Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 324.98
EUR 378.34
RUB 5.53
CNY 48.01

Бағаланбай қалған батырлар: Төлеуғали ӘБДІБЕКОВ

Бағаланбай қалған батырлар: Төлеуғали ӘБДІБЕКОВ
2017 жылғы 6 мамыр 04:51 458

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіс күні қарсаңында «ҚазАқпарат» ХАА есімі ұмыт қалған Кеңес Одағының Батырлары туралы материалдар жариялайды. Материалдарды жариялауға «Бағаланбай қалған батырлар» жинағының авторы Берік Әбдіғалиұлы көмек көрсетті.

Берік Әбдіғалиұлының атап өтуінше, бұл жинақта сөз қозғалатын батырлардың есімі жалпақ жұртқа мәлім емес. Олардың атымен аталған көше немесе мектептер жоқ. Қан майданда ерлік көрсеткенін жанындағы жолдастары көрсе де, штаб және партия басшылығы оларды мойындамаған. Біздің міндетіміз - тарихи шындыққа жету үшін олар жайында келешек ұрпаққа әңгімелеп беру.

Бағаланбай қалған батырлар: Төлеуғали ӘБДІБЕКОВ

Төлеуғали ӘБДІБЕКОВ - 2-ші дүниежүзілік соғыстың үздік снайперлері тізіміне енген мерген. 1916 жылы Семей облысының Жарма ауданында дүниеге келген.

1932 жылы ОҚО Мақтарал ауылына көшіп келеді. 1941 жылы әскерге алынып, әйгілі 8-ші панфиловшылар дивизиясында болады. Бас аяғы 397 фашистің көзін жойған Төлеуғали 1944 жылдың 23 ақпаны күні Калинин облысы Ново-Сокольники ауданындағы Насва стансасы маңында қаза табады. Қызыл Жұлдыз, Қызыл Ту, І дәрежелі Отан соғысы, Ленин ордендерімен марапатталған.

Т. Әбдібеков өз анкетасында ағасы Кемелбайдың «халық жауы» ретінде ұсталып кеткенін жасырмай жазған. Сол себепті командование Кеңес одағының батыры атағына ұсынғанымен оған бұл атақ берілмеді.

Бағаланбай қалған батырлар: Төлеуғали ӘБДІБЕКОВ
Бағаланбай қалған батырлар: Төлеуғали ӘБДІБЕКОВ
Бағаланбай қалған батырлар: Төлеуғали ӘБДІБЕКОВ

 

 

 

Басты сөздер: Жеңіс күні, Бағаланбай қалған батырлар,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер