Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -21 °С
Алматы: -11 °С
USD 319.42 EUR 400.04
RUB 5.66 CNY 50.35
Жаңалықтар

Елбасы Президенттік оркестрдің мерекелік концертінде болды

2017 жылғы 21 сәуір 22:13 1143
Поделиться:
Елбасы Президенттік оркестрдің мерекелік концертінде болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің арнаулы мемлекеттік органның құрылуына 25 жыл толуына арналған мерекелік концертінде болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз  қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің барлық қызметкерлері мен ардагерлерін арнаулы мемлекеттік органның құрылуының 25 жылдығымен құттықтап, Президенттік оркестрдің кәсіби деңгейінің жоғары екенін атап өтті.

Елбасы Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Президентінің, еліміздің басқа да лауазымды тұлғаларының, шетелдік делегациясы басшыларының және мемлекеттік маңызы бар нысандардың қауіпсіздігін ең жоғары деңгейде қамтамасыз етуші кәсіби мемлекеттік орган болып саналатынын айтты.

Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі жарлығы бойынша Президенттің күзет қызметі мен Ұлттық ұланның қосылуы нәтижесінде құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бұл мемлекеттік орган қалыптасып, нығая түсті.

Мерекелік концерт бағдарламасы Қазақстанның тәуелсіздігіне және елдің бүгінге дейінгі жетістіктеріне арналған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі Қазақстанның хаттамалық, дипломатиялық, мемлекеттік және басқа да салтанатты іс-шараларына атсалысады. Бұл шығармашылық ұжым өз репертуарында фольклордан бастап, классикалық және академиялық музыкалар мен қазіргі заманғы композиторлар туындыларына дейінгі әлемдік музыка мәдениетінің барлық жанрын қамтиды.

 

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат