20 Ақпан 2016, 06:37

Америкалық түрмеде 43 жыл жалғыз қамақта отырып бостандыққа шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Альберт Вудфокс 43 жыл жалғыз қамауда отырды, жақында ол бостандыққа шықты. Бұл туралы оның қорғаушысы хабарлады.

Осындай сот үкімі былтыр жазда жарияланған болатын. Сотталушылар - Альберт Вудфокс, Роберт Кинг пен Герман Уоллес «Анголалық үштік» деген лақап атпен белгілі, деп жазады Би-Би-Си агенттігі.

Үшеуін де сот «қарулы қарақшылық жасағаны» үшін айыпты деп таныған. Олар Луизиана штатындағы қатаң режімдегі түрмеге қамалған болатын.

Вудфокс 1972 жылы түрмеде бүлік шығып, күзетші өліміне айыпталған соң жалғыз қамаққа алынды. Кинг 2001 жылы, Уоллес 2013 жылы бостандыққа шығарылды. Олардың «үшеуі де жазықсыз қамалды» деп қоғамдық белсенділер түрмеден босатуға әрекет еткен еді.  

Вудфокстың қорғаушыларының айтуынша, ол АҚШ-та ең ұзақ мерзімде көлемі үш те екі метр камерда жалғыз отырып шыққан бірден бір адам.

 

 

 

 Басты сөздер: Әлем , Сот
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

Жерорта теңізінде кеме апатынан жүзге жуық мигрант із-түзсіз жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жерорта теңізінде сәрсенбі күні орын алған кеме апаты салдарынан жүзге жуық мигрант із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында. Бұл туралы Көші-қон мәселелері бойынша халықаралық ұйымнан хабарлады.

Пікір қалдыру

Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

Петропавлда жазғы демалыс кезінде 50 жеткіншек жұмыспен қамтылады
БОКС: Әлем чемпионатының ақтық сынына тағы бір қазақстандық боксшы қыз шықты
Жерорта теңізінде кеме апатынан жүзге жуық мигрант із-түзсіз жоғалып кетті
Грек ғалымы Аристотельдің қабірін тапты
27 мамыр күні республиканың кей аймағында жауын жауып, найзағай ойнайды
ОҚО: 240 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен Алматыға аттанды
Атырауда сот шешімімен Италия азаматы Қазақстаннан шығарылды
ТЕННИС: Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирін сәтті бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің алғашқы айналымында Қазақстанның бірінші, әлемнің 60-ыншы ракеткасы Юлия Путинцева дүниежүзілік рейтингте 514-інші орында тұрған канадалық Александра Вознякпен күш сынасты.

Пікір білдірілген мақалалар