18 Наурыз 2016, 10:29

Ақмола облысында боранда жолда қалған адамдарды құтқару жұмыстары жалғасуда

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында соңғы бір тәуліктің ішінде 105 адам және 36 көлік қар құрсауынан шығарылды.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бірыңғай кезекші диспечерлік қызметі басқармасының басшысы Айвар Бұлқайыров айтты.

Оның айтуына қарағанда, өткен сәрсенбі күні облыс бойынша боранда жолға шыққан ­ 104 адам (оның 11 балалар) және 34 көлік­ қар құрсауынан құтқарылды. Нақтырақ айтсақ, Жақсы ауданында 9 көлік пен 32 жолаушы, Атбасар ауданында 7 көлік пен 28 жолаушы Бурабай ауданында 28 көлік пен 54 жолаушы шығарылған. Құтқару жұмыстарына «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің жеке құрамынан 30 адам және 11 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Кеше 17 наурыз күні құтқарушылар тағы 105 адам мен 36 техниканы қардан аршып алды.

«Көріну нашарлығына байланысты, қиын жағдайлар болғаны рас. Жолда қалған адамдардың барлығы төтенше жағдайлар қызметінің бұқаралық ақпарат құралдары және ұялы байланыс операторлары арқылы хабарланған ескертулерге құлақ аспағандар. Дегенмен, шұғыл қызметтер тиісті деңгейде көмек қолын созып, жолда қалған адамдар мен көліктерді құтқарып, дер кезінде көмек көрсетіп отыр», - деді Айвар Бұлқайыров.

Осы күндері дүлей боран Жақсы аудандық әскери комиссариатының 70 шаршы метр шатырын да жұлып түсірген. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Автор: Аслан Оспанов   
 Басты сөздер: Ақмола облысы , Оқиға , Басқа меморгандар , Төтенше жағдайлар комитеті
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

Елорданың 9 наубайханасы бәсекелестікті қорғау туралы заңды бұзу күдігіне ілікті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау  комитетінің департаменті бірінші сұрыпты ұннан бөлке нанды  көтерме сатушыларға қатысты тергеу амалдарын бастады. 

Пікір қалдыру

Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

АУА РАЙЫ: Солтүстікте, шығыста және орталық өңірде қатқақ жүріп, тұман түседі
Кәрім Мәсімов әлеуметтік желіге алғашқы ұстазының суретін жариялады
Олимпиада жүлдегері Горичева Қарағандыда балаларға жолы болмаған жандарды тыңдаудың қажеті жоқ екенін айтты
Астанада жеңіл көлік мүгедек адамды қағып кетті
Юлия Путинцева US Open чемпионатының екінші айналымында ұтылды
Ислам Каримов Өзбекстан халқын тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады
Сауд Арабиясында 10 мың имам қысқартылды
Өзбекстан Президенті Ислам Каримов ауруханада жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Президенті Ислам Каримов ауруханада жатыр.  Бұл туралы Өзбекстан үкіметінің ресми мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлады  Би-би-си.

Пікір білдірілген мақалалар