Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 17 °С
Алматы: 20 °С
USD 326.17 EUR 401.25
RUB 5.31 CNY 51.84
Жаңалықтар

Қазақстанның құрылыс қарқыны азайған өңірлері аталды

2018 жылғы 17 сәуір 10:40 426
Бөлісіңіз:
Қазақстанның құрылыс қарқыны азайған өңірлері аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында елдің 2018 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің қорытындысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда қос бірдей автожолды ақылы ету көзделуде Алматы облысының студенттеріне 10 жатақхана салынады

«Өңірлік бөліністе экономика салаларында бірдей емес қарқын байқалады. Өнеркәсіпте 3 өңірлерден басқа, барлық өңірлер өсуді көрсетіп отыр. Республикалық мәннен төмен өсім 7 өңірде байқалды. Ауыл шаруашылығында барлық өңірлер өсімге қол жеткізгенімен, республикалық көрсеткіштен төмен қарқын 7 облыста тіркелді», - дейді министр.

Тимур Сүлейменовтың айтуынша, құрылыс бойынша төмендеу Астана қаласында, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында байқалған.

«Бұл тұрғын үй құрылысы және өнеркәсіптік нысандар, магистральдық газ және құбырлар құрылысы бойынша жұмыстардың төмендеуіне байланысты. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 8,1% төмендеді. Ең көп қысқару Алматы қаласында, Қызылорда облысында және Астана қаласында байқалды. Басқа өңірлерде тұрғын үй құрылысы өсім жағынан 2,7 пайыздан 51,9 пайызға дейінгі қарқынды көрсетті», - деді Тимур Сүлейменов.


Қазақстанның құрылыс қарқыны азайған өңірлері аталды 


Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат