері Анри Дюнанның құрметіне жыл сайын атап өтіледі. Ал қозғалыстың өзі 1863 жылы Жаралыларға көмек көрсету жөніндегі халықаралық комиссия құрылған кезде пайда болып, алғашында соғыс майдангерлеріне және ұрыс барысында жарақаттанғандарға көмек көрсететін болған. 1864 жылдың тамызында Швейцарияда қол қойылған конвенцияға сәйкес, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің символы ретінде ақ фондағы Қызыл Крест алынған. 1906 жылы Осман империясында мұсылман елдерінің Қызыл Крестке ұқсас Қызыл Жарты ай қайырымдылық қоры құрылды. Осы екі қауымдастық та Женева қаласында штаб-пәтері орналасқан Халықаралық комитетке бағынышты. Әскери уақытта Комитет соғысушы елдермен және Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай аумақтық бөлімшелері арасында делдалық қызмет атқарады. Бұл ұйымның өкілдері тұтқындар мен босқындар лагерлері аймағына бөгетсіз өту құқықтары бар. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған екі қозғалыс әлемнің 180 еліндегі 400 миллионнан астам адамды біріктіреді. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай ұлттық қоғамы құрылып, 2003 жылдың желтоқсан айында Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамдары Халықаралық федерациясына қабылданды.
|
|
Мамырдың 8 және 9-ы
|
Екінші дүниежүзілік соғыстың құрбандарына арналған еске алу және бітімшілік күні
2004 жылғы қарашаның 22-інде Бас Ассамблея мамырдың 8-ін және 9-ын Екінші дүниежүзілік соғыстың құрбандарына арналған еске алу және бітімшілік күні жариялай отырып, БҰҰ-на мүше-мемлекеттерге, үкімет емес ұйымдарға, жеке тұлғаларға осы күнді Екінші дүниежүзілік соғыстың құрбандарының құрметіне жыл сайын лайықты түрде атап өтуіне ұсыныс жасады.
|
|
Мамырдың 9-ы
|
Еуропа күні
1950 жылы мамырдың 9-ында Парижде Франция сыртқы істер министрі Робер Шуман Франция, Германия және басқа еуропа елдерінің көмір және болат құятын өнеркәсіп салаларын (әскери техника өндіру негіздерін) біріктіріп, оны жаңа ұлттық құрылым басқармасына беруге шақырды. 1985 жылы Милан саммитінде Еуроодақ көшбасшылары Шуман Декларациясын мәңгі есте сақтауға шешім шығарып, жыл сайын мамырдың 9-ын «Еуропа күні» деп бекітті.
|
|
Мамырдың 12-і
|
Бүкіләлемдік медбикелердің күні
Қырым соғысы кезінде (1853-1856) санитарлар отрядын ұйымдастырып, басшы болған ағылшын медбикесі - Флоренс Найтингейлдің туған күніне орай атап өтіледі. Әр екі жыл сайын Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысы ең үздік медбикелерге Флоренс Найтингейл атындағы 50 медальды тапсырады.
|
|
Мамырдың 2-ші сенбісі, 2011 жылғы мамырдың 14-і
|
Дүниежүзілік әділетті сауда күні
Жыл сайын мамырдың екінші сенбісінде атап өтіледі, ал мамыр айы әділетті сауда айы деп есептеледі. Бұл күн Дүниежүзілік әділетті сауда ұйымының (World Fair Trade Organization) басқаруымен өткізіледі, онда 70 мемлекеттен 350 өндіруші ұжымы әділетті сауда ұйымына қатысқаны туралы жариялайды.
Әділетті сауда - бұл таңбасы бар және таңбасы жоқ тауарларға байланысты халықаралық стандарттар мен қоғамдық саясатты пайдалануды жақтайтын қоғамдық қозғалыс. Дамымаған елдерден дамыған елдерге экспортталған тауарларға көп көңіл бөлінеді. Әділетті сауданың тауарлары мыналар: шәй, кофе, какао, банан, және де қол-өнер туындылары мен киім-кешек. Ең бастысы олар құлдық пен балалар еңбегін пайдаланбай өндірілуі керек.
|
|
Мамырдың 3-ші жексенбісі, 2011 жылғы мамырдың 15-і
|
Бүкілдүниежүзілік Жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі (ЖҚТБ) құрбандарын еске алу күні
1983 жылдан бастап, мамырдың үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
|
|
Мамырдың 18-і
|
Халықаралық мұражай күні
1977 жылдан бастап жыл сайын әлемнің 150-ден астам елінде атап өтіледі. Осы күні барлық мұражайларда ашық есік күні өтеді. Қазақстанда 150 мұражай бар.
|
|
Мамырдың 20-ы
|
Дүниежүзілік метрология күні
Бұл күн өркениетті елдердің бәрінде арнайы түрде аталып өтіледі. Атап айтқанда түрлі кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер түрінде көрініс тауып, әр ел өздерінің метрология саласында жүргізген жұмыстарының қорытындысын шығарады. Сондай-ақ өзара тәжірибелерімен бөлісіп, маңызды деген мәселелер талқыға түсіп отырады.
Метрология (грек тілінде metron - өлшем және logos - сөз, ілім) - өлшеу туралы өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым. Метрологияның негізгі мәселелеріне: өлшеудің жалпы теориясы, физикалық шамалардың және оның жүйелерінің бірліктерін ұйымдастыру, өлшеудің әдістері мен құралдары, өлшеудің дәлдігін анықтау әдістері (өлшеудің қателіктер теориясы), өлшеу бірлігін және өлшеу құралдарының метрология жарамдылығын қамтамассыз ету (заңды метрология) эталондар мен өлшеу құралдарының үлгілерін жасау, эталондарды бірлік өлешемдерін тарату әдістері жатады. Метрология алғашқыда өлшеудің әр түрлі тегін (сызықты, сыйымдылық, салмақ, уақыт) жазумен сонымен қатар бірнеше мемлекеттерде қолданылған ақша және олардың ара қатынасын табумен айналысты. Метрологияның күрт дамуына 1975 жылы Метрикалық конвенциясының (құрамында 17 мемлекет бар) қорытындысы (Өлшеу мен таразылар және өлшеудің метрикалық эталонын жасаудың халықаралық мекемесі) себепші болды. Қазіргі кездегі метрология физика, химия т.б. жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін пайдаланып, физикалық тәжірибенің жоғарғы дәлдігіне сүйенеді. Қазақстанда алғашқы метрологиялық мекеме 1923 жылы Семей қаласында ұйымдастырылды. Ол 1925 жылы Семей және Жетісу губернияларындағы таразыларды, ұзындық пен көлем өлшемдерін тексеруді жүзеге асыратын өз алдына жеке палата болды. Оның бөлімдері Петропавл, Ақтөбе, Алматы қалаларында жұмыс істеді. 1930 жылы палата Алматыға көшірілді. 1974 жылы Алматы қаласында арнайы эталондар сақтайтын ғимарат салынды.
Республиканың метрологиялық қызметінде тексеру жұмыстарын жүргізу үшін 20 жұмыс эталоны (қысым, температура, масса, ұзындық, электрлік сыйымдылық, электрлік кедергі, түзу, түзу сызық, т.б.) қолданылады. 2000 жылы Қазақстанда мемлекеттік уақыт және жиілік эталоны пайдалануға енгізілді.
|
|
Мамырдың 21-і
|
Жұмыссыздықтан қорғау күні
Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша жұмыссыздардың саны миллиард адамға жетеді. Бұл ғаламшардағы жұмыс күшінің үштен біріне тең.
|
|
Мамырдың 24-і
|
Славян жазуы мен мәдениеті күні (Қасиеті Кирилл мен Мефодий күні)
Бұл мейрам славян халқының алғашқы ұстаздарының қасиетті тең апостолы ағайындылар Кирилл мен Мефодий (ІХ ғ.) құрметіне арналған. Қазіргі ресей күнтізбесіндегі Екінші мемлекеттік-шіркеулік мейрамы (Рождестводан кейін). Мейрамның шығу тарихы шіркеу дәстүрлерінен тарайды, Х-ХІ ғасырларда Болгарияда болған. Қасиетті ағайындылар құрметіне арналған мейрамды атап өту, өткен заманда да барлық славян халықтарында өз орны болған, содан кейін тарихи және саяси жағдайлардың ықпалымен өзінің мағынасын жоғалтты. ХІХ ғасырдың басында славян халқының жаңғыртылуы мен славяндардың алғашқы ұстазының ойы да өзгерді. 1863 жылы мамырдың 11-і (мамырдың 24-і жаңа түрде) орыс жеріндегі қасиетті Кирилл мен Мефодийдің құрметіне арналған мейрамды тойлауға үкім шығарды.
|
|
Мамырдың 24-і
|
Еуропалық саябақтар күні
Еуропалық ұлттық және табиғи саябақтар федерациясы жариялаған. Аталмыш еуропалық ұйым Еуропаның 36 еліндегі қорғалатын табиғи аймақты біріктіреді. Ең алғашқы рет 1999 жылы өткізілген бұл күн енді бүкіл Еуропада жыл сайын мамырдың 24-інде мерекеленеді.
1909 жылғы мамырдың 24-інде Швецияда тоғыз Еуропалық Ұлттық Саябақтың біріншісі құрылуына байланысты мереке күні таңдалды. Бүгін де Еуропалық саябақтар күні қоршалған жердің халықаралық ынтымақтастықтың символы. Мерекенің пайда болу себебі Еуропа қорықтарының жағдайын жақсарту және олардың жұмысына қоғам қолдаушылығын көтеру болды.
|
|
Мамырдың 25-і
|
Африканың азаттық күні
1963 жылы Эфиопия астанасы Аддис-Абебада болып өткен Африка елдері басшыларының І конференциясында Африка елдерінің бірлігі ұйымы құрылды. БҰҰ-ның шешімімен бұл күн Африканың азаттық күні деп жарияланды.
|
|
Мамырдың 31-і
|
Дүниежүзілік аққұба күні
Көптеген анекдот кейіпкерлері, шаштараз өнері мен тотық сутегінің тұтқындары, гламур әлемінің бейкүнә құрбандары, солярии мен силикон әміршілері, нағыз джентельмендердің сүйіктілері және әйелдің жоғары логикасының иелері. Барлығы осы күнді алғашқы рет 2006 жылы лайықты атап өтті. «Бриллиантовая шпилька» атты сыйлығының тапсыру рәсімі өтті - бұл аққұбаларға арналған бірінші сыйлығы.
Ғалымдардың есептеуі бойынша таза аққұбалар өмірде аз болып келеді, олардың есебі бойынша 2202 жылға дейін аққұбалар жер бетінен мүлдем жоғалып кетеді. Соңғы 50 жыл ішінде бүкіл жер шарының тұрғындарының жалпы санынан аққұбалар саны 49 пайыздан 14 пайызға дейін қысқарды. Оның себебі бірнеше: біріншіден, бала аққұба болып туылуы үшін, оның ата-анасының шаштары ақшыл болуы керек. Екіншіден, қара шашқа ие елдердің халқы ұдайы өсуде, ал еуропалықтар - немістер, скандинавтықтар, ресейліктер «аққұба генін» тасымалдаушылар көбінде бір баламен ғана шектеледі. Ақшыл шашы бар соңғы адам Финляндияда дүниеге келеді деген тұжырым бар, өйткені онда ақшыл шашы бар адамдар көп кездеседі.
|
|
Маусымның 1-і
|
Балаларды қорғаудың халықаралық күні
Жыл сайын өткізілетін балаларды соғыс қаупінен қорғау, денсаулығын сақтау күнін атап өту 1949 жылы Әйелдердің Халықаралық демократиялық федерациясы кеңесінің сессиясында қабылданған. Алғаш рет 1950 жылы 51 елде атап өтілді.
|
|
Маусымның 9-ы
|
Халықаралық достар күні
Барлық уақытта барлық халық достықты үлкен әлеуметтік және адамгершілік құндылық деп таныса да «шынайы достықты» өте сирек деп санаған, ал кемелденген кезін өткен уақытқа жатқызады. Халықаралық достар күні өмірдегі әртүрлі қиын-қыстау жағдайларға қарамастан досымыздың қаншалықты қымбат екенін айта отырып, оларды қуанту үшін ойлап табылған күн.
|
|
Маусымның 9-ы
|
Дүниежүзілік аккредитация күні
2008 жылғы маусымның 9-ында құрылды. Мерекені құру негізі жаһандық бастама болды, Халықаралық Аккредитация Форумымен (IAF, International Accreditation Forum) Халықаралық ынтымақтастықтың аккредитация зертханасының (ILAC, International Laboratory Accreditation Cooperation) ортақ шешімімен қолданған, оған аккредитацияға байланысты жұмыстардың назарын аудару мақсатында құрған.
ILAC халықаралық бірлестігі 30 жыл бұрын құрылған, оған 70 елдің аккредитация органдарының өкілдері кіреді. Аккредитация органдарымен дүниежүзілік келісімге қол қойылды, ол шекара сыртында да тауар мен қызметінің кеңейтілуіне жағдай жасайды.
|
|
Маусымның 21-і
|
Музыка мерекесі
Францияда, ең алғаш рет 1982 жылы маусымның 21-нен 22-іне қараған түні музыка мерекесі өтті. Бұл күні барлық кәсіпқой музыканттар мен музыка өнеріне енді араласып жүргендер жиналып, Францияның барлық қалаларында қайырымдылық концерттерін өткізеді. Қазір Музыка мерекесі халықаралық мәртебеге ие және маусымның 21-де 5 құрлықтағы 100 мемлекетте атап өтіледі.
|
|
Маусымның 21-і
|
Халықаралық скейтбординг күні
Скейтборд индустриясында жұмыс істейтін барлық ірі компаниялар кіретін IASC (International Association of Skateboard Companies) компаниясы маусымның 21-ін Скейтбординг күні деп жариялады.
Дүниежүзінде бұл күні барлық скейтерлер далаға шығып скейтборд тебеді және мейрамды тойлайды. Қазіргі скейтбордтың бірінші тұлғасы
Бүгінгі скейтбордтың түп тұлғасы 1958 жылы АҚШ-та пайда болды. Тақтайдың формасы тік төртбұрыш болған және қазіргі үлгіге онша ұқсамайтын. Сосын Ричард Стивенсон тақтайға «артқы жағын» қосып және оны жоғарыға бұруын ойлап шығарды. Осы күйінде скейтборд біздің заманымызға жетті.
|
|
Маусымның 21-22-і
|
Жаздың ең ұзақ күні
Дәл осы күні Солтүстік жарты шарда ең ұзақ күн болса, Оңтүстік жарты шарда ең қысқа күн болады.
|
|
Маусымның 23-і
|
Халықаралық Олимпиадалық жүгіру күні
Қазіргі Олимпиадалық қозғалыстың басшы органы - Халықаралық олимпиадалық комитеттің құрылған жылынан (1894 жылғы маусымның 23-і) бастап атап өтіледі.
|
|
Маусымның 27-і
|
Дүниежүзілік балықшылар күні
1984 жылдың шілде айынан бастап Римде өткен Балық аулауды бақылау және дамыту жөніндегі халықаралық конференцияның шешімі бойынша жыл сайын атап өтіледі.
|
|
Шілденің 2-і
|
Спорт журналистерінің халықаралық күні
Спорт журналистерінің халықаралық күні 1995 жылдан бастап Халықаралық спорт баспасөз қауымдастығының бастамасымен тойланады. 1924 жылы Парижде Халықаралық спорт баспасөз қауымдастығының құрылуына орай аталып өтілді.
|
|
Шілденің 6-ы
|
Бүкіләлемдік өбісу күні
Аталмыш күнді алғаш ағылшындар ойлап шығарған. Кейінірек ол Біріккен Ұлттар Ұйымымен бекітілген. Дәрігерлердің пікірінше сүйісудің адам баласы үшін пайдалы жақтары өте мол. Медициналық сараптамалардың қортындысына қарағанда өбісу сәтінде адамның қан айналымы жақсарып, өмір сүру деңгейі ұзарады екен.
|
|
Шілденің 11-і
|
Дүниежүзілік шоколад күні
1995 жылы алғашқы рет француздар шоколад күнін ойлап тапты. Шоколадты жасауды бірінші ацтектер үйренді деген пікір қалыптасқан. Олар оны «құдайлар асы» деген. Еуропаға алғаш жеткізілген Испан конкистадорлары бұл тәттіге «қара алтын» деген атау берді, және оны дене күшін нығайтуға әрі шыдамдылық үшін пайдаланды. Біраз уақыттан кейін Еуропада шоколадты ақсүйектер әулеті ғана пайдаланды. Танымал әйелдер шоколадты афродизиак деп есептеді. Терезаның анасы шоколадқа құмары болды, ал Помпадур ханым шоколад қана құмарлықты оятады деп сенген. Тек 20-шы ғасырдың басында шоколадты өндіретін өндіріс пайда болғаннан бастап, ақсүйектер әулетіне жатпайтын адамдар да шоколадты рақаттана пайдаланды. Қазіргі заман ғылымының айтуы бойынша шоколадта демалуға көмек көрсететін, психологияны орнына келтіретін элементтері бар. Шоколадтың күңгірт түрі эндорфинді тудырады, эндорфин - бақыт гормоны, ол қуаныш орталығына әсер етіп, көңіл-күйді жақсартады. Шоколадтың «ракқа қарсы» күшті әсері бар деген болжамда бар және ағзаның қартаю процессін тоқтатын қасиеті бар.
|
|
Шілденің 20-ы
|
Халықаралық шахмат күні
Халықаралық шахмат федерациясының құрылуына орай 1966 жылдан бастап аталып өтеді. Бүгінгі таңда аталмыш ұйымға әлемнің 200-ге жуық елі мүше. Федерацияның өз туы, әнұраны және «Біз барлығымыз бір отбасымыз» атты ұраны бар.
Ойынның атауы парсы сөздерінен шыққан: шах мат - билеуші қайтыс болды дегенді білдіреді. Шахматтың отаны - Үндістан. Онда V ғасырда шахматтың арғы атасы - чатуранга ойыны пайда болған. Шахмат - 64 тордан тұратын тақтаның үстіне 32 (16 ақ және 16 қара фигура) фигураны орналастыру арқылы ойналатын ойын. Ойынның мақсаты қарсыласыңның короліне мат қою болып табылады. Әрбір қалада спорттың осы түрін ұнататындарға арналған шахмат клубтары бар. Халықаралық шахмат күнінде бұл клубтарда сайыстар, ойын-сауық шаралары өтеді.
|
|
Шілденің соңғы жұмасы, 2011 жылғы шілденің 29-ы
|
Жүйе әкімшілері күні
1999 жылдан бастап шілде айының соңғы жұмасында корпоративтік әкімшілік және үй жүйелері, деректер базасы, пошта жүйесі, программалық комплекс және басқа да жүйелер мамандарының кәсіби мейрамы - Жүйе әкімшілері күні аталып өтіледі.
|
|
Тамыздың 1-7-і
|
Халықаралық емшекпен емізуді насихаттау апталығы (1-7.08.)
1992 жылдан бастап, ЮНИСЕФ балалар қорының бастамасымен барлық елде өткізіледі. Қазақстан 1994 жылдан бұл мәселеге үлкен мән беріп, оны қорғау, жандандыру жөнінде ұлттық бағдарлама жасады. Қазақстанда 14 аурухана «Балаға аялы алақан» деген атпен жұмыс істеп, ЮНИСЕФ-тің «Алтын тақтасын» сыйға алды.
|
|
Тамыздың 6-ы
|
Хиросима күні. Ядролық қаруға тыйым салу үшін күрестің дүниежүзілік күні
1945 жылы тамыздың 6-ында АҚШ ұшқышы Томас Фереби басқарған «Энола Гей» атты Б-29 әскери ұшақ Жапонияның Хиросима қаласына әлемдегі ең бірінші атом бомбасын тастады. Тарих қойнауына жүгінсек, осынау адамзат тарихындағы ең жауыздық іс-әрекеттің американ әскері үшін ешқандай қажеттілігі болмаған. Себебі соғыстың соңына қарай Жапония армиясы талқандалып, Тынық мұхиты айдынында АҚШ-қа еш қауіп төндірмеген. Ал бомба тастау үшін Хиросиманы арнайы таңдап алуы қаланың географиялық орналасуы, үш жағынан тау қоршап тұратындығы себеп болған. Бұл 20 килотонналық уран бомбасының өз күшін толық пайдаланып, ажал уын себуіне таптырмайтын нысана еді.
|
|
Тамыздың 6-ы
|
Халықаралық «Дәрігерлер бейбітшілік үшін» күні
Хиросимаға бомба тасталған күннен бастап, «Әлем дәрігерлері ядролық соғысқа қарсы» халықаралық қозғалысы атқару комитетінің шешімі бойынша аталып өтіледі.
|
|
Тамыздың 9-ы
|
Нагасаки күні
1945 жылғы тамыздың 9-ында американ авиациясы Жапонияның 253 мың тұрғыны бар Нагасаки қаласына атом бомбасын тастады. Жоспар бойынша бұл атом бомбасын Жапонияның Кокуру қаласына тастау керек болатын. Бірақ ауа-райының қолайсыздығына және әуеге көтерілгеннен кейін пайда болған ұшақ ақауына байланысты ұшқышқа бомба тастау бағытын өзгертуге тура келген. Нагасакиде 80 мыңға жуық адам қайтыс болған.
|
|
Тамыздың 13-і
|
Солақайлардың халықаралық күні
1984 жылы Халықаралық солақайлар конфедерациясының бастамасымен атап өтіледі. Әлем тұрғындарының 10 пайызға жуығы - солақай. Солақайлардың қатарында Юлий Цезарь, Жанна д׳Арк, Наполеон, Уинстон Черчилль, Микеланджело, Рафаэль, ағылшын королевасы Елизавета, Бетховен, Мэрилин Монро, Грета Гарбо сынды танымал тұлғалар бар.
|
|
Тамыздың 15-і
|
Археолог күні
Археология - тарих ғылымының көне дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Археология термині жыл санауға дейінгі 4 ғасырда көне заманды зерттейтін ретінде қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық зерттеулер Еуропада Қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілген.
|
|
Қыркүйектің 7-і
|
Соғыс ойыншықтарын жою күні
Бұл күн 1988 жылы Дүниежүзілік ата-аналарының қамқорлығынан айрылған және жетім балаларға көмек қауымдастығының бастамасы бойынша алғаш рет аталып өтті. Осы күні соғыс ойыншықтарын тәттілерге және жұмсақ ойыншықтарға ауыстыру қабылданған.
|
|
Қыркүйектің 8-і
|
Журналистердің халықаралық ынтымақ күні (1958)
Бұл - чех журналисі Юлиус Фучикті гитлершілердің Берлин түрмесі - Плетцензеде айуандықпен өлтірген күні. Жалынды журналисті еске алу мақсатында Халықаралық журналистер ұйымының Бухаресте өткен 4-ші конгресінің шешімі бойынша атап өтіледі.
|
|
Қыркүйектің 9-ы
|
Әсемдіктің бүкілдүниежүзілік күні
Халықаралық Эстетика және косметология комитетінің (СИДЕСКО) бастамасы бойынша атап өтіледі.
|
|
Қыркүйектің 2-ші жексенбісі, 2011 жылғы
Қыркүйектің 11-і
|
Фашизм құрбандарын еске алу күні
«Фашизм құрбандарын еске алу күні» мейрамы қыркүйектің 2-ші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл күнің басты мақсаты - фашизмнің қайта жаңғыртылған идеологиясын ұлтаралық бірлік пен халықтар достастығы идеологиясына қарама- қарсы қою.
Бұл күн 1962 жылы белгіленген. Қыркүйек айының таңдалуы бекер емес, өйткені бұл айда Екінші дүниежүзілік соғыспен байланысты екі атаулы күн бар. 1939 жылғы қыркүйектің 1-і - соғыстың басталуы, ал 1945 жылғы қыркүйектің 2-і - соғыстың аяқталуы.
|
|
Қыркүйектің 19-ы
|
«Смайлдың» туған күні
1982 жылы 19 қыркүйекте Карнеги - Меллон университетінің профессоры Скотт Фальман (Scott E. Fahlman) компьютерде терілетін мәтінге «күлімсіреп тұрған бет - әлпетті» көрсету үш қос нүкте, дефис және жабылатын жақшадан тұратын қатар келген үш символды пайдалануды ұсынды.
Алғаш рет смайликті пайдаланған хабарлама 2002 жылы пленкада сақталған хабарландырулар тақтасының мұрағатынан табылды.
25 жыл ішінде смайлик электрондық қарым-қатынастың айнымас белгісі болып қалды. Ол чат немесе электрондық поштамен қарым-қатынас жасауда дауыс интонациясы мен ым-ишараның жетіспей тұрғанын түсінді. Смайликтер әңгімелесушіні дұрыс түсінуге, оның көңіл-күйін байқауға көмектеседі, олар өте қызық және жағымды эмоция тудырады.
|
|
Қыркүйектің 22-і
|
Бүкіләлемдік автокөлікті пайдаланбау күні
Автокөлікті пайдаланбау күнін өткізу күні 1998 жылы Францияда дүниеге келді. Сол күні бұл мейрамға жиырма шақты қала ғана қатысты. Бірақ 2001 жылы бұл қозғалысқа 35 елдің мыңдаған қалалары қосылды. Бұл күні Еуропаның ірі қалалары автокөлікті пайдалануын қысқартады, қала ішінде трамваймен, троллейбуспен, автобуспен, метромен және де қоғамдық көліктің басқа түрлерін, сонымен қатар жаяу жүреді немесе велосипедті пайдаланады.
|
|
Қыркүйектің 26-ы
|
Шет тілдердің еуропалық күні
Қыркүйектің 26-да атап өтілетін Шет тілдердің еуропалық күні 2001 жылғы желтоқсанның 6-ында Тілдердің еуропалық жылында Еуропа кеңесімен жарияланған (және Еуропа одағы қолдау көрсеткен). Еуропалық шет тілдер мағынасы өте зор, оны Еуроодаққа мүше-елдердің ресми тілімен шатастыруға болмайды. Бұл күннің басты мақсаты - мектептегідей басқа да тілдерді үйретуді қолдау болып табылады.
|
|
Қыркүйектің 26-ы
|
Дүниежүзілік контрацепция күні
2007 жылғы қыркүйектің 26-ында репродукторлы денсаулық сауалымен шұғылданатын көптеген ұйымдардың бастамасымен алғашқы рет Дүниежүзілік контрацепция күні белгіленді. Оның мақсаты - жаспарланбаған жүктіліктің жоғары деңгейін төмендету. Қазіргі кезде 15-25 жастағы жастар арасында контрацепция туралы ұғымды кеңейту керек. Осы төңірегінде қажетті ақпарат беруіміз керек, өйткені олардың нәпсі репродукторлы жүріс-тұрысы қалған өміріне із қалдырады.
|
|
Қыркүйектің соңғы жексенбісі, 2011 жылғы қыркүйектің 25-і
|
Саңыраулардың халықаралық күні
Бүкілдүниежүзілік саңыраулар федерациясының құрылуына (1951) орай қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтіледі.
|
|
Қыркүйектің 30-ы
|
Дүниежүзілік аударма күні (Аудармашылар күні)
1991 жылы Халықаралық федерация (FIT) қыркүйектің 30-ын Халықаралық аудармашылар күні деп жариялады.
|
|
Қазанның 1-і
|
Халықаралық музыка күні
1975 жылы ЮНЕСКО-ның Халықаралық музыка кеңесінің шешімімен жыл сайын қазанның 1-інде атап өтіледі. Халықаралық күннің бекітілуінің бастаушыларының бірі ХХ ғасырдың композитор-классигі - Дмитрий Шостакович. Жыл сайын бүкіл дүниежүзінде үлкен концерттің бағдарламамен және жақсы әртістер мен көркемдік ұйымдардың қатысуымен өтеді. Бұл күні дүниежүзілік мәдениеттің асыл қазынасына кірген шығармалар оқылады.
|
|
Қазанның 1-ші дүйсенбісі, 2011 жылғы қазанның 3-і
|
Халықаралық дәрігер күні
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйымдастыруымен қазан айының бірінші дүйсенбісінде атап өтіледі.
|
|
Қазанның 1-ші дүйсенбісі, 2011 жылғы қазанның 3-і
|
Дүниежүзілік сәулет күні
Халықаралық сәулетшілер одағының 20-шы Бас Ассамблеясының шешімі бойынша жыл сайын қазанның алғашқы дүйсенбісінде атап өтіледі (1996 жылғы маусым, Барселона).
ТМД-ның кейбір елдерінде бұл мереке 1986 жылдан шілденің бірінші жексебісінде аталып өтіп жүр.
|
|
Қазанның 4-і
|
Халықаралық жануарлар күні
1931 жылы Флоренцияда өткен Табиғатты қорғаушылар қозғалысын жақтаушылардың халықаралық конгресі шешімімен католик мерекесі - Әулие Франциска күні атап өтіледі.
|
|
Қазанның 1-ші жұмасы, 2011 жылғы қазанның 7-і
|
Бүкіләлемдік күлімсіреу күні
Жыл сайын қазанның бірінші жұмасында атап өтіледі. Бұл ғажайып мейрамның болуына әлем суретші Харви Бэллуға (Harvey Ball) борышты. 20 ғасырдың ортасында ол Америкада өмір сүрді. Оның шығармашылығы ешқандай қызығушылық танытпады. Бір күні сақтандыру компаниясының өкілдері келіп, есте тез сақталатын визитка карточкасын ойлап табуын сұрады. Харви көп ойланбастан тапсырыс берушілерге, қазір барлық интернет пайдаланушылар «смайлик» деп атайтын - күліп тұрған сары бетті ұсынды. Бұл 1963 жылы болатын. Тапсырыс берушілер оның ұсынған жұмысын қабылдап, компанияның жұмысшыларына таратып берді. Сосын бұл сүйкімді бет футболкаларда, бейсболкаларда, конверттерде, ашық хаттарда, сіріңке қораптарында пайда бола бастады. АҚШ-тың почтасы осы символмен маркалар шығарды.
Дүниежүзілік күлкі күні алғашқы рет 1999 жылы атап өтілді.
|
|
Қазанның 2-ші жұмасы, 2011 жылғы қазанның 14-і
|
Дүниежүзілік жұмыртқа күні
Әлемнің көптеген елдерінде қазанның екінші жұмасында Дүниежүзілік жұмыртқа күні (World Egg Day) атап өтіледі. Бұл мейрам - жұмыртқаны, омлетті және қуырылған жұмырқаны жақсы көретіндердің мейрамы. Мейрамның тарихы мынандай: 1996 жылғы Венадағы Халықаралық жұмыртқа комиссиясында (International Egg Commission) дүниежүзілік «жұмыртқа» мейрамын қазанның екінші жұмасында өткізілуін жариялады. Комиссияның айтуынша көптеген елдерде жұмыртқа күнін тойлаудың көптеген себебтері бар, әсіресе жұмыртқа өнімін өндіретін ұйымдар мейрамды тойлауға дайын екенін айтты. Соңғы оңжылдықта жұмыртқа туралы көптеген жағымсыз пікірлер айтылды, соңғы ғылым зерттеулерінің бойынша жұмыртқаны пайдаланудан қашпау керек. Оның ішінде көптеген ағзаға пайдалы заттар, витаминдер мен минералдар бар, антиоксиданттар кейбір ауруларға көмектеседі. Жұмыртқа холестерин деңгейін көтермейді. Сондықтан да, күніне бір жұмыртқа жеуге әбден болады.
|
|
Қазанның 14-і
|
Стандарттаудың халықаралық күні
1946 жылғы қазанның 14-інде Халықаралық стандарттау ұйымын құру туралы шешім шықты.
|
|
Қазанның 16-ы
|
Дүниежүзілік анестезиологтар күні
Анестезия - жүйке сезімталдығының жоғалуы. Жасанды анезтезияны хирургиялық операцияны ауыртпау жасау үшін қолданады. Анестезия жалпы, жергілікті және жұлын-ми сұйықтығы анестезиясы болып бөлінеді. Тарихтың айтуынша 1846 жылғы қазанның 16-ында Томас Мортон тіс дәрігері эфир наркозымен операция өткізді. Бұл күнді дүниежүзі Анестезиолог күні деп есептейді.
|
|
Қазанның 16-ы
|
Бастық күні (Босс күні)
1958 жылы Патриция Хароски американ хатшысы жаңа мейрам - Бастық күнін - ұсынды. 1962 жылы Иллинойс штатының губернаторы бұл мейрамды ресми түрде бекітті. Бұл дәстүрді көптеген елдер қолдады және мейрам дүниежүзіне тез тарады.
|
|
Қазанның 20-ы
|
Дүниежүзілік остеопороздан алдын-ала емдеу күні
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен, Ұлыбританияның Ұлттық остеопороз қоғамының ұйымдастыруымын 1999 жылдан бастап аталып өтіледі.
|
|
Қазанның 20-ы
|
Әуәдиспетчердің халықаралық күні
1961 жылғы қазанның 20-ында Амстердамда Әуәдиспетчер одағының халықаралық федерациясы құрылды - бұл жағдай әуе көлігінің даму тарихының маңызды белгісі болды.
|
|
Қазанның 25-і
|
Әйелдердің бейбітшілік үшін күресінің халықаралық күні
Халықаралық әйелдердің демократиялық федерациясы шешімімен қарусыздану апталығы (қазанның 24-30-ы) шеңберінде 1980 жылдан бастап атап өткізіледі.
|
|
Қазанның 4-ші дүйсенбісі, 2011 жылғы қазанның 24-і
|
Мектеп кітапханаларының халықаралық күні
Халықаралық мектеп кітапханалары қауымдастығының бекітуімен, қазан айының төртінші дүйсенбісінде атап өтіледі.
|
|
Қазанның 28-і
|
Халықаралық анимация күні
1892 жылғы қазанның 28-інде Парижде Эмиль Рейно сиқыршысы көрермендерді жаңа, осы күнге дейін ешкім көрмеген - «оптикалық театр» атты көрінісіне шақырды. Онда талантты өнертапқыш алғашқы рет өзінің праксиноскоп аппаратына көпшіліктің назарын аударды, ол қозғалатын картинкаларды көрсетеді. Сонымен осы атаулы күнді анимация киносы дәуірінің басталуы деп санайды.
Халықаралық анимация күні Анимация киносының халықаралық одағында (ASIFA - The International Animated Film Association) 2003 жылы бекітілген және қазір дүниежүзінде аталып өтеді.
|
|
Қазанның 31-і
|
Үнемдеудің халықаралық күні
1988 жылғы қазанның 27-інде 29 елдің жинақтаушы кассаларының өкілдері Миланда болған өздерінің алғашқы Интернационалды мамандандырылған конгресіне жиналды.
Конгресстің соңғы күні - қазанның 31-інде «бүкіл елдің жинақтаушы банк институттарының алғашқы жиналысына» орай «Үнемдеудің халықаралық күнін» жыл сайын атап өтетін болды. 1989 жылы БҰҰ қазанның 31-ін Үнемдеудің халықаралық күнін ресми түрде бекітті.
|
|
Қазанның 31-і
|
Қара теңіздің халықаралық күні
1996 жылы қара теңіз жанындағы алты ел - Болгария, Румыния, Түркия, Грузия, Ресей және Украина Қара теңізді қорғауға және реабилитациялауға Стратегиялық әрекет жоспарына қол қойылды.
Бұл жоспар теңіз жағдайы жан-жақты зерттеліп, соңғы үш он жылдықпен салыстырғанда теңіз ортасының өмір сүру маңыздылығы төмендегені анықталған соң жасалып шығарды.
|
|
Қарашаның 1-і
|
Вегетарианшылдардың халықаралық күні
Ол етсіз тамақ жеушілер қауымдастығының 60 жылдық мерейтойына орай 1994 жылдан бастап атап өтіледі.
|
|
Қарашаның 1-ші сенбісі, 2011 жылғы қарашаның 5-і
|
Ерлердің дүниежүзілік күні
Вена магистраты, М.С.Горбачев қоры, БҰҰ-ның Венадағы бөлімі мен халықаралық «Мэдикэл Коннекшн» ұйымының бастамасымен 2000 жылдан бері қарашаның бірінші сенбісінде атап өтіледі.
|
|
Қарашаның 7-13-і
|
Ғылым мен бейбітшіліктің халықаралық апталығы
БҰҰ Бас Ассамблеясы Саяси комитетінің 1988 жылғы қарашаның 8-індегі 43-ші сессиясының бастамасы бойынша жыл сайын атап өтіледі.
|
|
Қарашаның 8-і
|
КТК-ның халықаралық күні (Көңілді Тапқырлар Клубы)
2001 жылғы қарашанның 8-інде алғаш рет Көңілді Тапқырлар Клубының халықаралық күні аталып өтті. Бұл күнді Халықаралық КТК клубының президенті Александр Масляков КТК-ның ойыны 1961 жылғы қарашаның 8-інде эфирге алғаш рет шығуына байланысты мейрам ретінде атауды ұсынды.
|
|
Қарашаның 10-ы
|
Жастардың дүниежүзілік күні
1945 жылы БҰҰ бекіткен. Бұл күні Дүниежүзілік жастар федерациясы құрылды.
|
|
Қарашаның 2-ші бейсенбісі, 2011 жылғы қарашаның 10-і
|
Дүниежүзілік сапа күні
Сапа жөніндегі еуропалық ұйымның ұйымдастыруымен және БҰҰ-ның қолдауымен 1989 жылдан бастап жыл сайын қараша айының екінші бейсенбісінде атап өтіледі.
|
|
Қарашаның 13-і
|
Зағиптардың халықаралық күні
1784 жылы Парижде соқырларға арналған әлемдегі тұңғыш интернатты ашушы, ағартушы, тифлопедагогиканың негізін қалаушы француздық Валентина Гаюидің (1745-1822) туған күніне орай атап өтіледі.
|
|
Қарашаның 15-і
|
Дүниежүзілік географиялық ақпараттық жүйе күні (Дүниежүзілік ГАЖ күні)
Бірқатар американдық ірі компаниялар мен ұйымдардың (Ұлттық географиялық қоғам, USGS, Sun Microsystems, Hewlett-Packard, ESRI және т.б.) шешімімен ГАЖ күні жыл сайын аталып өтеді. Мейрам төңірегінде, апта ішінде әр түрлі мерекелік шаралар өтеді.
|
|
Қарашаның 17-і
|
Студенттердің халықаралық күні
1946 жылы Прага қаласында өткен Студенттердің дүниежүзілік конгресінде бекітілген. 1939 жылғы қарашаның 17-інде фашистердің қолынан қаза тапқан отан сүйгіш чех студенттерін еске алу мақсатында атап өтіледі.
|
|
Қарашаның 19-ы
|
Дүниежүзілік туалет күні
2001 жылы Сингапурда өткен, әжетхана мәселелеріне арналған Халықаралық конференциясында қарашаның 19-ын «Дүниежүзілік туалет күні» деп жариялады. Азияның, Еуропаның және Солтүстік Американың 200-ден астам делегаттары, 17 ұлттық туалет одағының өкілдері әжетхана істерінің дамуы туралы жаңа концепциясын қарап талқылады. Дүниежүзілік әжетхана ұйымының кездесуі осы ерекше мейрамды құрудың бастамасы болды.
|
|
Қарашаның 21-і
|
Дүниежүзілік құттықтау күні
1973 жылдан бастап атап өтіледі. Мерекені жер бетінде халықаралық шиеленістің күшейіп кетуіне тосқауыл шарасы ретінде Американың Небраска штатының тұрғындары ағайынды Майкл мен Брайан Маккормактар ойлап тапқан.
|
|
Қарашаның үшінші жексенбісі-2011жылғы қарашаның 20-і
|
Дүниежүзілік иммигранттар күні
Жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде тойланады.
|
|
Қарашаның 26-ы
|
Халықаралық ақпарат күні
Қызметі ақпараттық технологиялар мен компьютерге негізделген кәсіп иелерінің мерекесі. 1988 жылы негізі қаланған Халықаралық ақпараттандыру академиясының (ХАА) бастамасымен атап өтіледі.
ХАА - БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік кеңесінде Бас консультативтік мәртебесі бар әлемдегі жалғыз академия. Әлемнің 140-тан астам елінде тіркелген, бірнеше ірі қалаларда штаб-пәтері орналасқан. Ақпараттық қызмет саласына байланысты іргелі және қолданбалы зерттеулер жасаумен айналысады.
|
|
Қарашаның 30-ы
|
Халықаралық ақпаратты қорғау күні
1988 жылғы қарашаның 30-да аталып өтеді.
Бұл жылы алғашқы рет бұқаралық компьютерлік індет - Морристің құрт індеті тарады. 1988 жылы американдық компьютерлік жабдықтар одағы қарашаның 30-ын Халықаралық ақпаратты қорғау күні деп жариялады. Компьютерді жабдықтау одағының бастамасымен бұл күні халықаралық ақпаратты қорғау конференциясы өткізіледі.
|
|
Желтоқсанның 10-ы
|
Дүниежүзілік футбол күні
БҰҰ-ның шешімімен атап өтіледі. Миллиондаған адамға тек ойын ғана емес, өмір стиліне айналған спорттың бұл түріне халықаралық қоғамдастық ерекше құрмет көрсетеде. Футбол ойыны туралы алғашқы ескертпені тарихшылар біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтағы қытай деректерінен тапқан. Ол Цу Чю деп аталған, «аяқпен итеру» деген мағынаны білдіреді. Футбол ойыны қытай жауынгерлеріне дене формасын қалыпты сақтауға септігін тигізген. Ал кейбіреулер футболдың ізашары деп 8-ші ғасырда Англияда өмір сүрген саксондардың жабайы ойынын таниды. Олар ұрыстан кейін шайқас даласында дұшпанының шабылған басын тепкілеп ойнаған. Футболды біздің заманымызға дейінгі екі жарым мыңжылдықта Ежелгі Грекияда, Римде де ойнаған. Грекияда бұл ойын жауынгерлік қимылдардың барлық мүмкіншілігін пайдалана отырып ойналып, «доп үшін шайқас» деп аталған.
|
|
Желтоқсанның 10-ы
|
Нобель сыйлығын тапсыру күні
Белгілі ғалым А.Нобельдің туған күніне байланысты, жыл сайын Норвегия королінің қатысуымен Осло университетінің үлкен залында және Швецияның Стокгольм қаласында Нобель сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді. 1900 жылы құрылған Нобель қорының бастапқы капиталы 31 миллион швед кронасы болды. Алғашқы Нобель сыйлығы 1901 жылғы желтоқсанның 10-ында табыс етілді. Физика, химия, физиология және медицина бойынша сыйлықтар Стокгольмде, ал бейбітшілік сыйлығы Осло қаласында беріледі. 2004 және 2005 жылдардағы ақшалай сыйлықтың көлемі 10 миллион швед кронасын құрады.
|
|
Желтоқсанның 11-і
|
Демікпенің дүниежүзілік күні
Кеңірдек демікпесі ауруына назар аударту мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен атап өтіледі. Бұл күннің негізгі мақсаты - денсаулық саласындағы күрделі мәселелерінің бірі болып саналатын демікпе ауруының себеп-салдарларымен халықты жан-жақты таныстыру. Оны жеңу жолында ғылым саласында жасалған жаңалықтар туралы хабарлау.
Бүгінде әлемде 300 миллион адам демікпемен ауырады. Ол көбіне нашар экологияның салдарынан пайда болады.
|
|
Желтоқсанның 11-і
|
Халықаралық танго күні
«Танго королі» Карлос Гарделдің туған күніне байланысты желтоқсанның 11-і күні аталып өтеді.
«Танго» сөзі биден бұрын пайда болған. Бұл сөзді басында Канар аралдарында қолданған, оның мағынасы - «негрлердің биле және барабанда ойнау үшін жиналысы».
|
|
Желтоқсанның 2-ші жексенбісі, 2011 жылғы желтоқсанның 11-і
|
Балалар телеарнасының халықаралық күні
1994 жылғы сәуірде Каннада өткен Халықаралық телебағдарламалар нарығында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері жариялады. Сол кезден бері жыл сайын желтоқсанның екінші жексенбісінде барлық телерадиокомпаниялардың жүргізушілері эфирді балаларға және балалар бағдарламасына арнайды.
|
|
Желтоқсанның 19-ы
|
Халықаралық кедейлерге көмек көрсету күні
Желтоқсанның 19-ында дүниежүзілік бірлестік «Халықаралық кедейлерге көмек көрсету күнін» атап өтеді. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, 20 ғасырдың соңында бүкіл жершары тұрғындарының төрттен бір бөлігі - жарты миллиард адам кедейлік өмір сүруде. Бұл мәселеге байланысты БҰҰ-ның бірнеше бағдарламасы бар. Оның кедейлікті жою туралы бірінші бағдарламасы 10 жыл бұрын жұмыс істей бастады, бірақ та кедей тұратын адамдар саны азаймады. Біріккен Ұлттар Ұйымы кедейлікті «қанағатты өмір сүру үшін қажетті қаржы жеткіліксіз ұзаққа созылған амалсыз жоқтық жағдай» деп қарастырады. Ол ақшаның жоқтығын ғана емес, лайықты жұмыстың, жайлы үйге, жақсы білімге және денсаулық қорғауына қол жеткізуін білдіреді.
|
|
Желтоқсанның 28-і
|
Халықаралық кино күні
1895 жылы Париждегі Капуцин гүлзарындағы «Үлкен кафеде» ағайынды Люмьерлер ойлап тапқан кинематографтың көмегімен алғаш рет «Жылжымалы фото» көрсетілді.
|
V. МҰСЫЛМАН МЕЙРАМДАРЫ - 2011 - 1432 хижра жылы
Ескерту: Қазақстан Республикасы аумағындағы ай күнтізбесі бойынша күні көрсетілген,
сонымен қатар мұсылман жыл санауы - хижра жылы
бойынша да күні көрсетілген
|
2011 жылғы ақпанның 15-і 1432 хижра жылының 12-ші Рәбиуль-Аууалі
|
Мәуліт-ан-Наби - Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күні. Рәбиуль-Аууаль айының 12-ші күнінде атап өтіледі (дүйсенбіден сейсенбіге қараған түн). Қасиетті мәуліт тура бір айға созылады.
|
|
2011 жылғы маусымның 3-і
|
Ережеп айының 1-ші жұлдызы (қасиетті үш айдың басталуы)
|
|
2011 жылғы маусымның 2-нен 3-іне қараған түн - 1432 хижра жылының 5-6-ы ережебі
|
Рағайып түні - Мұхаммед пайғамбардың ата-анасының үйленген күні (бейсенбіден жұмага қараған түн).
|
|
2011 жылғы маусымның 28-нен 29-ына қараған түн - 1432 хижра жылының 26- 27-ші ережебі
|
Миғраж түні. Пайғамбар жеті көкке көтерілген түн (сейсенбіден сәрсенбіге қараған түн).
|
|
2011 жылғы шілденің 15-нен 16-на қараған түн - 1432 хижра жылының 14-15-ші шағбаны
|
Күнәдан тазару түні - Бараат түні (жұмадан сенбіге қараған түн)
|
|
2011 жылғы тамыздың 1-і - 1432 хижра жылының 1-ші рамазаны
|
Қасиетті Рамазан және мұсылмандардың бес парызының бірі - Оразаның басталу күні
|
|
2011 жылғы тамыздың 26-нан 27-не қараған түн - 1432 хижра жылының 26-27-ші рамазаны
|
Барлық мұсылман қауымы үшін қасиетті Қадір түні. Айлардың ұлығы - Рамазан, күндердің ұлығы - жұма болса, түндердің шапағаттысы - Қадір түні. Бұл түні тек бір Аллаға мадақ айтылып, Жаратушы иеден тілек тіленеді. Таң атқанша айтылған тілек-ниеттің барлығы періштелер арқылы Алла тағалаға жеткізіледі. Сол үшін де барша мұсылман қауымы бұл түнді асыға күтеді. Қадір түні ұлық пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) Аллаһтан уаһи келіп, Құранның алғашқы сүрелері түсе бастаған. Бұл түні мұсылман жамағат мешітке жиналып, таңды ұйқысыз қарсы алып, Аллаһқа мінәжат етеді. Осы түні оқылған аяттың сауабы мың айға, яғни, 83 жылға тең деп саналады.
|
|
2011 жылғы тамыздың 30-31-і және 1 қыркүектің - 1432 хижра жылының 1-3-ші шәууәлі
|
Ораза айт мейрамы
|
|
2011 жылғы қарашаның 5-і - 1432 хижра жылының 9-шы Зұлқижасы
|
Арафа күні
Қажылық рәсімнің ең басты шарты - Меккеден 20 шақырымдай жердегі, Аллаға жалбарынар киелі орын саналатын Ғарафат (Арафат) тауында болу жорасы атқарылуына байланысты аталады. Осы тау аумағына енетін баурайда тұрғанда қажылар Жаратқанға тым жақындағандай, тым таяу жүздескендей күй кешеді. Алла тағала да олардың тілек-дұғаларын дереу қабыл алады, күналарын кешіреді делінеді. Қажы Жаратушыға арнап: «О, Алла, сенің мейірімді жүзіңнің алдында тұрмын, күналарымды кешіргеніңді, Қажылығымды адал, күмәнсіз қылғаныңды қалаймын...» деп жалбарынып, жан-тәнімен сыйыну («укуф») жорасын орындайды.
|
|
2011 жылғы қарашаның 6-7-8-9-ы - 1432 хижра жылының 10-шы Зұлқижасы
|
Құрбан айт мейрамы. 3-4 күнге созылады.
|
|
2011 жылғы қарашаның 26-і - 1433 хижра жылының 1-ші мұхаррамы
|
1433 хижра жылының басталуы (мұсылман жыл санау бойынша). Хижра күнтізбесі бойынша 1433 жылдың бірінші күні
|
|
2011 жылғы желтоқсанның 5-ы - 1432 хижра жылының 10-шы мұхаррамы
|
Ашура күні - Алланың Пайғамбарлары мен Елшілерін еске түсіру күні
Ашура - «ашара» сөзінен шыққан, мағынасы - «он» дегенді білдіреді. Бұл күні Мұхаммед пайғамбар адамдарды ізгілікке шақырып, оның шапағатты Ұлы күн екенін айтқан. Ашура күні тұтылған ораза адамды өткен және алдағы күнәларынан тазартады деп саналған. Ал бұл күні сырқаттың халін барып сұрау - Адам атаның барлық балаларын аралағанмен бірдей болады екен. Бұл күні сусағанға су берген адам - күнәсіз, пәк адам саналады, бұл күні толық жуынып, дәрет алған адам - көптеген ауру-сырқаулардан, азап-тозақтардан қорғалады.
|
|