«ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігі жанынан «ҚазАқпарат» баспасөз орталығы ашылды. 50 адам еркін сыятын жайлы залы бар орталық заманауи ұйымдастыру техникалармен, компьютерлік байланыспен, атап айтқанда, Интернетке шығу мүмкіндігімен қамтамасыз етілген. Аталған Орталық мемлекет қайраткерлерінің, министрліктер мен ведомстволардың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, жетекші компаниялар мен кәсіпорындар басшыларының баспасөз мәслихаттарын, «дөңгелек үстел» мәжілістерін, қорлар мен ұлттық бағдарламалардың, отандық тауар өндірушілер өнімдерінің таныстырылымдарын ұйымдастырады. «ҚазАқпаратта» өтетін мәслихаттар мен таныстырылымдарға миллиондаған аудиториясы, көрермендері мен тыңдармандары бар беделді деген қазақстандық басылымдардың, телеарналар мен радиостансалардың журналистері шақырылады. Баспасөз мәслихаты қарсаңында редакцияларға мәслихаттың тақырыбы туралы ақпараттық хабарлар, баспасөз баяндары таратылады. Конференцияның немесе таныстырылымның барысын «ҚазАқпарат» журналистері www.inform.kz сайты арқылы жария етеді. Олардың материалдары газеттер мен радио-телеарналардың редакцияларына on-line режимінде беріледі және Агенттіктің Интернет желісіндегі серверлеріне - «ҚазАқпарат қонағы», «Фотожаңалықтар» айдарларына орналастырылады. Баспасөз орталығында сондай-ақ, тренингтер, консультациялар, түрлі оқыту бағдарламаларын өткізуге болады.
«ҚазАқпараттың» баспасөз орталығында іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу туралы баспасөз орталығының жетекшісімен хабарласуларыңызға болады:
010000 Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10
тел.: 8 (3172) 32-65-32, факс: 32-69-98
e-mail: KURAFREEDOM@mail.ru
ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ
1. «ҚазАқпарат» акционерлік қоғамының мәжіліс залында баспасөз мәслихаттарын ұйымдастыру (қызмет құнына - залды жалға беру, залды микрофондармен жабдықтау, БАҚ журналистерін шақыру, баспасөз мәслихаты туралы алдын-ала бұқаралық ақпарат құралдарының беттері мен «ҚазАқпарат» хабарламаларында құлақтандырулар беру, қатысушыларды тіркеу, үстел үстіне қойылатын жазуларды әзірлеу).
2. Тапсырыс берушінің материалы негізінде баспасөз баянын дайындау.
3. Баспасөз мәслихаты туралы анонс дайындау және агенттіктің ақпараттық материалдарында беру;
4. Баспасөз мәслихатының фотоматериалдарын «Фотожаңалықтар» айдарына орналастыру.
5. Баспасөз мәслихаты туралы ақпараттарды Агенттіктің ресми сайтына баннер ретінде орналастыру.
6. Техникалық және технологиялық қызметтер:
- телефон байланысы қызметі
- бейнепроекторды жалға беру
- теледидар мен бейнемагнитофонды жалға беру
- компьютерлік терімші оператордың қызметін ұсыну
- Интернет қызметін ұсыну
- Ксерокөшірме қызметін ұсыну.
7. Ілеспе аудармалар (қазақша, орысша, ағылшынша), күрделілігі үшін үстемелер қарастырылған (техникалық, заңгерлік аудармалар үшін тапсырыстың 20-50 пайызы).
8. Автокөлікті жалға беру.