15 Қаңтар 2016, 18:11

Елбасы Жарлығымен 1 наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 

 Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң

 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы



«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 

13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес                    ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы
№ 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1,
1-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердің тізбесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Алғыс айту күні - 1 наурыз»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Геолог күні - сәуірдің бірінші жексенбісі».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Президенті    Н.Назарбаев

  Астана, Ақорда, 2016 жылғы 14 қаңтар

 № 173

 

 

 Басты сөздер: Ақорда , Қазақстан Президенті
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

Н.Назарбаев Семей полигонын жабу арқылы өте күрделі де қиын мәселеге нүкте қойды - Е. Пивовар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигонын жабу туралы шешімі арқылы өте күрделі де қиын мәселеге нүкте қойды. Бұл туралы  Ресей Мемлекеттік гуманитарлық университетінің президенті, Ғалымдар кеңесінің төрағасы Ефим Пивовар мәлім етті.    

Пікір қалдыру

Ердана 15.01.2016
Сонда, немене ге Алгыс айтамыз? Ким ге?
Нұрым 16.01.2016
Сонда бұл ресми мереке болды ғой? Тамаша! Бізге сыйақы беріле ме екен? БАстығыма үлкеееен алғыс айтар едім)))
Дария 16.01.2016
Жақсы белгіленген екен. Әсіресе Елбасымыздың қазақ халқына алғыс айтатын күн туралы айтқаны ерекше сезімге бөледі. Біздің ата-бабаларымыз барын бергеннің арқасында тірі қалған ғой. Небір зұлматты өткерді ғой.
Ағжан 16.01.2016
Нұрсұлтан аға, ең алдымен өзіңізге алғыс айтамын. Аллаға шүкір аспанымыз ашық, ертеңіміз анық. Алла тағала қуат берсін. еліміз аман болсын. Алғыс! Алғыс!
Асан 20.02.2016
Тамаша,Нұрсұлтан аға,сізге рахмет!!!
Зухра 22.02.2016
Бұл мерекені наурызға тіремей ақпан айына қойса да болар еді. Бәрін біріне бірін қабаттастырп. Желтоқсан айында да солай.
Темирбекова Гулжан 22.02.2016
Ен алдымен Елбасы Нур агага алгысым шексиз.Бул мереке кеширимди болуга шакырады.Барлык адамдар алгыс айта бермейди.Сол ушин де бул мереке керек
кенжеш 24.02.2016
Алага шукир барша казакстандыктар рахмет ойткени казак деген халыктын барына
Мико 25.02.2016
1 Наурыз демалыспа енді ?
Эльмира Ақниязова 26.02.2016
Нұрағамыздың сарабдал саясатының арқасында өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп жатыр. Қазақ елінің күнтізбесіне тағы бір мереке қосылды. Əрқашан аспанымыз ашық болсын! Мың алғыс саған Елбасы!
жанар 26.02.2016
Жаксы
Ойлайтын адам 27.02.2016
акымак, адаскан макулыктар. Сорылы казак. Силекейлерин жан жакка ушып кетпесин
гульнар 28.02.2016
Елбасын колдаймын елимизде бирлик мен турактылык орнасын
Мухаммеджан 28.02.2016
Жақсы рахмет демалыс болса тіпті жақсы болар еді
Нурасыл 28.02.2016
Бұл мереке атаулы күн бе немесе осы күні демалыс беріледі ме?
Дана Толеген 28.02.2016
Алгыс Алгыс Ракмет барлыгына
Дария 29.02.2016
Елбасына көп-көп рахмет. Біздің елдегі тыныштық үшін. Туыстарыма, достарыма, балаларыма, ұжымға алғыс, менімен бірге болғандары үшін.
Айнур 29.02.2016
Салеметсизбе Нурсултан ага! Сизге алгысым шексиз. осы елимиздин тыныштыгын ойлап, достыкка, шаттыкка болеп, бизбен ортактасып халкымызды биринен бирин болмей тен корип, колдап жургенинизге коп коп рахмет!!!!!
Бибі омарова 29.02.2016
Барлықтарыңызға алғыс айтамын. Нұрсұлтан аға бүгінгі күнді осылайша жариялағаныңызүшін мың алғыс. Халқыңыз дың тыныш тығын ойлағаныңыз үшін мыңжасаңыз.мен өзіңіз бен біргемін.
арайлым 29.02.2016
Салеметсиздерме мен Нурсултан агага алгыс айткым келеди.Осы халқымызды тыныштандырып отқаныныз ушин.Осы дуниеге келгеним ушин Аллаға шукир!
Ербол 29.02.2016
Барлыгына алгыс!
Жемис 29.02.2016
Я мен елбасына алгысым шексиз денинизге саулык узак гумыр тилеймин
Сара 01.03.2016
Негізі өте дұрыс идея.Алғыс айту керек адамзат бәріне..
Самал 01.03.2016
көктемнің алғашқы күніне өте керемет мереке, демалыс, сыйақы берілмесе де Алланың осы бейбіт күнді, осы өмірді бергеніне рахмет, Елімізге шексіз еңбек сіңірген елбасымызға рахмет, өткен ата-бабаларымызға рахмет, қазіргі қалың елімізге рахмет, барша жақсыларға барлық игі істеріне рахмет, осы өмірде тек бір-бірімізге жақсылықтарымыз үшін рахмет айтып ғұмыр кешейік!РАХМЕТ!
Жаннат 01.03.2016
Уақытты байқамадық зырғып өткен, Қар еріп келіп қалды нұрлы көктем. Наурыздың ең алғашқы күніменен, Құттықтап қояйншы шын жүректен!!!
марияш 02.03.2016
елбасымызға мың да алғысым шексіз
марияш 02.03.2016
елбасыма мың да алғыс.өмірі ұзақ болсын !
Аят 03.03.2016
Оте жаксы
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

Дәрігерлер неге ақ түсті халат киеді?
Павлодар полицейлері тұрмысы төмен отбасыларының 100 баласын мектепке әзірледі
Назым Қызайбай енді олимпиадалық салмақ дәрежесінде өнер көрсете алады - В. Присяжнюк
Е.Ларионова Токио олимпиадасына дайындалатын болады - жеке бапкер
Көкшетауда 280 орындық балабақша ашылды
Облыс әкімі Екібастұз қаласының ауруханасына арнайы жабдық алуға 300 млн. теңге бөлуге сөз берді
Жексенбі күні Қазақстанның солтүстік аймақтарында өткінші жаңбыр жауады
АУА РАЙЫ: Бейсенбіде ел аумағында күн ашық болады


АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 тамызда еліміздің аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек солтүстік-шығысының кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Пікір білдірілген мақалалар