Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 324.98
EUR 378.34
RUB 5.53
CNY 48.01

Оңтүстікқазақстандық жауынгер жайлы дерек жазылған құтыша Ресей жерінен табылды

Оңтүстікқазақстандық жауынгер жайлы дерек жазылған құтыша Ресей жерінен табылды
2017 жылғы 25 мамыр 13:44 684

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Курск шайқасында ерлікпен қаза тапқан оңтүстікқазақстандық жауынгер Иван Кабанов жайлы дерек жазылған құтыша Ресей жерінен табылды. Құнды жәдігерді туған жеріне облыстық мәслихаттың депутаты  Дулат  Әбіш бастаған топ Ресей елінен алып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Жауынгер туралы хабар «Память» іздестіру тобынан келген. Онда  Кабановтың сүйегі табылып, қайта жерленгені айтылған. Дерекке сәйкес, жауынгер 1942 жылы болған шайқас кезінде қаза тапқан. Оның сүйегі жанынан кішкентай құтыша табылып, ішінде мекен-жайы мен аты-жөні жазылған парақша шығады. Иван Кабанов майдан даласына бұрынғы Қызылқұм, қазіргі Шардара ауданынан аттанған екен. Ержүрек батырдың артында қалған ұрпақтарына іздеу салынғанымен, ауданнан дәйекті дерек табылмады. Десе де, архивтік зерттеу бойынша оның 2 ұлы бар екені анықталған. Осылайша Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен шайқасқан шардаралық жауынгерлердің қатарына тағы бір батырдың есімі қосылды. Жауынгердің көзіндей болған жәдігерді аудан басшысы өңірдің тарихи-өлкетану мұражайына тапсырды. 

 

 

Басты сөздер: Әскер, Жеңіс күні,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер