Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -2 °С
Алматы: 7 °С
USD 325.79 EUR 402.94
RUB 5.33 CNY 51.90
Жаңалықтар

ҚР СІМ министрі: Жолдаудағы басымдық елдің экономикалық дипломатиясының негізі болмақ

2018 жылғы 12 қаңтар 12:12 1042
Бөлісіңіз:
ҚР СІМ министрі: Жолдаудағы басымдық елдің экономикалық дипломатиясының негізі болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Жолдауындағы басымдық жаңа дәуірдегі Қазақстанның экономикалық дипломатиясының негізі болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Елбасының 10 қаңтардағы Жолдауы аясында ведомство алдындағы жаңа міндеттер талқыланды. Жолдауға қатысты сөз алған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Президент Жолдауындағы басымдық жаңа дәуірдегі Қазақстанның экономикалық дипломатиясының негізі болатынын атап өтті. Үкіметтің экономикалық блогымен бірлесіп, министрлік инвестициялық және экономикалық бағытта қалыптасқан механизмнің күшеюіне өз үлесін қоса бермек.

«Бұл тұрғыда қазақстандық экономиканың басым бағыттарына шетелден инвестиция мен инновациялық технологияларды ары қарай тарту жұмысы, сонымен бірге шетел нарығындағы отандық өнімді арттыру туралы сөз қозғалып отыр. Әсіресе, өнеркәсіп, көлік-логистикалық сектор мен агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруға басымдық беріледі», - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Министрлік келешекте де Қазақстанның дипломатиялық қызметіне цифрлық технологияларды енгізуді, электронды құжат айналымын, консулдық қызметтерді дамытуды, электронды визаларға көшу жұмыстарын жалғастыруды көздейді. Сыртқы саясат ведомствосы сонымен қатар еліміздің әдебиетін, өнер мен сахналық шығармашылығын мультимедиялық технологиялар арқылы таныту жобаларын қолға алмақ.

ҚР СІМ Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына кірісіп кетті.

 

 


Басты сөздер: ҚР СІМ, Жолдау,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат