Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -27 °С
Алматы: -12 °С
USD 325.20 EUR 397.13
RUB 5.74 CNY 50.65
Жаңалықтар

Қазақтың ұлттық тағамдарында қазіргі заманға лайық жеңіл тамақтар жетіспейді - Е. Әбдіразақов

2016 жылғы 14 шілде 19:13 1219
Поделиться:

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстандықтар заманауи үлгідегі жаңа бірегей ұлттық жеңіл тамақтарға мұқтаж. Бұл туралы бүгін өзінің «Заманауи қазақ тағамын жасау идеялары мен құралдары» атты жобасын таныстыру барысында Centras Capital компаниясының басшысы Елдар Әбдіразақов мәлім етті.  

«Қазақтың ұлттық тағамдары тек жоғары сапалы сүт және ет өнімдерінен ғана тұрмауы керек. Олардың арасында жеміс-жидектер, көкөністер, теңіз өнімдері, тұздықтар, дәмдеуіштер де болуы шарт. Бұл жерде тағамдар жергілікті өнімдерден жасалып, қазақстандық сипатқа ие болуы керек», - дейді Е. Әбдіразақов.

Оның пікірінше, қазақ халқының ұлттық асханасында тағамдар саны шектеулі, бірақ, олар өте құнарлы. 

Мысалы, 100 грамм асылған етте 600-ден 1 мыңға дейін килокалория, бауырсақта - 234, қуырдақта - 247, палауда - 218 килокалория бар екен.

«Өкінішке қарай, қазақтың ұлттық асханасында «снэк» (жеңіл тамақ), яғни тез тамақтану ұғымы жоқ. Қонақ келсе, қой соямыз.

Дастарқанға қуырдық, ет асып, бауырсақ қоямыз. Ал бізге бүгінгі таңда қазақша бургерлер, панинилер, сэндвичтер керек. Қазір заман басқа», - деді Е. Әбдіразақов.

Таныстыру барысында ол шетелдік қонақтардың Қазақстанға келуге ынтық екендігін айтты. Бірақ, олар ұлттық тағамдардың жеңілдеу болғанын қалайды екен. 

«Олар үнемі дәстүрлі ұлттық тағамдардың жеңілдеу сипатта жасалғанын сұрайды», - деді ол. 

 

 


Басты сөздер: Қоғам, Алматы,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат