13 Ақпан 2016, 12:04

Зика безгегі Қазақстанға да жетуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанға Зика безгегінің жетуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

 Бұл жайында Ж.Бекшин ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына берген жауабында айтқан.

Оның атап өтуінше, Қазақстан аумағы Зика безгегі ауруы бойынша эндемиялық өңір емес. Яғни, безгектің таралуы үшін табиғи орта жоқ. Зика безгегі адамнан адамға жұқпайды. Ол тропикалық және субтропикалық белдеулерде тіршілік ететін  Aedes egypti  масасы шаққан кезде адамдарға таралады.

«Осыған байланысты Қазақстан аумағында, сонымен қатар онымен шектесетін елдерде және Орталық Азия өңірінде масаның аталған түрі кездеспейді. Қазақстанда тіршілік ететін масалалар арасында Зика безгегінің таралу қаупі жоқ. Дегенмен, туристік белсенділік пен халық көші-қонының жоғары болуына орай инфекцияның келуі қаупі бар», - деді ол.

Қазақстан бас санитар дәрігерінің айтуынша, ел аумағына Зика безгегінің әкелінуінің алдын алу үшін туристік операторлармен жұмыстар жүргізілуде.  Олар Зика безгегі тараған елдерге сапарлайтын адамдарға, оның ішінде жүкті әйелдерде де вирустың қауіпті екендігін түсіндіруде. Бұған қоса Қазақстанның мемлекеттік шекараларында шетелден келген адамдарды санитарлық-карантиндік бақылау жүргізілуде.

«Зика безгегіне қарсы дәрінің және емінің болмауына байланысты Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті шет елдерге сапар жоспарлау барысында ұсынылған ақпаратты ескеруге және әсіресе жүкті әйелдерде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанға дейін Зика безгегі тараған елдерге мүмкіндігінше сапарын кейінге шегеруге кеңес береді», - деді Ж.Бекшин. 

 

 

Автор: Марлан Жиембай      
 Басты сөздер: Қоғам , Медицина , ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

Қайрат Нұртас автобус жолаушыларымен бірге Қазақстанның әнұранын шырқады (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас бейнежазбасын жариялады, Instagram-дағы парақша бірнеше сағаттың ішінде 100 мыңнан астам көрілім және қошемет жинады.

Пікір қалдыру

Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

Бәйдібек ауданында Англияның асыл тұқымды сиыры өсіріліп жатыр - ОҚО
БҚО әкімі Қаратөбе ауданының тыныс-тіршілігімен танысты (ФОТО)
БҰҰ 60 мың сириялыққа гуманитарлық көмек жеткізді
Қазақстандық командалардың Еуропа лигасында алғашқы кездесулерін өткізетін уақыт белгілі болды
Еуро-2016: Португалия құрамасы ширек финалға шықты
С.Сейфуллин негізін қалаған мектеп ғасырлық мерейтойына әзірленуде
Астанада журналистер арасында шағын футболдан турнир өтті (ФОТО)
Жоғарғы Сот Төрағасы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми БАҚ басшылары мен қызметкерлерін, соттардың баспасөз қызметінің мамандарын кәсіби мереке - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.  

Пікір білдірілген мақалалар