Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 7 °С
Алматы: 5 °С
USD 326.17 EUR 401.25
RUB 5.31 CNY 51.84
Жаңалықтар

Кез келген шенеунік «Ашық диалог» хабарына қатыса алады - Абаев

2017 жылғы 21 сәуір 16:01 1163
Бөлісіңіз:
Кез келген шенеунік  «Ашық диалог» хабарына қатыса алады - Абаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев «Ашық диалог» телебағдарламасының кезекті шығарылымы туралы хабарлады, сондай-ақ оған қатысу мәні жайлы айтып берді.   

«Кеше «Ашық диалог» бағдарламасының 5-ші шығарылымында Михаил Дорофеевпен өткен аптаның барынша өзекті тақырыбы - елдегі су тасқыны жағдайын, ЭКСПО-ға билеттерді мәжбүрлі сату, теңгенің ықтимал ревальвациясы жайында талқыланды», деп жазды министр Д. Абаев өзінің Facebook-тағы парақшасына.

Хабар әр бейсенбі сайын сағат 20.50-де басталып, 10 минутқа созылады. Ол хабардың идеясы  кеңінен қоғам талқысына түскен (әсіресе әлеуметтік желі арқылы)    мәселелер бойынша мемлекеттік ұстанымды жеткізу екенін атап өтті.

 «Ашық диалог» хабарының алғашқы шығарылымынан кейін маған басқа министрліктер мен ресми органдар құзырындағы мәселелерді түсіндіру жауапкершілігін неге өзіңізге аласыз деген сұрақ қойылды. Осы орайда белгілі бір деңгейде бұл менің кәсіби міндетім екендігін, екінші жағынан, біз бұл алаңды қоғамды толқытып отырған тақырыптарды айтуға әзір, өз саласындағы іске асырылып жатқан саясаттың мәнін түсіндіргісі келетін кез келген ресми тұлғаға ұсынуға дайын екенімізді айтқым келеді», - деді министр.

 

 

 


Басты сөздер: БАҚ, Астана,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат