10 Қараша 2015, 17:17

Жаңа жылдан бастап дәрігерлер мен ұстаздардың жалақысы 29%-ға дейін өседі - Т.Дүйсенова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жылдан бастап денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы 7%-дан 28%-ға дейін, ұстаздардың еңбекақысы 15%-дан 29%-ға дейін, мəдениет, спорт саласында, ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген азаматтардың жалақысы орташа есеппен 40%-ға дейін өседі. Бұл туралы бүгін Астана қаласының əкімдігінде жұмысшы топқа жаңа Еңбек кодексінің нормаларын түсіндіре отырып, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мəлім етті. 

"2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметшілердің жаңа еңбекақы жүйесін енгізгелі отырмыз. Бұл жүйені енгізу - Мемлекет басшысының тапсырмасы. Осы жаңа жүйеге сəйкес, денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы 7%-дан 28%-ға дейін, ал білім саласында жұмыс істейтін азаматтардың еңбекақысы 15%-дан 29%-ға дейін, мəдениет, спорт саласында, ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген азаматтардың жалақысы орташа есеппен 40%-ға дейін өседі", - деді журналистердің сұрағына жауап берген министр.

Т.Дүйсенованың айтуынша, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі əлеуметтік қызметкерлерді төрт категорияға бөліп қарастырады.

"Жалпы, бұл жүйе 2010 жылдан бастап дайындалған жүйе. Жүйе нақты қандай өзгерістер əкелді дегенге келсек, қазір қолданыстағы жүйеде дəрігер болсын, мұғалім болсын, əлеуметтік қызметкер болсын, олардың еңбек өтілі бірдей болса, олар бір категорияда тұратын. Яғни, еңбекақысы бірдей есептелетін. Бірақ əр саланың өз ерекшелігі бар, жұмыстың көлемі бар. Сондықтан жаңа жүйеге сəйкес, еңбекақыны біз төрт функционалды блокқа бөлдік. Яғни, білім саласын бір блокқа, денсаулық саласын басқа блокқа бөлдік", - деп түсіндірді министр.

Автор: Кенжекей Тоқтамұратқызы
 Басты сөздер: Әлеуметтік қолдау , ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

Қазақстанда «медбике ісін» ЖОО-ларда оқытады - Т.Дүйсенова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда медициналық медбикелерді финдік модель бойынша жоғары оқу орындарында оқытады, деп мәлімдеді Министрлік жанындағы азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес алдында есеп берген ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова.

Пікір қалдыру

Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

Алматыда өзен арналары кеңейтіліп, қоқыстан тазартылуда
Тынық мұхиты пластик қоқыстардан тазартылады
Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды
Стамбулдың халықаралық әуежайында екі дүркін жарылыс болды
WADA Алматы антидопингтік зертханасының жұмысын тоқтатты
АУА РАЙЫ: Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сақталады
Республикалық телеарналар Қазақстан Президенті туралы жаңа деректі фильмді көрсетеді (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 шілде күні «КТК» және «Хабар» телеарналары Қазақстан Республикасының Президенті туралы - «Елбасы» атты жаңа деректі фильм көрсетеді. Тележүргізуші Ярослав Красиенко Инстаграм-дағы жеке парақшасында деректі фильмнен үзінділер жариялады. 

Пікір білдірілген мақалалар