Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 1 °С
Алматы: 4 °С
USD 325.79 EUR 402.94
RUB 5.33 CNY 51.90
Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай шекарааралық өзендерді пайдалану мәселесін қарады

2017 жылғы 21 сәуір 20:04 1362
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Қытай шекарааралық өзендерді пайдалану мәселесін қарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қытайдың Сыртқы істер министрлері Қайрат Әбдірахманов пен Ван И екі елдің ведомстволары арасындағы үш жылдық мерзімге арналған ынтымақтастық жол картасына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екіжақты форматта саяси және сауда-экономикалық саладағы, оның ішінде шекарааралық су ресурстарын пайдалану, сонымен бірге консульдық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жайттары қаралды. Мұнан бөлек, алдағы уақытта 8-9 маусым күндері Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне дайындық мәселелерін талқыладық», - деді министр.

Қазақстан мен Қытай шекарааралық өзендерді пайдалану мәселесін қарады  

Оның сөзіне қарағанда, кездесудің қорытындысында тараптар Қазақстан мен Қытай Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Бұл құжат алдағы үш жылдық кезеңде екі елдің сыртқы істер саласындағы өзара іс-қимылының жол картасына айналмақ.

«Меморандумға сәйкес қазақстандық-қытайлық екіжақты ынтымақтастықтың  әрі халықаралық істердің өзекті мәселелері бойынша және ҚР-ның 2017-2018 жылдары аралығында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі аясында тұрақты түрде кездесіп, кеңес алмасуға уағдаластық», - деді Әбдірахманов.

 

 


Басты сөздер: Қытай, ҚР СІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат