23 Қаңтар 2016, 08:19

Батысқазақстандық әнші жастардан жаңа «ТАУАН» тобы құрылды (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазақ эстрадасында жаңа «ТАУАН» тобы құрылып, сахна төрінен көріне бастады.

Астана қаласында тұратын топ продюсері, теледидар саласында тәжірибесі бар, «Хабар» агенттігі көрерменге ұсынған «Жігіт сұлтаны», «Ду думан», «Айбын» сынды ірі жобаларға продюсерлік еткен Асқар Мағзұмовтың айтуынша, «ТАУАН»  «биікке бекіну, тау асу, шыңға өрлеу» дегенді білдіреді, топты құрудағы межелі мақсат та осы - «ән өлкесінің биік белестерін бағындыру».

Топ құрамындағы жігіттердің екеуі де - Батыс Қазақстан облысынан. Саржан Айымбек Қазталов ауданында өмірге келсе, Армат Амандықов - Қаратөбенің тумасы. Қарап отырсақ, екеуінде ән айтудан өзге де сәйкес дүние көп. Екеуі де ел Тәуелсіздігінің ақ таңында өмірге келген, екеуі де отбасындағы екі баланың бірі тұңғышы, бірі кенжесі, екеуінің да аналары балабақшада қызмет етеді, екеуінің де әкелері - қолынан домбыра түспеген дәстүрлі әннің өкілдері.

Айымбек Қазталов орта мектебін бітіріп, М.Өтемісов  атындағы БҚМУ-дің тарих факультетін тәмамдаған. Алайда бала кезінен әнге деген құмарлығы оны өнер әлеміне алып келді. Бұл салада өз өнерімен талай бәйгеде бақ сынап, топ жарып үлгерді. 2011 жылы облыстық «Дала дарындары» байқауының  екінші орынды еншілесе, 2012 жылы халықаралық «На Николаевской 2012» фестивалінің бас жүлдегері. 2013 жылы Е.Хасанғалиев атындағы халықаралық «Атамекен» байқауында жүлделі үштіктің қатарынан көрінсе, 2014 жылы К.Дүйсекеев атындағы «Туған  жер» республикалық ән байқауында арнайы жүлдеге ие болды. 2015 жылы өткен Б.Оралұлы атындағы «Жерім менің»  деп аталатын халықаралық бәйгеде бірінші орынға көтерілді.

Армат Амандықов та -  бала күнінен өнердің ортасынан табыла білген дарын иесі. Орал қаласындағы  дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінде домбыра сыныбын ұстазы Асқар Кенжеғалиевтан тәмамдайды. Бұл жолда биік белесті мақсат тұтқан Армат армандарын арқалап, Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетіне оқуға түседі. Іргелі оқу ордасында «музыкалық драма театры актеры» мамандығы бойынша талай дарынды тәрбиелеген ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Әлімбек Оразбеков, Қадыр Қашқабай сынды өнер майталмандарынан тәлім алады. Актер ретінде тұсаукесер жобалары да жоқ емес. «Хабар» агенттігінің тапсыры бойынша 2015 жылы Тәуелсіздікке тарту ретінде ұсынған ресжиссер Мұрат Бидосовтың «Ақылдың кілті» телеэпопеясында Мергенбайдың рөлін сәтті сомдайды. Ал мектеп оқушысы кезінде көптеген ән-күй бауқауларында бақ сынаған. 2009 жылы «Күйші Дәулеткерей» республикалық  байқауында дипломант атанса, 2010 жылы облыстық «Әлия - Мәншүк» патриоттық әндер конкурсында бас жүлдені иемденеді. Көптеген респуликалық ән байқауларында да бақ сынайды. 2013 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасы ұсынған «Қазақстан дауысы» жобасына қатысып, Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студиясында» музыкалық топтың солисі ретінде тәжірибе жинақтады.

«Арман жолына деген сапарларын жігіттер батысқазақстандық ақын, тележурналист Мұнайдар Балмолданың сөзіне жазылған Рауль Бишаевтың әні «Арман жолымен» бастады. Басқа тың туындыларды да жарыққа шығару жоспарлануда. Қазірдің өзінде концерттерге қатысып, әндерін халыққа ұсынып үлгерген топқа халықтың, әсіресе, жастардың ықыласы ерекше болды», деді А.Мағзұмов.

Айта кетейік, Асқар Мағзұмовтың өзі де Батыс Қазақстан облысынан. Талай талант түлеп ұшқан тарихи Бөкей ордасы ауданында туып-өскен.

null 

null 

null 

null 

null 

null  

Автор: Елжан Ералы
 Басты сөздер: Мәдениет , Батыс Қазақстан облысы
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

Қазақстанның жаңа кезеңі Ата заңнан бастау алады

ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Биыл тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр толатын Қазақстанның жаңа кезеңі Ата заңнан бастау алады. Бұл туралы Салтанат сарайында Конституция күніне арналған «Конституция - мемлекеттің негізгі заңы: өткені, бүгіні мен болашағы» атты конференцияда айтылды.

Пікір қалдыру

мирболат 23.01.2016
Саттілік бауырларга биіктен корине бериндер
Эльмира 23.01.2016
Жарайсыңдар жігіттер!Алмас кездік қап түбінде жатпайды. Алға!
Мұнайдар Балмолда 23.01.2016
"Тауанның" ауанында біздің әндеріміз бары да рас. "Арман жолы" атты әніміз,Рауль Бишаев екеуміздің, аталған топтың паспортындай болған. Топ топжарсын!!! Биіктерден көрінсін!!! Қазақ эстрадасы аспан шыңында тауандай, арқардай болсын!!!
Тимур 23.01.2016
Алға, "ТАУАН"!
Әдемі 23.01.2016
"ТАУАН"-ның тауы қайтпасын!
Айжан 06.06.2016
Саттилик тилеймин.Жарайсындар!
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

Көкшетауда 280 орындық балабақша ашылды
Италияда жер сілкінісінің құрбандары 300-ге жуықтады
Түркияда әйел-полицейлерге хиджаб киюге рұқсат берілді
Жексенбі күні Қазақстанның солтүстік аймақтарында өткінші жаңбыр жауады
Әділбек Ниязымбетов үйленбекші
Павлодар полицейлері тұрмысы төмен отбасыларының 100 баласын мектепке әзірледі
ОҚО құтқарушылары мемлекеттік тіл сайысын өткізді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, тілдің мәртебесін арттыру, мемлекеттік тілді жетік меңгерген қызметкерлерді ынталандыру және көтермелеу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқау өткізілді.

Пікір білдірілген мақалалар