Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 324.98
EUR 378.34
RUB 5.53
CNY 48.01

Елордадағы ІІМ ғимаратында шыққан өрттен ешкім зардап шеккен жоқ

Елордадағы ІІМ ғимаратында шыққан өрттен ешкім зардап шеккен жоқ
2017 жылғы 18 шілде 16:42 324

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Ішкі істер министрлігінің орталық ғимаратында электр сымының қысқа тұйықталуы  өрттің шығуына себеп болды. Ішінара техника мен жиһаздар өртенді, бірақ айтарлықтай шығын болған жоқ, деп хабарлады ortcom.kz.

ҚР ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов болған жағдайдың егжей-тегжейін айтып берді.

Бүгін сағат 08.07-де Астана қаласы бойынша өртке қарсы қызмет органдарына ІІМ әкімшілік ғимараттарының бірі түтіндеп, өртеніп жатқаны жайлы ақпарат түсті.

«Өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан шыққан. Зардап шеккендер, иіс тигендер жоқ. Қандай да бір жағдайлар тіркелмеді. Адамдар жұмыс орындарында қалды, себебі өрттің жайылу қаупі болған жоқ», - деді Руслан Инмақұлов.

 

 

Басты сөздер: Астана, Оқиға, ҚР ІІМ,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер