Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 324.98
EUR 378.34
RUB 5.53
CNY 48.01

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде...

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде...
2017 жылғы 18 шілде 08:35 328

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА «Егемен Қазақстан» газетінде шыққан мақалаларға шолуды ұсынады.

«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің кезекті санының бірінші бетінде Қазбек Құттымұратұлының Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» бағдарламасы негізінде жасалған БҚО өңіріндегі «100 нақты көмек» асындағы көмекке мұқтаж жандарға облыстағы жомарт жандардың қолұшын бергенін, жұрттың жұмыла көтерген жүгі туралы баяндалады.

Басылымдағы сүйекті жарияланымдар қатарынан Қырғыз республикасында өткен драматург - Рахымжан Отарбаевтың туындылары сахналанған фестивалі туралы Айгүл Аханбайқызының мақаласын оқи аласыз. Мақалада қазақ-қырғыз театрының бір қазанда қайнауын, тәжірибе алмасуы айтылған. Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесіне келген франциялық фотограф-саяхатшы Луик Лагардтың сұхбатын сүйекті материалдар қатарына жатқызуға әбден болады.

Сонымен қатар, Талғат Батырханның «Қазақтың Котэдей комментаторы қайда?.. атты толғанысынан Кеңес кезіндегі мен қазіргі қазақ комментаторларының жай-күйін біле аласыз. Оқырман бұл жазба арқылы бұрынғы комментаторлардың қандай болғанына көз жеткізеді.

Жаз айының ең түйіткілді мәселесі болған, әлі күнге дейін шешімін таппай бас ауру болып келе жатқан дала өрті мен баланың суға кетуіне туралы көлемді материал жарияланды. Журналист Бақытгүл Бабаш мақалада маңызды мәселеге кім жауапты, кінәні кімнен іздеу керектігін сараптап көрген.

Соңғы бетте Ұларбек Нұрғалымның бажалар арасындағы әзілге құралған «Ботасын алыңыз» атты мақаланы оқи аласыз.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ басқарушы директоры Ерік Байжүнісов елімізде енгізіліп жатқан медициналық сақтандыру туралы шетелдік жүйелермен салыстар отырып Қазақстандық жүйенің ерекшелігін түсіндіруге тырысқан.

 

 

Басты сөздер: БАҚ, Қоғам,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер