Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 324.98
EUR 378.34
RUB 5.53
CNY 48.01

Алматыда гидравликалық сынақ кезінде құбыр жарылды

Алматыда гидравликалық сынақ кезінде құбыр жарылды
2017 жылғы 17 шілде 18:09 522

АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматыда гидравликалық сынақ шарасы кезінде жылу құбыры жарылды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Төтенше жағдай видеоға түсіп қалған. Медиаматериал @ztb_video паблигінде жарияланды.

Қарасай батыр мен Гайдар көшелерінің қиылысында келе жатқан жігіт құбыр жарылуға 1-2 минут қалғанда дүкенге кіріп кеткен. Төтенше жағдайдан ешкім жапа шекпеді.

Бүгін таңертең «Алматы жылу желісі» кəсіпорны қаладағы құбырлардың гидравликалық сынаққа алынатынын хабарлаған болатын.

«Сынақтар құбыр желілерінің жабдықтарын тексеру үшін жүргізіледі. Қысымға шыдамаған ақаулы жерлер қайта жөнделеді. Қазір құзырлы орган өкілдері шұғыл дайындық үстінде. Апат бола қалған жағдайда желілер шұғыл жөнделеді»,- деді кəсіпорын өкілдері.

Мамандар жылу желісі жарылған жағдайда ақаулы аймақты айналып өтуге кеңес беріп отыр.

«Ыстық судан қорғану мақсатында субұрқақ маңынан өте кезде абай болу керек. Жерддегі шұңқырлар будан көрінбеуі мүмкін»,- деді компания қызметкерлері.

 

Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер