Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -3 °С
Алматы: 4 °С
USD 325.79 EUR 402.94
RUB 5.33 CNY 51.90
Жаңалықтар

Алматыда үздік мұнайшылар «Асыл еңбек» орденімен марапатталды

2015 жылғы 8 қазан 12:58 868
Бөлісіңіз:

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда мұнай сервисі саласының дамуына айрықша үлес қосқан азаматтар «Асыл еңбек» орденімен марапатталды. 

Халықаралық KIOGE-2015 «Мұнай және Газ» конференциясы барысында өткен марапаттау рәсімінде «KazService» Қазақстанның сервистік компаниялары одағының төрағасы Алмас Құдайберген бұл орденнің тұңғыш рет ресми түрде белгіленгенін мәлім етті.

«Мұнай сервисі саласының дамуына баға жетпес үлес қосып келе жатқан мамандардың еңбегін бағалау үшін біз «Асыл еңбек» ордені мен  «Мұнай сервисі саласының дамуы үшін» медалін тағайындаған едік. Біз медальдарды қызметкерлерге таратып қойдық. Ал енді алғашқы бес құрметті қызметкерімізге осы «Асыл еңбек» орденін табыстаймыз», - деді А. Құдайберген.

Осыдан кейін, Қазақстанның сервистік компаниялары одағы төралқасының төрағасы  Рашид  Жақсылықов осы саланың дамуына үлес қосқан бес құрметті азаматты «Асыл еңбек» орденімен марапаттады. Олардың ішінде ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев те бар.

Айта кетелік, «ҚазСервис» одағы елімізде мұнай және газ саласында қызмет көрсететін 120-дан астам сервистік компанияны біріктіреді. Бұл салада бүгінгі таңда 200 мыңнан астам еңбек етеді. Одақтың мақсаты - мұнай-газ саласында қызмет көрсететін қазақстандық компаниялардың мүддесін қорғау.

 

 


Басты сөздер: Алматы, Мұнай-газ,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат