Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 1 °С
Алматы: 4 °С
USD 325.79 EUR 402.94
RUB 5.33 CNY 51.90
Жаңалықтар

Президент Астанада пәтерді жалға беру бизнесін реттеуді тапсырды

2017 жылғы 21 сәуір 15:49 2145
Бөлісіңіз:
Президент Астанада пәтерді жалға беру бизнесін реттеуді тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - ЭКСПО көрмесіне дайындық жұмыстарын пысықтауға арналған жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада арендалық баспананың көлеңкелі нарығымен күресуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астанада баспананы жалға берудің көлеңкелі нарығы ұлғайып келеді. Қала басшылығы жалға берілген үйлердің нақты санын білмейді. Көбісі бірнеше пәтерден сатып алған, оны жалға беріп, кіріс көзін жасап алған. Бұл бизнестің бір түрі, бірақ қала бюджетіне мұндай бизнестен салық түсіп отырған жоқ. Қаланың салық қызметі не қарап отыр? Бұл саланы тәртіпке келтіру қажет», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Елбасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер ала алатын азаматтар санатын қысқарту қажеттігін айтты.

«Мен бұл туралы бірнеше мәрте айттым. Біз соғыс ардагерлерін он есе пәтермен қамтыдық: балаларын, немерелерін, тіпті шөберелеріне шейін. Құрмет болу керек. Біз оларды құрметтейміз, сыйлаймыз, барлығын жасап жатырмыз, бірақ оң-солына қарау керек. Тегін баспана деген болмау керек. Кезекте тұрғандардың басым бөлігі бюджеттік қызметкерлер. Олар Тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі арқылы немесе отандық несиелерді субсидиялау тетіктерін қолдануы тиіс. Оның барлығы «Нұрлы жер» бағдарламасында қамтылған», - деп түсіндірді Назарбаев.

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат