Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -26 °С
Алматы: -21 °С
USD 323.20 EUR 395.56
RUB 5.72 CNY 50.48
Жаңалықтар

Өскеменде жүзбелі дәмхананың орны ауыстырылады

2017 жылғы 21 сәуір 14:28 1062
Поделиться:
Өскеменде жүзбелі дәмхананың орны ауыстырылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қалалық төтенше жағдайларды ескерту және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысында жағалауда бірнеше рет суға ағып кеткен жүзбелі тұғырнамадағы «Арабелла» дебаркадер-кафесін төмен қарай 200 метр жерге апару туралы шешім қабылданды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық ТЖ басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан су жолдары» РМҚК Жоғары Ертіс бөлімшесі ертең - 22 сәуірге дейін нысанды Ертісті төмен бойлай, Пограничная және Тоғас көшелеренің ортасында орналасқан автомобиль көпірінен төменге сүйретіп апарып, ағып кетпеуі үшін арқандауды ұсынды. 

Соңғы рет 3 наурыз күні ол Ертістің орталығынан ағыс алып кетіп, қайраңға тұрып қалған, сол жолы кеменің трюміне зақы келді. Біраз уақыттан соң оны қайтадан жағаға сүйреп әкеліп, 260 метрлік темір арқанмен жағаға бекітті.

Еске сала кетсек, 18 сәуір күні Өскемен ГЭС-тің суды азайту жоспарына сәйкес, 997 текше метр су ағызылды. Сол жолы қатты ағыс кесірінен дебаркадерді жағаға бекіткен темір арқан үзіліп, жүзбе нысан жағалауға зақым келтірді. 

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат