Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -21 °С
Алматы: -7 °С
USD 319.42 EUR 400.04
RUB 5.66 CNY 50.35
Жаңалықтар

Қазақстандық іскер әйел Нью-Йоркте арнайы марапатқа ие болды

2015 жылғы 12 наурыз 22:45 809
Поделиться:
Қазақстандық іскер әйел Нью-Йоркте арнайы марапатқа ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте екіжақты ынтымақтастықты нығайтып жүрген шетелдің үздік өкілдері анықталды. Қазақстан елшілігінің бастамасымен осымен бесінші мәрте өткен шарада қазақстандық іскер әйел арнайы марапатқа ие болды, деп хабарлады www.24.kz.

Хорватиялық Неда Янг, индонезиялық продюссер Ин Пурванти, румын ханшайымы Марина Струдз, мексикалық Марсела Орвананос және өзге де 15 елдің өкілдері Нью-Йорк сыйлығының иегері атанды. Оқ бойы озық шыққандар қатарында қазақ қызы да бар. АҚШ-тағы ірі компанияның вице-президенті, Мәскеу халықаралық қатынастар институтының түлегі, іскер ханым Айя Төлемағанбетова қоғамдық шараларға белсене қатысады. Инвестициялық форумдар, гендерлік саясатты дамыту және зардап шеккендердің құқығын қорғау тақырыбындағы конференциялар мен қайырымдылық шаралары оның күнделікті жұмысына айналған. Қызмет пен отбасын қатар алып жүрген 4 баланың анасы бүгінде сүйікті әже атанып отыр.

«Біздің елді әлемге танытып жүрген нәзікжандыларды көргенде, қатты қуанамын. Олардың қатарында жүрген дәрігерлер, инженерлер, сәулетшілер, заңгерлер, бизнесмендер «мен қазақстандықпын» деп мақтанышпен айта алады. Біз әлемнің қай қиырында жүрсек те, «Қазақстан» ұғымы біздің жүрегіміздің түкпірінде. Қандай қызмет атқарсақ та, не істесек те бізге артылған жауапкершілікті сезінеміз. Сондықтан бұл тек менің ғана емес, елімнің марапаты дер едім, деді  арнайы сыйлық иегері Айя Төлемағанбетова.

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат