Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -26 °С
Алматы: -22 °С
USD 323.20 EUR 395.56
RUB 5.72 CNY 50.48
Жаңалықтар

Бюджет қаржысын жымқырған балабақша директоры сотталды - БҚО

2016 жылғы 14 мамыр 05:30 2996
Поделиться:
Бюджет қаржысын жымқырған балабақша директоры сотталды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Орал қалалық сотының үкімімен №20 «Балбөбек» мектепке дейінгі ұйымының директоры А.Төлегенова ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлімі 2-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, оған 55-баптың 4-бөлімі қолданыла отырып, мүлкін тәркілеумен бірге 5 мың АЕК көлемінде айыппұл салынды.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Орал қаласы прокуратурасы аталған балабақшаны тексеру барысында бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтаған болатын. Атап айтқанда, А.Төлегенова психологты формальды түрде жұмысқа қабылдаған. Ол мұнда мүлдем еңбек етпесе де, 2014 жылдың маусымынан 2015 жылғы қазан айына дейін 716 690 теңге негізсіз төленген. Бұл қаражатты директор өз қажетіне жұмсаған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат