29 Наурыз 2016, 14:43

Алексей Полторанин қазақстандық шаңғышылардың арасында үздік болды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында ҚР-ның шаңғы жарыстары бойынша чемпионаты аяқталды. Халықаралық жарыстардың талай рет жеңімпазы мен жүлдегері, Олимпиада ойындарына үш рет қатысқан Алексей Полторанин туған қаласында ерлер арасында классикалық стильмен жарысуда үздік атанды.

Бұл спорт түрінен әйелдер арасында бірінші орынды ШҚО-ның тағы бір өкілі Елена Коломина алды.

Сондай-ақ спринт, скиатлон, эстафета және командалық спринтте жарыстар өтті. Ерлер мен әйелдерден басқа елдегі үздіктер атағына жастар да таласты.

Жарыс қорытындылары бойынша, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысы алды. Ол табанды күресте жарыста екінші орынды алған Ақмола облысының спортшыларынан небәрі 39 ұпай көп жинады.

1. ШҚО - 2724 ұпай;
2. Ақмола облысы - 2685 ұпай;
3. Қостанай облысы  - 1575 ұпай.

Республикалық біріншілікке барлығы 10 аймақ қатысты. Астананың атынан небәрі бір қатысушы - 24 жастағы Марк Старостин шықты. 

 

2 3 4 5 

 Басты сөздер: Спорт , Шығыс Қазақстан облысы
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

Еуро-2016: Португалия құрамасы ширек финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санаулы сәттер бұрын Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінде Португалия және Хорватия құрамалары кездесті.

Пікір қалдыру

Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауады, жел күшейеді
ЕУРО-2016: Германия құрамасы Словакияны ойсырата жеңіп, ширек финалға шықты - ВИДЕО
ОҚО әкімі Сайрам ауданы базарындағы ретсіз сауда мəселесін тез арада шешуді тапсырды
Жасұлан Қыдырбаев спорттан сегіз жылға шеттетілді
Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада ел билігінің жоғары сатысында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Мұнан бөлек жергілікті жерлерде де тағайындаулар жүргізілді. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған тағайындауларға шолу жасайды.

Пікір білдірілген мақалалар