Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 324.98
EUR 378.34
RUB 5.53
CNY 48.01

ҚР СІМ 2 мыңдай қазақстандықтың Түркия аумағына өтуіне тыйым салуына қатысты түсінік берді

ҚР СІМ 2 мыңдай қазақстандықтың Түркия аумағына өтуіне тыйым салуына қатысты түсінік берді
2017 жылғы 18 шілде 11:52 971

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов қазақстандық 2 мыңға жуық азаматтың Түркия аумағына өтуіне тыйым салуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Түркиядағы Қазақстан Елшілігіндегі әріптестеріміз маған БАҚ-та жария етілген ақпараттың біршама қате екендігін хабарлады. Сондықтан сіздерге түсіндіргім келеді. Біздің мәліметке сәйкес, Түркия Ішкі істер министрлігі «Түркия ДАИШ-пен күресте» деп аталатын кітап жария еткен. Аталған кітапта түрік билігінің аталған лаңкестік ұйыммен күресте қандай түрлі шаралар өткізетіндігі келтірілген. Кітаптың соңында 2011 мен 2017 жылдың аралығында аталған лаңкестік ұйымға қатысы бар деген айыппен немесе күдікпен ұсталған түрлі елдердің азаматтарының саны келтірілген. Оның ішінде Қазақстан, Ресей, Франция, Сауд Арабиясы және басқа да елдердің азаматтары бар. Бұл азаматтардың бүгінде оралған да шығар. Қазақстан азаматтары 1 900-ден асып жығылады», - деді Әнуар Жайнақов.

Бұған дейін Түркия Ішкі істер министрлігінің ДАИШ-пен жүргізген күрес жөніндегі баяндамасында аталған ұйымның сапында жүрген 1 914 қазақстандықтың бар екендігі айтылғанын хабарлаған едік.

 

 

 

Басты сөздер: Түркия, Терроризм және экстремизмге қарсы күрес, Қазақстанның сыртқы саясаты, ҚР СІМ, Астана,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер