29 Ақпан 2016, 14:14

Қарағандылық дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері қарақшылық жасады деген күдікпен ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық полицейлер букмекерлік кеңселерге бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен  дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегерін ұстады. 

Бұл туралы облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Өткен демалыс күндері полицейлер облыс аумағында жасалған қарақшылық шабуылдар мен ұрлықтар сериясын жасаған күдіктілерді ұстау бойынша операция жүргізді. Тергеу-жедел тобына облыстың криминалдық полициясы, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы, ІІД аумақтық бөлімшелерінің үздік қызметкерлері кірді», - делінген хабарламада.

Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес екі күдікті ұсталды: олар 24 жастағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері мен 27 жастағы жұмыссыз ер адам. Спортшы Астанада, оның сыбайласы Теміртауда ұсталды.

«Екі күдікті де бес рет қарақшылық шабуыл жасағаны жайлы айғақты дәлел берді. Заттай айғақтар алынып, олардың осындай басқа қылмысқа қатыстылығының бар-жоғы тексерілуде. Ұсталғандар уақытша ұстау оқшаулағыышына қамалды, сот алды тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Шабуыл нысаны - букмекерлік кеңсе. Ұрылар бетперде киіп, персоналды  қарумен қорқытып, ақша ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап отырған.

 

 

 Басты сөздер: Қарағанды облысы , Қылмыспен күрес , ҚР ІІМ
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

Оралда жол апатынан қыз баланың қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше сағат 19.00-де Ә.Молдағұлова көшесі, 3-үйдің тұсында 1964 жылғы жүргізуші «Понтиак» автокөлігімен белгіленбеген жерден жолдан жүгіріп өтіп бара жатқан 2006 жылғы қыз баланы қағып кетті.

Пікір қалдыру

Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

Тағдырлас Жапония мен Қазақстанның алдында ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу сынды аса маңызды міндет тұр - М.Такисава
Головкин Бруктан кейін Сондерспен жұдырықтасқысы келеді
Ердоған парламент дауыс берсе, өлім жазасын қайтаруға уәде берді
АҚШ-та тұрған соңғы Кеңес Одағының Батыры дүниеден өтті
Үндістанның шығысындағы су тасқынында 156 адам мерт болды, 1,4 млн.-ға жуық адам зардап шекті
Британдық Ла-Манш арқылы 16 сағат жүзгеннен кейін қайтыс болды
Шахтинскідегі мерекеде шахтерлердің қажырлы еңбегі көрсетілді
Астанада белгіленбеген орындарда темекі шеккені үшін 12 мыңнан астам адамға айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері елордада белгіленбеген орындарда темекі шеккені үшін 12300-ге жуық құқық бұзушыларға айыппұл салынды, деп хабарлады Астана ІІД жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметі.

Пікір білдірілген мақалалар